«5В051100 – маркетинг» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет203/441
Дата30.05.2020
өлшемі1,82 Mb.
#71705
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   441
Байланысты:
tipovye uchebnye programmy distsiplin po spetsialnosti 5v051

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ 
 
Кіріспе 
Курс  мақсаты  –  маркетингтік  басқарудың  теориялық  негізі  мен 
тұжырымдамасын  оқу,  сонымен  бірге  оны  тәжірибелік  әрекетте, 
стратегиялық және тактикалық деңгейде қолдана білу. 
Оқытылатын пәнді игеру барысында алдыға қойылған мақсатқа жету 
үшін келесі міндеттерді шеше білуі тиіс

маркетингті  басқарудың  мәнін,  қызметін  және  қағидаларын, 
маркетингтік басқару әрекетінің құрылымы мен ұйымдастыру нысандарын 
анықтау; 

маркетинг  қызметін  ұйымдастыру  құрылымының  түрлерін, 
оларға қойылатын негізгі талаптарды анықтау; 

маркетинг-микстің  негізгі  құраушылары:  тауар,  баға,  тарату 
және  жылжытуды  басқаруды  маркетингпен  басқару  процестерінде 
қарастыру; 

маркетингті  басқару  процессінің  негізгі  қызметі:  маркетингтік 
жоспарлау,  маркетингтік  ұйымдастыру,  маркетингтік  бақылау  және  т.б. 
оқу. 
Маркетингті  басқарудың  зерттеу  объектісі  бұл  меншік  түріне,  типіне, 
мақсаттары  мен  қызмет  сферасына  тәуелсіз  анықталатын  кез-келген 
әлеуметті-экономикалық  жүйе  (ұйым,  фирма,  кәсіпорын,  корпорация  және 
т.б.). «Маркетингті басқару» курсының зерттеу пәні – бұл экономиканың кез-
келген  салаларындағы  маркетингті  басқарудың  қағидалары,  құралдары, 
элементтері,  формалары  мен  әдістері,  сонымен  қатар  тауарлар  мен 
қызметтердің  сұранысы  өсіп  отырған  жағдайда  стратегиялық  және 
тактикалық маркетингтік шешімдерді қабылдау үрдісінің әдістемесі.  
Маркетингті  басқарудың  теориясы  мен  практикасының  дамуы 
маркетингтің  ғылыми  пән  ретінде  дамуы  және  қалыптасуымен  тікелей 
байланысты. 
Маркетинг  –  ХХ  ғғ.  Ортасында  АҚШ  пен  Жапонияда  пайда  болған 
басқару  және  бизнеспен  байланысты  ең  жас  ғылым  салаларының  бірі. 
Қазіргі  уақытта  басқарудың  маркетингтік  принциптері  табысты 
компаниялардың әрекеттерінің негізін құрайды. Алғашқы кезде маркетинг 
тауардың  өтуін  ынталандыру,  жарнама  және  жылжыту  сұрақтарын 
қарастырды:  маркетинг  әдістерін  теориялық  негіздеу  кәсіпорынды 
басқарудың  белгілі  философиясына  және  тұтынушылардың  толықтай  бір 
сегментінің  қажеттілігін  қанағаттандыруды  табуға  алып  келді.  Бұндай 
әрекет  басқару  шешімдерін  қабылдаудағы  жоспарлау,  ұйымдастыру, 
басқару  және  бақылаудың  қабылданған  жоспардағыдай  дәл  орындалуын 
талап етеді. 
Маркетингті 
басқарудың 
ғылыми 
пән 
ретінде, 
маркетинг 
саласындағы  кәсіби  білім  алудың  негізгісі  болып  табылады.  Фирманы 
басқару  құрылымында  маркетингтік  басқару  кәсіпорын  әрекетіндегі 
стратегиялық  жоспарды  жүзеге  асырудағы  негізгісі  болып  табылады.  Бұл 


118 
 
білікті  маманның  маркетинг  саласындағы  басқару  әрекеті  мен  әдістерін 
фирманың  және  өнімнің  бәсекеге  қабілеттілігін  ұзақ  кезеңге  құрып 
пайдалана алу керектігімен анықталады. 
Маркетингті  басқару  –  бұл  бар  және  әлеуетті  сатып  алушыларға 
тауарларды  әзірлеу,  бағақұру,  тауарларды  жеткізуді  ұйымдастыру  мен 
жоспарлауға бағытталған іс-шаралар кешені. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   441




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет