Байланысты: tipovye uchebnye programmy distsiplin po spetsialnosti 5v051
Капитал нарығы және жер нарығы. Капитал ұсынысы. Уақытаралық бюджеттік шектеу және уақытаралық
артықшылықтар. Ағымдағы уақытта келешек табысты бағалау. Адам
капиталына салынатын инвестициялар.
Капитал салымының шектік өтемділігі. Инвестицияны есептеудегі
дисконтталған құн. Инвестицияға сұраныс. Қарыздық құралдардың ұсынысы.
Капитал нарығында бағаны орнату.
Жер – айрықша экономикалық ресурс ретінде. Жер ұсынысының
ерекшеліктері. Ауыл шаруашылығына арналған жерлерге сұраныс. Жер
бағасы және жалдау ақысы.