Шамалар арасындағы тәуелділіктің графигі дегеніміз координаталық жазықтықтағы абсциссасы тәуелсіз айнымалы шамалар мәндері, ал ординатасы оған сәйкес тәуелді айнымалы шамалар мәндері болатын нүктелер жиыны.
Егер шамалардың тәуелділік графигі берілсе, онда график бойынша бір шаманың берілген мәніне сәйкес екінші шаманың мәнін табуға болады.
1-мысал. 1-суретте сәбіздің құнының оның массасына тәуелділігін былайша сипаттауға болады:
формуламен: C= 100n;
кестемен:
t (сағ)
|
0
|
1
|
2
|
3
|
s(км)
|
0
|
100
|
200
|
300
|
графикпен:
Ауа райын бақылау (метерологиялық) мекемелерінде арнайы құрал – термографпен ауаның тәулік ішіндегі температурасының графигін сызып бақылайды.
|
2-мысал. 2-суреттегі берілген график ауа температурасының бір тәуліктегі өзгерісін көрсетеді.
Графиктен бір тәулік ішіндегі ауа-райының қалай өзгергендігін бақылайық.
Ол үшін координаталық жазықтықта бір тәуліктегі сағат абсциссасы, оған сәйкес ауа көрсеткіші ординатасы болады.
2-сурет.
1) Сағат 2-де, 11-де және 22-де ауа температурасы 0°C болды.
2) Сағат 6-да ең төменгі температура - 4,5°C көрсетті.
3) Сағат 15.00-де ең жоғарғы температура +6,5 °C көрсетті.
4) Сағат 6-дан 16-ға дейін ауа температурасы жоғарылаған.
Демек, сағат 16-дан кейін ауа райының көрсеткіші қайта төмендеген.
Дәрігер жүрек соғуының графигі – кардиограмма арқылы жүрек ауруларын зерттейді, ал экономистер белгілі бір өнім түрінің өзгеріс графигін зерттеп отырады.
Жер қабатының қозғалысын бақылауда, халықшаруашылығында, ғылымда, зерттеу, бақылау жұмыстарында график кеңінен қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |