6 Апта. Отбасы және қазіргі заман


Отбасы әлеуметтік топ ретінде



бет2/26
Дата07.02.2022
өлшемі45,15 Kb.
#85795
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Апта 6. лек. Отбасы және қазіргі заман

Отбасы әлеуметтік топ ретінде. Отбасы — ежелден қалыптасып қана қойған жоқ, сонымен бірге қоғамның әлеуметтік құрылымының негізгі элементтерінің біріне айналды. Отбасы ерлі-зайыптылардың арасындағы, ата-ана мен балалар арасындағы, басқа да туыстық тұрпаттағы қарым-қатынастарды негіздей отырып, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуына орай қоғаммен, мемлекетпен тығыз органикалық байланыста болады.
Отбасының пайда болуы және даму түрлері. Отбасы тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік құбылыс, себебі формасы өндірістік қатынастарға, оның ішінде меншіктік қатынастарға тікелей тәуелді. Мәселен, некелік қатынастардың алғашқы тарихи формасы полигамия, ал өндіріс құрал-жабдықтарына жекеменшіктің пайда болуына байланысты ол моногамиялық отбасымен ауысады. Адамдардың өндіріс тәсіліне сәйкес отбасы да әлеуметтік топ ретінде тарихи өзгеріп, дамып отырады. Отбасының тарихи дамуының ғылыми-материалистік теориясын жасай отырып, Ф.Энгельс американдық ғалым Льюис Морганның (1818-1881) этнологиялық зерттеулерін пайдаланады. Морган ұзақ уақыт бойы солтүстік Американдық үндістер-ирокездердің Сенека тайпасында тұрып, жүргізген байқауларын, атап айтқанда, олардың туысқандық және отбасылық қатынастарына жасалған эерттеулерінің нәтижесін пайдаланды.
Морганның зерттеулерінде негізделген жорамалдар бойынша, адамзат қоғамы тарихының бастапқа кезегінде адамдар арасындағы жыныстық қатынастарға ешқандай шек қойылмаған-үлкендер мен жастар, балалары мен ата-аналары қатынаса берген. Бұл жабайы жартылай жабайы кен болған. Морганның және басқалардың зерттеушілердің дәлелдеуіне қарағанда, отбасылық қатынас промискуитет деп аталатын бұл кезеңнен кейін бір қандастар отбасы – синдиасмикалық отбасы және моногамдық отбасы кезеңдерінен өткен.
Отбасында пайда болып, тұрақты орныққан әлеуметтік жағдайды сараптау, оның мән-мазмұнын ашу, сонымен бірге сол ортадағы әке мен шешенің, олардың ұрпақтарының алатын орнын, рөлін, отбасының ішкі құрылысын, атқаратын функциясын және т.б. зерттеу әлеуметтану ғылымының алға қояр аса маңызды талаптары.
Отбасы — белгілі бір әлеуметтік нормалар, санкциялар, мінез - құлық (жүріс-тұрыс), құқық және міндеттер үлгілерімен, ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастарды реттеушілікпен сипатталатын әлеуметтік институт болып табылады.
Сонымен қатар отбасы — некеге немесе қаны бір туыстыққа негізделген, ал оның мүшелері тұрмыстың ортақтығымен, өзара жауапкершілікпен және өзара көмек көрсетумен байланысқан шағын төп. Неке отбасындағы қатынастарды қалыптастырушы болып саналады.
Некенің маңызды принциптері бар. Олардың қатарына жар таңдау еркіндігі, сүйіспеншілік, өзара сыйластық, т.б. жатады.
Қоғам некелік байланыстардың нығаюына, отбасының тұрақтылығына мүдделі. Мемлекет отбасына өзінің отбасы және неке туралы заңдарымен ықпал етіп, отбасы мүшелерінің бір-бірімен және олардың коғаммен, мемлекетпен қарым-қатынастарын реттеп отырады.
Отбасы көптеген коғамдық ғылымдардың: әлеуметтанудың, экономиканың, құқықтанудың, этнографияның, психологияның, педагогиканың, саясаттанудың және демографияның зерттеу объектісі болып саналады. Олардың әрқайсысы өз пәндерінің ерекшеліктеріне орай отбасының өмір сүруі мен дамуының ерекше жақтарын жете зерттеп қарастырады. Мысалы, әлеуметтану отбасына талдау жасағанда ең алдымен оны некенің негізінде құрылған және белгілі бір әлеуметтік қызметтерді атқарушы әлеуметтік институт ретінде қарастырады, сөйтіп некенің тұрақты немесе тұрақсыздығының себептерін және отбасын нығайтудың жолдарын зерттеуге көңіл аударады. Осыдан келіп әлеуметтік институт пен шағын әлеуметтік топтың белгілерін әз төңірегіне жинақтаған отбасының пайда болуы, оның өмір сүруі мен дамуы заңдылықтарын зерттейтін әлеуметтанудың тағы бір саласы — отбасы әлеуметтануы қалыптасты.
Отбасы әлеуметтануы екі бағытта дамып келеді. Оның бірінші бағыты бойынша отбасының тарихы зерттеледі, оның шығуының әлеуметтік заңдылықтары талданады. Екінші бағыт әлеуметтік институт ретіндегі (отбасы мен қоғамның өзара әрекетін талдау) қазіргі отбасының қалпын және шағын әлеуметтік топ ретіндегі (отбасы ішіндегі қатынастарды зерттеу) жағдайын зерттейді.
Әлеуметтік институт тұрғысынан отбасыны қарастырғанда неке - отбасы қатынастары саласындағы қоғамдық сананың қалыптасуына, әр түрлі жағдайдағы халықтың қайсыбір топтарының отбасылық тәртібіне жалпылама сипаттама беруге, отбасының негізгі міндеттерін жүзеге асыру тиімділігіне және т.б. баса назар аударылады.
Отбасын шағын әлеуметтік топ ретінде зерттегенде қазіргі отбасының даму кезеңдерінің, құрылымдарының және атқаратын қызметтерінің қалыптасу жағдайлары, әке-шеше мен олардың ұрпағының арасындағы өзара қарым-қатынас, отбасындағы міндеттерді әркімге бөлу, ажырасудың себептері мен мотивтері және т.б. осындай мәселелер қарастырылады.
Әлеуметтану отбасының функцияларына, отбасы саласындағы келеңсіз құбылыстарға (ажырасу санының артуы, көптеген отбасыларының дүниеге бір ғана нәресте әкелуге бағыт ұстануы, жалғыз бастылардың санының өсуі, т.б.) талдау жасауға да үлкен көңіл аударады.
Әлеуметтік тұрғыдан алғанда отбасы белгілі бір вокалдық құрылымы және атқаратын әлеуметтік кызметтерінің ерекшеліктері арқылы сипатталады.
Отбасының вокалдануы — бұл тек туыстық қарым-қатынастармен шектеліп қалмай, туыстардың бірлесе өмір сүретіндігін де мойындайды, сондықтан олардың тұрмысында ортақ элементтердің болуы, отбасы мүшелерінің экономикалық өзара көмек көрсетуі үнемі ұшырасып тұрады. Бұл тұрғыдан алғанда отбасын қоғамның экономикалық ұясы ретінде қарастыруға болады.
Отбасының құрылымы - бұл оның негізгі элементтерінің тұтастығын қамтамасыз ету тәсілі болып саналады. Отбасының құрылымы мен тәртібі, өмір салты, дәстүрі, өзге отбасыларымен және қоғаммен өзара қарым-қатынастары бір-бірімен тығыз байланысты екені рас.
Отбасылары коғамдық басқа да институттар іспетті белгілі бір функциялар атқарады. Отбасының функциясы дегеніміз оның белгілі бір әлеуметтік салдары бар кызметі. Өзге институттардың атқаратын міндеттерінен мұны жеке-дара бөліп көрсету үшін отбасы қызметін ерекшелікті және ерекшеліксіз деп ажыратады. Отбасының ерекшелікті кызметтері оның отбасылық мәнінен келіп шығады және қоғамдық құбылыс ретінде отбасының ерекшеліктерін бейнелейді, ал ерекшеліксіз кызметтер белгілі бір тарихи жағдайға орай еріксізден немесе бейімделуден туындайтын отбасының міндеттері. Отбасының ерекшелікті қызметтеріне:
- халықтың ұдайы өсіп-өнуі, яғни дүниеге нәресте әкелу;
- балаларды асырап, сақтау (экзистенциалды);
- балаларды тәрбиелеу (әлеуметтенді) жатады.
Бұл кызметтер коғамның әр дәуірде өзгерістерге түсуіне қарамастан отбасының ертеден келе жатқан міндеттері болып саналады.
Отбасының ерекшеліксіз кызметтері жеке меншіктің жинақталып қорлануы мен оған ие болу жөніндегі статусты, өндіріс пен тұтынуды, үй шаруашылығын жүргізу мен демалуды ұйымдастыруды, отбасы мүшелерінің денсаулығы мен амандығына қамқорлық, микро ахуал жасауды қамтиды. Бұл қызметтердің бәрі отбасы мен коғам арасындағы байланыстың тарихи сипатын көрсетеді, отбасындағы нәрестенің дүниеге келуі, оның күтімі мен тәрбиесінің қалай жүретіндігі назардан тыс қалмайды.
Сондықтан отбасындағы өзгерістер әр түрлі тарихи кезеңдегі олардың ерекшеліксіз кызметтерін салыстырудан байқалады. Айталық, жаңа бір жағдайға орай кызмет түрлері де модификациялады, шеңберін тарылтады немесе кеңейтеді, толық немесе жартылай іске асады, тіптен жойылып кетуі де мүмкін.
Қазіргі кездегі халықты ұдайы көбейтіп, өсірудің (репродуктивтік) жағдайына тоқталатын болсақ, онда еліміздегі әр отбасында екі немесе үш баладан болуы керек, сонда ғана халықтың саны азаймайды. Алайда, бүгінде дүниеге нәресте әкелу деңгейінің төмендеуі, қарттардың санының артуы, бір балалы немесе баласыз отбасыларының көбеюі, некесіз туған сәбилер санының артуы байқалады. 80-жылдарда қалыптасқан қағида бойынша көптеген отбасылар баланы күтуге, асырауға, жақсы тәрбие беруге жағдай жоқ, оған баспананың тарлығы, материалдық қиыншылықтар, үй шаруашылығының ауырлығы мүмкіндік бермейді десе, енді берулері ең алдымен өздері үшін өмір сүргісі келетіндерін желеу етті. 90-жылдары бала тууды шектеудің сылтаулары мен қағидаларында басқа да үлкен өзгерістер байқалды, соның ішінде материалдық - экономикалық себептер, ертеңгі күнге деген сенімсіздік алдыңғы қатарға шықты. Ажыра - сулар, некеге адамдардың кеш отыруы да (35—40 жаста) бала туу санның азаюына әкеліп соғуда. Елдің әр аймақтары мен халықтың әрқилы топтары арасында дүниеге нәресте әкелу көрсеткіштері әр түрлі. Қазақстандағы экономикалық дағдарыс украин, орыс, беларус, неміс, корей, татар диаспораларының нәрестелі болуына аса кері өсер етті. Бұларда адамның ұдайы өсу қарқыны байқалмайды. Қазақ халқының да жағдайы соларға жақын. Жұмыссыздық, балаларға арналған тауарлар бағасының артуы, мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақы мөлшерінің төмен болуы, т.б. себептер ата-аналардың коғам алдындағы ерлі - зайыптылық парыздарын орындау арқылы әмірге нәресте әкелу жөніндегі міндеттерін жүзеге асыруға кедергі келтіріп отыр.
Халықтың ұдайы өсуі мен күнделікті бала тәрбиелеу жөніндегі мәселелерді бір-бірімен ұштастыратын орта — отбасы. Ол дұрыс қалыптаспай, сәбидің, баланың жан-жақты дамуы мүмкін емес. Оның үстіне отбасын бұл мәселеде бірде-бір институт немесе ұйым алмастыра алмайды. Отбасындағы тәрбие атаулының барлығына әке-шеше тікелей ықпал етеді. Отбасының күнделікті тұрмыс-тіршілігіндегі өзара қамқорлық пен жылылық сезім, туыстық қарым-қатынастар, басқа да жағдайлар баланың бойындағы кептеген мәні зор әлеуметтік сапаларды қалыптастыратын және оның дұрыс дамуына үздіксіз ықпал ететін тәрбиелік күш болып табылады. Өйткені әке-шешенің үлгі боларлық қасиеттері ұл мен қыздың ой-санасының, таным дүниесінің артуына, адамшылық жақтарының орнығуына әсерін тигізбей қоймайды.
Ата-ананың тәрбиесі сәбидің туған күнінен бастау андып, оның жас ерекшеліктеріне сәйкес күрделеніп, тәрбиенің талап - міндеттері күшейеді. Отбасыда ұлдар мен қыздар тәрбиенің маңызды түрлері - еңбексүйгіштікке, кішіпейілділікке, ұқыптылыққа және т.б. баулынады. Үй шаруашылығындағы еңбекке жас өспірімдерді тарту, соған жаттықтыру арқылы оларды жұмыс істеуге, оны сүюге тәрбиелеудің маңызы зор. Ата-ананың ішімдікке салынуы баланың тұлға ретінде қалыптасуына кері әсер етіп, олардың мінез - құлықтарының, тәрбиесінің теріс бағыт алуына, сөйтіп жеткіншектің қылмыс жасауына себепкер болады. Отбасындағы тәрбие рөлінің осылайша құлдырауы отбасы ішінде болып жататын аса өзекті өзгерістерге де тікелей байланысты. Отбасында қалыптасқан дәстүрлі ережеден, яғни шаңырақ иесі — ер адам деген қағидадан ауытқып, ерлі-зайыптылардың отбасындағы құқығын бір деңгейге қоюда ер адамның тәрбие барысындағы беделін жойып, оның отбасы мүшелеріне ықпал ету дәрежесін төмендетті. Осыдан барып әкесі мен шешесі отбасындағы біртұтас тұлға деген түйсік - түсінікті бойына қалыптастырып, сіңісті алмаған жас өспірімдер әкесі мен шешесі бір-біріне мүлде тәуелсіз, бөтен адамдар деп қарастырады.
Әлеуметтанушылардың пікіріне сүйенсек, отбасы тәрбиесінің қалыптасқан бірнеше тұрақты стереотиптері бар: бала центризмі, профессионализмі, прагматизмі. Бұлардың біріншісінде балаларға деген жалған махаббат бәрін кешірімпаздыққа сайдырып, соған итермелейді. Мұндай отбасында балалар шолжың болып еседі, тыйым салулар мен жүктелген міндеттерді мойындамайды, соның ішінде ата-ананың алдындағы міндетін, борышын да ескермейді. Әдетте осындай балалардың қалыптасуына отбасындағы ересек адамдар ықпал етеді. Әсіресе бұл бір бала өсіріп отырған отбасында және немерелерін өмірде кездесетін қиыншылықтардан қызғыштай қорыған әжесі мен атасының тәрбиесіне берілген балалар бойында жиі кездеседі. Осынын салдарынан әзіне қойылатын жауапкершілікті қабыл алмайтын инфантильді жас адамдар легі өсіп-жетілуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет