барлық ғылым салалары
айналысады. Олар: философия, дінтану, тарих, этнография, педагогика, антропология, этнопсихология, әлеуметтану, саясаттану т.б. Бұл ғылым салалары қоғамда болып жатқан процестерді көрсетуге мүмкіндік береді. Ал мәдениеттану тарихи кезеңдер мен өркениеттерді талдап, оның қоғамдағы рөлін көрсету басты белгісі болып табылады. Сондықтан көшпенділердің ділін, дінін, этнографиясын және салт-дәстүрін философия ғылымының ғана заңдылықтарына сай зерттеу тақырып аясын тарылтады. Көшпенділердің б.з.б. өркениетті мемлекет болып өмір сүргенін дәлелдеу үшін энциклопедиялық әр ғылымның деректемелері қажет. Бүгінгі күні мәдениет ұғымын анықтайтын екі жүздей ғылыми дефиниций бар. Олардың
бәрін төрт топқа
Қоғамдағы
адамдардың
бөліп талдауға болады.
рухани және
материалдық
шығармашылықтары семантикалық шеңбер құрып
—
мәдениет деген ұғымның жалпы мағынасын береді.
Көшпенділердің мәдениеті мен тарихын сараптауда көне артефактілердің маңызы зор. Таулы Алтайдағы Қатан өзенінің бойындағы қорғандардан қазба жұмыстары кезінде В.В. Радлов 1865 жылы көптеген құнды дүниелер тапты. Алтайдағы үлкен Улаған өзен өңіріндегі Пазырық шатқалында сақ (скиф) кезеңдерінен қалған әртүрлі көлемдегі бес обаны 1929 жылы М.П. Грязнов, ал 1947- 49 жылдары С.И. Руденко археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген.
Ежелгі көшпенділердің дүниетанымы, рухани дүниесі мен алғашқы дінінің пайда болуы артефактілер арқылы анықталды.
айтылған ғалымдардың еңбектерінде ежелгі
Жоғарыда көшпенділердің жоқтың қасы.
салт-дәстүрі, тілі, ділі туралы мағлұматтар
Көшпенділердің антика дәуірінен б.з.б.
кезеңдермен байланысы жоқ, сондай-ақ бүгінгі күнге дейін әр дәуірдің мәдениеті өз алдына жеке қарастырылған. Көшпенділерді (б.з.б VIII — ІV ғғ.) зерттеген ғалымдар иран, парсы, грек деректеріне сүйеніп, сақтардың (скиф) қолөнері, бейнелеу өнері мен кескіндеме мәнері антика өркениетті мемлекеттердің «ықпал әсері немесе көшірмесі» деген пікірлер қалыптастырды.
Скифологтардың арасында ондай пікірлердің қалыптасуына империялық идеология ықпал етті. Ресей ғалымдарының біржақты зерттеулерінің салдарынан көшпенділердің мәдениеті
мен тарихы тұтас жазылған жоқ.
суперэтникалық тайпалар мен қазақтардың мәдени- сабақтастығын толық
қанды
объективті
Ежелгі тарихи кеңестік
зерттелуіне,
идеология кедергі болды. Археология, этнография,
антропология мәселелеріне ресейлік, европалық ғалымдар ғана арнайы тапсырмалармен зерттеулер жүргізді. Бұл тақырып қазақ ғалымдарына «жабық» тақырып болды.
Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет болғаннан бері жоғын түгендеуге мүмкіндік алды десек болады. Кезінде айтылмаған тұжырымдар мен зерттеуге шектеу қойылған тақырыптарды ғылыми тұрғыдан қайта қарауға мүмкіндік туды.
«варварлар» мәдениетінен өркениеттілікке жақындату үшін еліміздің археологтары да аз жаңалық ашқан жоқ. Елімізге белгілі археологы -