6 дәріс. Практик психологты кәсіби дайындау Жоспары



бет5/5
Дата21.11.2023
өлшемі32,31 Kb.
#192590
1   2   3   4   5
Байланысты:
6 дәріс

Күнтізбелік жоспарлар практик психолог жұмысында өзінің функцияларын толық көлемде іске асыруына көмек береді. Функционалды міндеттерді орындалуын реттеу үшін, іс - әрекеттің басымды бағытын қарастыру ұсынылады.
Дүйсенбі (психодиагностика). Психодиагностика және зерттеу нәтижелерін өңдеу.
Сейсенбі (психологиялық кеңес беру). «Сенім телефоны», индивидуалды және отбасылық кеңес беру.
Сәрсенбі (психокоррекция). Психокоррекциялық және психопрофилактикалық жұмыс.
Бейсенбі (психопрофилактика). Қарым – қатынас тренингін жүргізу, психотерапиялық сеанстар, психологиялық гимнастика.
Жұма (психологиялық – педагогикалық пропаганда). Модельді курсстар, педконсилиум, педсовет жүргізу.
Әр күнге нақты жұмыс көлемі анықталынады. Аптаның бір күнін өзіндік білімге және психодиагностикалық материалдарды өңдеуге арнау керек. Психологтың профессионалды іс - әрекеті оның документацияларында көрінеді:

  1. Мекеменің тәжірибелі – эксперименталды жұмысын психологиялық қамтамасыз ету жоспарлары нақты, өзекті тақырыптар (2-3 ж) бойынша болады.

  2. Практик психологтың жылдық жоспары келесі бағыттар бойынша болады:

    • Балалар және тәрбиеленушілер ұжымдарын диагностикалау.

    • Педагогикалық процестер гуманизациясы, болжамдау және диагностикалау.

    • Балалар, оқушылар, педагогтар, ата – аналар және жетекшілермен кеңес беру жұмысы.

    • Балалармен коррекциялық жұмыс.

    • Мұғалімдер ұжымында психопрофилактикалық жұмыс.

    • Ұжымдық жұмыс.

  3. Психолог жұмыс орнының циклограммасы.

  4. Психолог жұмысының апталық (айлық) жоспары.

  5. Психодиагностикалық документациялар.

  6. Жүргізілетін жұмыстардың қысқаша жоспары.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Абрамова Г.С. Практическая психология. –М.,1997
2. Весник образования.-М.,1995.№7.
3. Немов Р.С. Психология.-М., 1995.
4 Овчарова Р.В. Технологии практического психолога образования.-М.,2000
5. Леви Т.С.Психолог и педагогический коллектив. –М.,1995.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет