Философиялық лексикада «құндылық» түсінігі 60-жылдары енгізілген. XIX ғасыр неміс философы Р.Г. Лотце («Практикалық философияның негіздері» атты өз еңбегінде) оны субьектінің «маңыздылығы» ретінде қарастырды. Бірақ оған дейін И. Кант өз еңбегінде: «Құндылық – ерік-жігерге бағытталған талап, адамның алдында тұрған мақсаты және тұлғаға әр түрлі факторлардың маңыздылығы», - деп қарастырған [4].
Әлеуметтік психологияда құндылық ұғымына идеал, мақсат, мүдде, нанымдар кіреді, сонымен қатар әлеуметтік тәжірибені меңгеру арқылы басқа да идеологиялық көріністер қалыптасады. Л.С. Рубинштейннің анықтамасы бойынша, құндылық адам өміріндегі бір нәрсенің маңыздылығы, тек мойындалған құндылық ғана маңызды рөл атқаруы мүмкін [5].
Смелзер «құндылық» ұғымын адам жетістікке жету үшін ұмтылуы тиіс қоғамдағы ортақ мақсат деп түсіндірген [6].
Н.И. Лапин бұл түсінікке мынадай анықтама береді: «Құндылық – фундаменталды нормалардың рөлін атқаратын, жалпыланған мақсаттар мен оларды жетілдіру жолдары. Олар қоғамның интеграциялануын қамтамасыз етеді, адамдарға өмірлік жағдайдағы әлеуметтік мінез-құлықтарын таңдауға көмектеседі» [7].
В.Т. Тугариновтың ойынша, адамдар нені қастерлейді, соның барлығы құндылық деп анықталады. В.П. Тугаринов құндылықтардың екі тобын бөліп қарастырды:
өмірдің құндылықтары - өмір, денсаулық, өмірдегі қуаныш, адамдармен қарым-қатынас, т.б.
мәдени құндылықтар – материалдық (техника, баспана, тамақ, киім, т.б.);
әлеуметтік саяси (қоғамдық тәртіп, қоршаған әлем, қауіпсіздік, бостандық, еркіндік, адамгершілік);
рухани құндылықтар (білім, ғылым, өнер).
А. Г. Здравомыслов құндылықтардың әлемін адамдардың рухани іс-әрекеті, рухани байлығы, жалпы айтқанда рухани мәдениеті деп біледі [8].
М.Г. Казакинаның анықтамасы бойынша: «құндылық - бұл сыртқы құбылыс (зат, құбылыс, іс- әрекет), сананың дәлелі (идеал, бейне, ғылыми концепция) құндылық - бұл, біз баға беретін объект».
Ш. Шварц құндылықтың екі деңгейін қарастырады:
нормативтік деңгейдегі әлеуметтік идеалдар;
тұлға деңгейіндегі әлеуметтік идеалдар. Бірінші деңгей тұрақты, себебі әрекет ету туралы жалпы қабылданған пікірлерді көрсетеді. Екінші деңгей, адамның сипатына және адамның жеке тәжірибесіне байланысты оның іс-әрекеттері [9].
Әлеуметтік психологияда «құндылық бағдарлары» түсінігі екі мағынада қолданылады:
«идеологиялық, саяси, моральдық, эстетикалық және шындық тақырыбын бағалаудың басқа да себептері, оған бағдар беру;
объектілердің мәніне қарай дифференциациялау әдісі.
Құндылық бағдар әлеуметтік тәжірибені игеру арқылы қалыптасады және жеке тұлғаның мақсат, идеалдар, наным мен мүдделерінде көрініс табады.
Құндылық бағдар тұлғаның бағытының дамуымен байланысты және адамның өмірге деген, өзіне деген және тұлғалық бағытқа деген көзқарастарын сипаттайды. Психологиялық бағытта «құндылық бағдар» феноменіне көптеген анықтамалар берілген.
Философиялық сөздікте (Мәскеу,1983ж.) құндылық бағдар ұғымына: «Жеке тұлғаның өмірдегі тәжірбесінен жинақтаған ішкі жан дүниесінің маңызды элементі, адамның саяси, философиялық, адамгершілік сенімі мен құштарлығы, мінез-құлықтың адамгершілік қағидалары» - деп анықтама берілген.
Ал ғылыми әдебиеттерде «құндылық бағдар» ұғымына әртүрлі анақтамалар беріледі. Ғалымдардың бір тобы құндылық бағдарды адамның жалпы әлеуметтік бағыттылығы деп қарастырса, екінші бір тобы құндылық бағдарды жеке тұлғаның әлеуметтік құндылықтарға деген субъективті қатынасы деп көрсетеді, ал үшінші тобы «құндылық бағдар» ұғымына психологиялық тұрғыдан түсініктемелер береді. Кейбір зерттеушілер «құндылық» түсінігін белгілі бір сапалы қасиеттердің жеке бөлініп шығуымен түсіндіреді.
В.Н. Мясищевтің пікірі бойынша: «Құндылық бағдар – жеке тұлғаның рухани дамуының негізі, жеке тұлғаның қоғамға, белгілі бір топқа, еңбекке, өзіне деген саналы қатынасы» болып табылады.
К.К. Платоновтың пікірінше: «Құндылық бағдар – жеке тұлғаның әлеуметтік тепе-теңдігінің мазмұны мен адам өмірінің эмоционалды дүниесімен байланысты».
В.А. Ядов бойынша «Құндылық бағдар – жеке тұлғаның қарым-қатынасының неғұрлым күрделі иерархиялық ұйымдасқан құрылым компоненттерін көрсетеді» [10].
Құндылық бағдар - күрделі әлеуметтік-психологиялық құбылыс болып табылады және жеке тұлғаның қарым-қатынас жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Сондай-ақ, жеке тұлғаның қызметін бағдарлау және қызметінің мазмұны, адамға жалпыға ортақ көзқарасты айқындайтын, өз алдына, мағынасы мен бағытын көрсете отырып, мінез-құлық сипаты, әрекеттер көрінісі. Сонымен, құндылық бағдар бір жағынан алғанда, жеке тұлғаның нақты іс-әрекетке деген көзқарасы мен іс- әрекетке қатынасын білдірсе, екінші жағынан белгіленген мақсаттар жүйесі. Ол – жоғары деңгейде объектілерді, хал-жағдайды, қажеттілікті, мақсатты таңдауды түсіндіреді, қоғам мен адамдарға жақсылық пен жамандықты, ақиқат пен адасуды, әсемдік пен сүйкімсіздікті, әділеттілік пен әділетсіздікті, рұқсаттылықты, тыйымсалушылықты, мәнді мен мәнсіздікті ажыратуға көмектеседі. Құндылық бағдар адам дамуының ең негізгі факторы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |