6 дәріс. Тотығу-тотықсыздану реакциялары



бет1/3
Дата20.12.2023
өлшемі34,71 Kb.
#197799
түріҚұрамы
  1   2   3
Байланысты:
лекция 6
Аршидинов М.М. Болдырева Л.П. РГР ТОЭ1 ЭЭ каз 2016, 8

6 дәріс. Тотығу-тотықсыздану реакциялары
Дәрістің мақсаты: тотығу-тотықсыздану реакцияларының түрлерін, процестерін, шығару әдістерін үйрену, тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштың қасиеттерін білу, электрохимиялық процестермен танысу.
Химиялық реакция кезінде әрекеттесуші заттар құрамындағы атомдар тотығу дәрежесін өзгерте жүретін реакциялар тотығу-тотықсыздану реакциялары деп аталады.
Тотығу дәрежесінің өзгеруі әрекеттесуші атомдар арасында электрондар алмаса жүретінін көрсетеді.
Cl  + 2KI  = I  + 2KCl .
Cl2 +2ē = 2Cl  – электронды қосып алу, тотықсыздану процесі,
2I  –2ē = I2 – электронды беру, тотығу процесі.
Әрекеттесуші заттардың атомының, молекуласының не ионының электронды беру процесін тотығу дейді. Тотығу кезінде тотығу дәрежесі артады.
Әрекеттесуші атомдардың, молекулалардың не иондардың электронды қосып алу процесін тотықсыздану дейді. Тотықсыздану кезінде тотығу дәрежесі кемиді.
Химиялық реакция кезінде электрондарын беретін атомдар, иондар не молекулалар тотықсыздандырғыш, ал электрондарын қосып алатын атомдар, иондар не молекулалар тотықтырғыш болып саналады.
Егер қосылыс құрамындағы элемент тотығу дәрежесінің мәні теріс болса, онда ол қосылыс химиялық реакция кезінде тек тотықсыздандырғыш болады.
Егер қосылыс құрамындағы элемент тотығу дәрежесінің мәні, сол элемент көрсете алатын ең жоғарғы оң сан болса, онда ол қосылыс химиялық реакция кезінде тек тотықтырғыш болады. Себебі, олардың атомдары электрон қабылдауға ғана жарайды.
Тотығудың ең төменгі дәрежесіндегі элементтер тек қана тотыға алады. Себебі, олардың атомдары электрон беруге ғана ыңғайлы.
Егер қосылыс құрамындағы элемент аралық тотығу дәрежесін көрсетсе, онда ол қосылыс химиялық реакция кезінде тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та бола алады.
Тотығу-тотықсыздану реакциялары молекула аралықмолекула ішілік және диспропорциялану тотығу-тотықсыздану реакциялары болып бөлінеді.
Тотығу-тотықсыздану реакциялары табиғатта аса кең тараған. Әлемде жүріп жатқан маңызды процестердің бәрі осы тотығу-тотықсызданумен байланысты. Тотығу-тотықсыздану реакциясын пайдаланып химия өнеркәсібінде, техникада маңызды заттар – таза металдар, аммиак, сілті, қышқылдар алады.
Ең маңызды тотықтырғыштар:
1) Ең маңызды элементар тотықтырғыштар бейметалдар (F2Cl2Br2I2O2), тотықтырғыш роліндегі галогендер тотығу дәрежесі –1-ге, оттегінікі –2-ге ие болады.
2) Құрамында оттегі болатын қышқылдар мен тұздар арасындағы біршама маңызды тотықтырғыштар KМnO4K2CrO4K2Cr2O7, концентрацияланған күкірт қышқылы, азот қышқылы және нитраттар, галогендердің оттекті қышқылдары.
Ең маңызды тотықсыздандырғыштар:
1) Элементар заттар арасындағы тотықсыздандырғыштар (белсенді) металдар (сілтілік, сілтілік- жер, цинк, алюминий, темір және т.б.), сондай-ақ, кейбір бейметалдар (сутегі, көміртегі, фосфор, кремний) жатады. Мұнымен қатар металдар қышқылдық ортада оң мәнді зарядталған иондарға дейін, сілтілік ортада гидроксидтерге дейін тотығады. Көміртегі CO және CO2-ге дейін тотығады.
2) Оттексіз қышқылдарда (HClHBrHIH2S) және олардың тұздарында болып әдеттегі элементар заттарға дейін тотықсызданатын қасиеттері Cl-дан F-ға дейін күшейеді.
3) Тотығудың ең төменгі дәрежесіндегі металдар (Sn2+Fe2+Cu+2 иондары және т.б.) тотыға отырып, өздерінің дәрежесін көтереді.
Электрохимиялық процестер.
Кернеулер қатары металдардың химиялық қасиеттерін сипаттайды: металл неғұрлым сол жаққа қарай тұрса, соғұрлым ол химиялық белсенді, оңайырақ тотығады және өз иондарынан қиынырақ қалпына келеді; бұл қатардағы әр металл өзінен кейінгі тұрған металдардың барлығын тұзды ерітіндіден ығыстырады; сутегіден солға қарай орналасқан металдардың барлығы оны ерітілген қышқылдардан ығыстырады; берілген екі металл бір-бірінен неғұрлым алыс орналасса, соғұрлым олардан құрылған гальваникалық элементтің ЭҚК-і көп болады. Орыс химигі Н.Н. Бекетов металдардың тұздарының қасиеттерін зерттеу арқылы, металдардың бір-бірін ығыстыруы нәтижесінде “металдардың белсенділік қатары” деп аталатын тура осындай қатар құрастырған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет