(МК, Ө) Жазылым
Оқулықтағы «ц» әрпінің таңбалануына назар аудару.
«Ц» әрпін тақтаға жазып көрсету.
«Ц» әрпін ауада жазып көрсету.
Жазу дәптерімен жұмысты ұйымдастыру.
|
Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды: сызықтарды бастырып жазу арқылы
«ц» әрпінің бас және кіші әрпін жазады. Үлгі бойынша сөздер мен сөйлемдерді жазады.
Әр сабақ соңында өз іс-әрекетіне (каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін-өзі бағалауы үшін әр беттің соңында берілген дөңгелек- шартты белгілерді бояйды: «жасыл» түс – «Бәрекелді!», «көк» түс –
«Жарайсың!», «қызыл» түс –
«Ойлан!».
|
Мақтау, қолдау
|
Сабақтың соңы (7 мин)
|
Бекіту және саралау
Саралау тапсырмасымен жұмыс ұйымдастыру:
деңгей:
Дыбыстық сызбада жасырынған сөзді ребусты шешу арқылы тап.
К о н ц е р т
деңгей:
«Ц» дыбысы сөздің қай жерінде келетінін анықта. Дыбыстық талдау жаса.
деңгей:
Концерт сөзімен сөйлем құра.
«Сөз тану» тыңдау материалымен жұмыс Мұғалімнің мақалдың мағынасын түсінуді QR немесе үнтаспадан тыңдату арқылы ұйымдастыруы. Бүгінгі сабақтың тәрбиелік мәні
|
Оқушылар өздеріне берілген саралау тапсырмаларын орындайды.
деңгейдегі оқушылар сызбада жасырынған сөзді табады: концерт.
деңгейдегі оқушылар «ц» дыбысына дыбыстық талдау жасайды.
деңгейдегі оқушылар концерт
сөзімен сөйлем құрайды.
Оқушылар «Өнер жастан шығады» мақалын тыңдайды.
Мақалдың мағынасын өз сөздерімен түсіндіруге тырысады.
|
Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.
|
Саралау тапсырмалары
Сызба. Сурет
|