Әдебиет:
1. Ш.Бектұров. Қазақ тілінің қолданбалы грамматикасы. Астана: ”Фолиант”,
2003, 30-31- беттер.
4-тәжірибелік сабақ Сөз және мағына Синоним. Омоним. Антоним. Табу. Эвфемизм.
Мақсаты: Сөз және мағына Синоним. Омоним. Антоним. Табу. Эвфемизм туралы білім жетілдіру
Әдістемелік нұсқаулық: Сөз және мағына Синоним. Омоним. Антоним. Табу. Эвфемизм туралы қосымша материалдармен жұмыс жасау
Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:
Сөз және мағына
Синоним.
Омоним.
Антоним.
Табу. Эвфемизм.
Әдебиет:
1. Ш.К. Бектұров Қазақ тілінің қолданбалы грамматикасы. Астана, “Фолиант” баспасы, 2003, 23-27-беттер.
5-тәжірибелік сабақ Сөз тіркестері. Фразеология
Мақсаты: Сөз тіркестері. Фразеология туралы білім жетілдіру
Әдістемелік нұсқаулық: Сөз тіркестері. Фразеология қосымша материалдармен жұмыс жасау
Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:
Сөз тіркесіне де, сөйлемге де материалдық негіз болатын – сөз. Сөз сөз тіркесінің сыңары болуы, сөйлем мүшесі болуы, кейде жеке сөйлем болып кетуі, күрделі сөздер мен тұрақты сөз тіркестерін құрауы мүмкін.
Сөз тіркестері, негізінен, екі немесе онан да көп сөздермен тіркесе келіп, белгілі бір ойды білдіреді.
Сөз тіркестері тіл білімі ғылымында негізінен екі түрге бөлінеді; 1) еркін сөз тіркестері, 2) тұрақты сөз тіркестері – фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, идиомалық тіркестер.
Әдебиет: Ш. Бектұров “Қазақ тілі” Алматы. “Атамұра”, 2006ж. 172-176- беттер.
6-тәжірибелік сабақ Лексикография. Этимология
Мақсаты: Лексикография. Этимологи туралы білім жетілдіру
Әдістемелік нұсқаулық: Лексикография. Этимология қосымша материалдармен жұмыс жасау
Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар
Лексикография және сөздіктердің түрлері туралы түсінік
Түсіндірме сөздіктер
Диалектологиялық сөздіктер
Салыстырмалы сөздіктер
Этимологиялық сөздіктер
Синонимдер сөздігі
Фразеологиялық сөздіктер
Аударма сөздіктер
Теминологиялық сөздіктер
Шет тілдер сөздігінің сөздігі
Әдебиет:
1.К.Аханов Тіл білімінің негіздері, Алматы, 2003, 164-165-бет.
3-модуль. Морфология
7-тәжірибелік сабақ Морфология. Морфемика. Сөзжасам (дервитология)
Мақсаты: Морфология. Морфемика. Сөзжасам (дервитология) туралы білім жетілдіру
Әдістемелік нұсқаулық: Морфология. Морфемика. Сөзжасам (дервитология) қосымша материалдармен жұмыс жасау
Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:
1. Грамматика және рның салалары.
Сөздің морфологиялық құрылымы және мағыналық бөлшектері туралы мағлұмат.
Түбір морфема мен негіз.
Аффистик морфема және олардың түрлері.
Сөздердің морфемаларға мүшелену мүмкіндігі.
Сөздердің морфологиялық құрылымының өзгеруі.
Әдебиет:
1. Бектұров Ш. К. Қазақ тілінің қолданбалы грамматикасы. Астана: “Фолиант”, 2003, 69-90- беттер.
8-тәжірибелік сабақ Зат есім. Сын есім. Сан есім. Есімдік
Мақсаты: Зат есім. Сын есім. Сан есім. Есімдік туралы білім жетілдіру
Әдістемелік нұсқаулық: Зат есім. Сын есім. Сан есім. Есімдік қосымша материалдармен жұмыс жасау
Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:
Зат есім.
Сын есім. Сан есім.
Есімдік. Түрлері мен жасалу жолдарын мысалдар келтіру арқылы жауап беру.
Жаттығу жұмыстарын орындау.
Әдебиет: Ш. Бектұров “Қазақ тілі” Алматы. “Атамұра”, 2006ж. 80-115- беттер.
9-тәжірибелік сабақ Етістік. Есімше. Көсемше
Мақсаты: Етістік. Есімше. Көсемше туралы білім жетілдіру
Әдістемелік нұсқаулық: Етістік. Есімше. Көсемше қосымша материалдармен жұмыс жасау
Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:
Етістік
Заттың қимылын, ісін, күй-жайын білдіретін сөз табы етістік деп аталады. Етістік сөйлемде көбінесе баяндауыш қызметін атқарады. Не істеді? Не қылды? Не істелінді? Қайтті? деген сұрақтарға жауап береді.
Етістік істің белгілі бір уақытта (шақта) болатынын білдіреді. Мысалы: мен бардым, мен барғанмын, мен барып едім (өткен шақ), мен барамын, мен барармын, мен бармақпын (келер шақ), мен оқып отырмын, ол көріп тұр (осы шақ).
Етістіктің шақтары
Қимыл іс-әрекет белгілі бір уақыт кеңістігінің аралығында болады. Мұны етістіктің шағы деп атайды. Қимыл іс-әрекеттің орындалатынына, орындалуға тиістілігіне, орындалғандығына қарай етістік үш шаққа бөлінеді.
1. Осы шақ. 2. Келер шақ.3. Өткен шақ.
Етістіктің райлары
Етістіктің төрт түрлі райы бар:
1. Ашық рай. Осы шақ, келер шақ, өткен шақ мағыналарының сөйлемде анық көрінуі ашық рай деп аталады. Мысалы: жазамын, жазасың, жазып отырмын, келерсің, боларсыз, келіп жүрмек т.б.
2. Бұйрық рай. Істің бұйыру мағынасын білдіретін етістіктің түрі бұйрық рай деп аталады. Мысалы: (Сен) оқы, кел, тұр, бар, айт. (Сендер) оқыңдар, келіңдер, тұрыңдар. (Сіздер) оқыңыздар, келіңіздер, тұрыңыздар. (Ол, Олар) оқысын, келсін, тұрсын т.б.
3. Шартты рай. Іс-әрекеттің істелу, болу мүмкіндігінің шартын білдіретін етістіктің түрі шартты рай деп аталады. Мысалы: Ол келсе, киноға барар едік. Киноға барудың іске асуына, оның келуі шарт болып тұр.
4. Қалау рай. Іс-әрекетті орындаушы адамның талабын, ынтасын білдіріп, қалау мағынасында айтылатын етістіктің түрін қалау рай деп атайды.
Қалау рай етістік пен етістің түбіріне –қы, -кі, -ғы,-гі жұрнағы жалғанып, одан кейін тәулдік жалғауы қосылу арқылы және бұдан кейін кел етістігі тіркесіп келу арқылы жасалады. Мысалы: білгім келеді, айтқым келеді, санағым келеді, сөйлескім келді, кеткіміз келді.
Әдебиет:
1. Ш. Бектұров “Қазақ тілі” Алматы. “Атамұра”, 2006ж. 117-133- беттер.
2. А. Ысқақов “Қазіргі қазақ тілі. Морфология”. Алматы, 1967, 67-82- беттер.
10-тәжірибелік сабақ Үстеу. Еліктеу сөздер
Мақсаты: Үстеу. Еліктеу сөздер туралы білім жетілдіру
Әдістемелік нұсқаулық: Үстеу. Еліктеу сөздер қосымша материалдармен жұмыс жасау
Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:
Үстеу
Іс-әрекеттің заттың сынының түрлі белгілерін білдіретін сөздердің лексико-грамматикалық тобы үстеу деп аталады.
Еліктеу сөздер
I. Категориялық мағынасы
Табиғаттағы әр түрлі құбылыстардың дыбыстарына еліктеуден және табиғи көріністердің бейнеленуінен пайда болған сөздерді еліктеу сөздер деп атайды. Еліктеу сөздер мағынасы жағынан дыбыстық еліктеуіш және бейнелеуіш сөздер болып екіге бөлінеді.
Жанды, жансыз заттар шығарған түрлі дыбыстарды беру үшін қолданылатын сөздер дыбыстық еліктеуіш сөздер деп аталады. Мысалы: тырс-тырс (тамшы), сылдыр-сылдыр (бұлақ), тарс-тарс (есікті ұру), қарш-қарш (шайнау), пыр-пыр (ұйықтау) т.б.
Заттардың, құбылыстардың түрлі сын-сипатын, қимыл-қозғалыстарын көру арқылы қабылдап бейнелейтін сөздер бейнелеуіш сөздер деп аталады. Мысалы: жалт (қарау), қалт (етті), селк (етті), маң-маң (басу), зып (ету), жалт-жұлт (көріну) т.б.
Әдебиет:
1. Ш. Бектұров “Қазақ тілі” Алматы. “Атамұра”, 2006ж. 134-137- беттер, 145-146-беттер. ;
2. Ш.К. Бектұров Қазақ тілінің қолданбалы грамматикасы. Астана, “Фолиант” баспасы, 2003, 166-171-беттер, 181-182-беттер.
11-тәжірибелік сабақ Шылау. Одағай
Мақсаты: Шылау. Одағай туралы білім жетілдіру
Әдістемелік нұсқаулық: Шылау. Одағай қосымша материалдармен жұмыс жасау
Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:
Шылау, түрлері
Тілімізде толық лексикалық мағынасы жоқ, бірақ сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе сөзге қосымша мән үстеп тұратын көмекші сөздер бар. Ондай көмекші сөздер шылаулар деп аталады.
Шылау сөздер білдіретін мәні мен сөйлемде атқаратын қызметіне қарай үшке бөленеді:
1. Септеулік шылау; 2. Жалғаулық шылау; 3. Демеулік шылау.
Шылаулардың түрлері мен жасалу жолдарының ерекшеліктері мен мағыналары.
Одағай
Сөйлеушінің шындыққа, болмысқа қатысын, көніл-күйін сезім арқылы білдіретін сөз одағай деп аталады. Одағайдың атап көрсететін қызметі жоқ. Оған арнайы грамматикалық категория тән емес.
Мысалы: Бәрекелді! Өлеңді жақсы айтасың! Ойбай, ауырттың!
Қап, соңғы автобус кетіп қалды-ау! Рақмет, Айбек, рақмет!–Кеш жарық!- деді Аханов.
Әдебиет: Қазақ тілі(жоғары сынып оқушылары мен студенттерге арналған).
Редактор-құрастырушы: В.Ю. Франк. Алматы, 1999, 119-120-беттер.
Әдебиет:
1. Ш. Бектұров “Қазақ тілі” Алматы. “Атамұра”, 2006ж. 138-145- беттер. 2. Ш.К. Бектұров Қазақ тілінің қолданбалы грамматикасы. Астана: “Фолиант” баспасы, 2003, 171-180-беттер.
4-Модуль. Синтаксис
12-тәжірибелік сабақ Синтаксис. Синтаксистің салалары. Түрлері
Мақсаты: Синтаксис. Синтаксистің салалары. Түрлері білім жетілдіру
Әдістемелік нұсқаулық: Синтаксис. Синтаксистің салалары. Түрлері қосымша материалдармен жұмыс жасау
Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:
Синтаксис. Синтаксистің салалары. Түрлері.
Синтаксис деген термин грек тілінен алынған, құрау, құрастыру немесе ретке келтіру деген мағынаны білдіреді. Грамматикада ол сөздердің басын қосып тіркес жасап, бір-бірімен байланыстырып сөйлем құрауды, сол арқылы адам ойын білдіруді үйретеді. Сонымен бірге синтаксис сойлем түрлерін, олардың құрылымын, жасау жолдарын және сөйлемнің тыныс белгілерін қою ережелерін корсетеді.
Синтаксис төрт салаға бөлінеді: 1) сөздің және оның формасының синтаксисі; 2) сөз тіркесінің синтаксисі; 3) жай сөйлемнің синтаксисі; 4) құрмалас сөйлемнің синтаксисі.
Әдебиет:
1. Бектұров Ш.К. Қазақ тілінің қолданбалы грамматикасы. Астана: ”Фолиант” баспасы, 2003, 69-73 – беттер;
2. М.Балақаев, Т.Қордабаев “Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис”, Алматы, 1986, 3-18-беттер.
13-тәжірибелік сабақ Сөз және сөз тіркесі синтаксисі
Мақсаты: Сөз және сөз тіркесі синтаксисі туралы білім жетілдіру
Әдістемелік нұсқаулық: Сөз және сөз тіркесі синтаксисі қосымша материалдармен жқмыс жасау
Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:
Сөз тіркесі.
Сөз тіркесі бағыныңқы және басыңқы бөлімдерден тұрады. Бағыныңқы сөз басыңқы сөзбен мағына арқылы байланысады.
Сөйлем бірнеше сөздерден, сөз тіркестерінен тұрады. Сөз тіркестерінің алғашқы (бағыныңқы), соңғы (басыңқы) компоненттерінің қай сөз табынан болғанына қарай олар есімді және етістікті сөз тіркесі деп бөлінеді.
Сөздердің байланысу тәсілдеріне қарай қазақ тілінде сөз тіркесінің бес түрі бар: қиысу, меңгеру, матасу, қабысу және жанасу.
Сөздің және оның формасының синтаксисі.
Сөз формаларының құрамы: синтетикалық формалар және аналитикалық формалар болып екіге бөлінеді.
Күрделі сөздер. Біріккен сөз. Қос сөз. Қысқарған сөз.
Әдебиет:
1. Ш. Бектұров “Қазақ тілі” Алматы. “Атамұра”, 2006ж. 172-176- беттер; 2. М.Балақаев, Т.Қордабаев “Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис”, Алматы, 1986, 19-82-беттер.
14-тәжірибелік сабақ Жай сөйлем синтаксисі.Сөйлем
Мақсаты: Жай сөйлем синтаксисі.Сөйлем туралы білім жетілдіру
Әдістемелік нұсқаулық: Жай сөйлем синтаксисі.Сөйлем қосымша материалдармен жқмыс жасау
Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар.
Сөйлем.
Сөйлем құрылысына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
Дара және күрделі.
Атаулы.
Жақты және жақсыз.
Толымды және толымсыз.
Интонациясына қарай төрт түрге бөлінеді:
1. Хабарлы.
2. Сұраулы.
3. Бұйрықты.
4. Лепті.
Сөйлем мүшелері. Бастауыш. Баяндауыш. Анықтауыш. Толықтауыш. Пысықтауыш. Жасалу жолдары, атқаратын қызметі.
Әдебиет:
1. Ш. Бектұров “Қазақ тілі” Алматы. “Атамұра”, 2006ж. 177-182- беттер;
2. М.Балақаев, Т.Қордабаев “Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис”, Алматы, 1986, 83-190-беттер.
15-тәжірибелік сабақ Құрмалас сөйлем синтаксисі
Мақсаты: Құрмалас сөйлем синтаксисі туралы білім жетілдіру
Әдістемелік нұсқаулық: Құрмалас сөйлем синтаксисі қосымша материалдармен жұмыс жасау
Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:
Құрмалас сөйлем
Жай сөйлем бір ғана ойды білдірсе, құрмалас сөйлем – екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралады.
Құрмалас сөйлемнің құрамына енген жай сөйлемдер бір-бірімен қосымша, шылау, орын тәртібі, өзіндік интонация арқылы байланысады.
Құрмалас сөйлемнің құрамына енген жай сөйлемдердің баяндауыштарының өз бастауыштарымен қиысу, қиыспау және аралас келуіне орай салалас, сабақтас және аралас болып үшке бөлінеді.
Салалас құрмалас сөйлем
Компоненттері мағына, орын тәртібі, интонация бойынша, ал олардың баяндауыштары шылаулы да, шылаусыз да байланысып келіп, олар тиянақты формада болып, өзара тең дәрежеде келген жай сөйлемдердің тіркесін салалас құрмалас сөйлем деп атайды.
Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлері: ыңғайлас, себеп-салдар, қарсылықты, шартты, салыстырмалы, кезектес, талғаулы, түсіндірмелі салаластар.
Сабақтас құрмалас сөйлем
Компоненттері мағынасы жағынан басыңқы және бағыныңқы болып келіп, баяндауыштары тиянақсыз формада келетін жай сөйлемдердің тіркесін сабақтас құрмалас сөйлем деп атайды.
Сабақтас құрмалас сөйлемдер. Сабақтастардың құрамы: бағыныңқы және басыңқы сыңарлары.
Сабақтас құрмалас сөйлемдердің түрлері: шартты, қарсылықты, қимыл-сын, себеп-салдар, мезгіл, мақсат бағыныңқы сабақтастар.
Әдебиет:
1. Ш. Бектұров “Қазақ тілі” Алматы. “Атамұра”, 2006ж. 307-309- беттер;
2. М.Балақаев, Т.Қордабаев “Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис”, Алматы, 1986, 192-308-беттер;
3. Қ.Есенов “Құрмалас сөйлемнің синтаксисі”, Алматы, 1995.
4 Студенттің өздік жұмысы
СОӨЖ тапсырмалары және оны орындауға әдістемелік нұсқаулар
Оқытудың негізгі объектісі "Қазіргі қазақ тілі" тіл білімі туралы ғылыми әдебиеттер, ғылыми мақалалар, қысқаша сипаттамалар, ақпараттық мәтіндер, ғылыми саладағы тілдік тілдің функционалдық және құрылымдық жүйесі туралы, сөздің грамматикалық мағыналары, сөз тіркестерінің түрлері, жай сөйлем және құрмалас сөйлемдердің синтаксистік ерекшеліктері, құрылымы, жасалу жолдары туралы, тіл білімін зерттеудің әдістері мен методологиясы туралы оқулықтар, оқу құралдары болып табылады.
Пәнді оқытудағы басты әдістер теориялық дәрістер, практикалық сабақтар коммуникативті-функционалдық, когнитивті. Практикалық сабақтың негізгі құралы болып табылатын ғылыми мәтіндер аудиторияға бейімделіп беріледі. Семинарлық сабақтарда лексикалық минимум мен соған сәйкес грамматикалық материалдарды меңгерту, тіл білімі салаларынан тақырып бойынша студенттердің рефераттар жазып, қорғаулары талап етіледі. "Қазіргі қазақ тілі" пәні бойынша студенттер кәсіби мамандығын басқа тілдермен салыстыра оқытуда оқушылардың грамматикалық білімдерін жетілдіре қалыптастыруға қол жеткізеді. Тілдің табиғаты, қоғамдық мәні, оның құрылымдық және жүйелік сипаттары, тіл білімін зерттеудің әдістері мен методологиясы туралы ғылыми түсінік алу студенттердің тіл білімі ғылымы туралы өзіндік ойы мен біліктіктіліктерінің қалыптасуын қамтамасыз етеді
СОӨЖ тапсырмалары
№
|
Тақырыбы
|
Мақсаты мен мазмұны
|
Әдебиеттер тізімі
|
балл
|
Орындалу мерзімі
|
Бақылау түрі
|
1
|
Фонетика. Тіл дыбыстарының жіктелуі. Дауысты, дауыссыз дыбыстардың емлесі.
|
Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі, дыбыстардың айтылуы мен жазылуы туралы жалпы мағлұмат
|
1-7, 9, 11, 12, 14, 16
|
1-4
|
1-апта
|
Кесте толтыру, конспект
|
2
|
Үндестік заңы. Буын үндестігі. Дыбыс үндестігі. Екпін тасымал.
|
Үндестік заңы, ықпал заңдары туралы мағлұмат беру. Тасымалдауға болмайтын жағдайлар.
|
1-7, 9, 12, 14, 16
|
1-4
|
2-апта
|
Жаттығу жұмыстарын орындау, ффонетикалық талдау жүргізу
|
3
|
Лексикология. Лексикологияның салалары. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
|
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы, сөз мағынасын ауыстырып қолдану жолдары, олардың стильдік ерекшеліктері, оларды оқытуды тіл дамытумен байланыстыру.
|
2-8, 12, 13, 16, 18
|
1-4
|
3-апта
|
Сөздердің тура және ауыспалы мағына-сына көркем шығармадан мысалдар теру
|
4
|
Сөздің көп мағыналығы және омоним. Синоним. Антоним
|
Омоним сөздер мен көп мағыналы сөздердің белгілері, айырмашылықтары, оларды ажыратудағы контекстің ролі, омограф, омофондар жайында түсінік беру
|
2-8, 12, 13, 16, 18
|
1-4
|
4-апта
|
Көркем шығармадан омоним мен көп мағыналы сөздерді теріп жазу, жаттығу жұмыстарын жүргізу
|
5
|
Қазақ тілінің фразеологиясы
|
Қазақ тілінің фразеологиясы туралы толық мағлұмат беру
|
2-8, 12, 13, 16, 18
|
1-4
|
5-апта
|
Көркем әдебиеттерден тұрақты сөз тіркестерін тауып, мағынасын ашу. Фразеологиялық сөздікпен жұмыс жасау
|
6
|
Қазақ тілінің лексикографиясы
|
Тіл білімінің сөздіктер жасау және оларды зертеу жөніндегі үлкен бір саласы. Тілдегі сөздерді бір жүйеге келтіріп қарастырады.
|
2-8, 12, 13, 16, 18
|
1-4
|
6апта
|
Лингвистикалық сөздіктермен жұмыс жасау
|
7
|
Сөзжасам. Туынды сөздердің жасалу тәсілдері. Сөзжасам тәсілдері
|
Сөзжасам жаңа мағыналы туынды сөздердің қалыптасуы мен мағыналық дамуын, жасалу тәсілдерін зерттейтін тіл білімінің негізгі бір саласы екендігін түсіндіру
|
1-5, 7, 10, 12, 13, 13, 18
|
1-4
|
7-апта
|
Жаттығу жұмыстарын орындап, талдау жүргізу
|
8
|
Грамматика. Морфология. Сөз таптары, оларды топтастыру принциптері. Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты.
|
Грамматика салалары, сөздердің жасалуы мен түрленуі, туралы мағлұмат беру.Сөз таптарын тортастыру принциптері. Зат есімнің жалғаулар арқылы түрленуі
|
1-5, 7, 10, 12, 13, 13, 18
|
1-4
|
8-апта
|
Конспект жазу, кесте толтыру
|
9
|
Сын есімнің лексика-грамматикалық сипаты. Сан есімнің лексика-грамматикалық сипаты
|
Сын есім мен сан есімнің лексмка-грамматмкалық сипаты туралы толық мағлұмат беру
|
1-5, 7, 10, 12, 13, 13, 18
|
1-4
|
9апта
|
Жаттығу жұмыстарын жүргізу
|
10
|
Есімдіктің лексика-грамматикалық сипаты Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты
|
Есімдіктің түрлері, айырмащылықтары, емлесі. Етістіктің есімдерден ерекшелігі, категориялары.
|
1-5, 7, 10, 12, 13, 13, 18
|
1-4
|
10-апта
|
Көркем шығармадан мысалдар жинап, морфологиялық талдау жасау
|
11
|
Үстеу. Үстеудің мағыналық топтары. Үстеудің жасалу жолдары
|
Үстеудің жасалу жолдары, үстеудің шылауға, көмекші есімге ұқсастығы, ажырату жолдары
|
1-5, 7, 10, 12, 13, 13, 18
|
1-4
|
11-апта
|
Көркем шығармадан мысалдар жинап, морфологиялық талдау жасау
|
12
|
Шылау. Оның мағынасы мен қызметі, шылаудың түрлері. Одағай сөздер. Одағайдың сөйлемдегі қызметі. Еліктеу сөздер. Еліктеуіш сөздердің мағыналық түрлері
|
Шылаудың әр түрін дербас сөзге тіркеп, оның мағынасын шылау тіркеспенген түрімен салыстыру, шылаудың қандай формалы сөздерге тіркесетініне жаттықтыру. Одағайдың сөйлемдегі қызметі. Еліктеуіш сөздердің морфологиялық сипаты
|
1-5, 7, 10, 12, 13, 13, 18
|
1-4
|
12-апта
|
Көркем шығармадан мысалдар жинап, морфологиялық талдау жасау. Жаттығу жұмыстарын орындау
|
13
|
Синтаксис туралы түсінік. Сөз тіркесі синтаксисі
|
Синтаксис туралы жалпы түсінік, синтаксис грамматиканың бір саласы екендігі, синтаксистің негізгі зерттеу нысаны.
|
1-5, 10, 12, 13, 15, 16, 17, 18
|
1-4
|
13-апта
|
Жаттығу жұмыстарын орындау
|
14
|
Жай сөйлем синтаксисі
|
Құрмалас сөйлемдер мен күрделі синтаксистік тұтастықтарды құруға қатысатындығын, сөз тіркестерінің және сөздердің формаларынан тұратындығын білу
|
1-5, 10, 12, 13, 15, 16, 17, 18
|
1-4
|
14-апта
|
Жаттығу жұмыстарын орындау. Синтаксистук талдау жасау
|
15
|
Құрмалас сөйлем синтаксисі
|
Күрделі синтаксистік тұтастықтарды құруға қатысады. Жай сөйлемдерден тұрады.
|
1-5, 10, 12, 13, 15, 16, 17, 18
|
1-4
|
15-апта
|
Қорытынды тест
|
Достарыңызбен бөлісу: |