Пәннің міндеттері: - қоршаған ортаны қорғау жөніндегі біртұтас мемлекеттік экологиялық саясатты жүргізу және салалық бағдарламалардың орындалуын ұйымдастыру, орталық, жергілікті атқарушы органдардың бұл бағыттағы қызметін үйлестіріп, табиғатты тиімді пайдаланудың бірқатар түрлеріне лицензиялар беру.
Пәнді игеру барысында қалыптасатын құзыреттіліктер (коды, атауы): ETD 2201
Бейіндік құзыреттілік
Пән бойынша оқытудың күтілетін нәтижелер:
Пәнді меңгеру арқылы студент,
білуі керек:
-өндірістік - технологиялық, экологиялық жұмыстарды ұйымдастыруың регламенттейтін нормативтік құжаттарды;
-экология және табиғатты пайдалануға қатысты негізгі ұғымдар мен терминологияларды және тұрақты дамудың стратегиясы мен қағидаларын;
-жаратылыстану-ғылыми және инженерлік білімді және кәсіби қызметтің ғылыми терең білімін және табиғатты қорғау мен ұтымды пайдаланудың негізгі қағидаларын.
игеру керек:
-экологиялық бақылау, экологиялық талаптар бойынша іс-шаралар жоспарың, әдістемелік сауатты әзірлеуді;
-табиғатты қорғау және тұрақты дамыуын қамтамасыз ету үшін тәжірибелік ұсынымдар мен қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша диагностикалауды және экожүйелердің табиғи дамуын, жердің табиғи ресурстарының сипаттамаларын: литосфера, гидросфера және атмосфера ресурстарын;
-тұрақты дамудың тұжырымдамасын, стратегиясын, проблемаларын, оларды әлемдік, аймақтық және жергілікті деңгейде шешуге қатысты көзқарастарды және түр аралық бәсекелестік – қауымдастықтың түрлік құрылымын сақтаушы негізгі механизмдерің.
дағдылану керек:
-табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау технологияларын, әдістерін меңгеруіне және тиімдісін талдауға;
- қоршаған ортаға әсерін бағалау үшін кәсіпорындардың технологиялық схемаларын талдау және бағалау әдістемесін меңгеруіне;
- экологиялық үрдістерді талдап, табиғат қорғау қызметінде нақтылы міндеттер қойып басым бағыттарды белгілеуге және алған білімдерін экологиялық мәселелерді шешу үшін пайдалануға машықтануына;
-биосфераның даму заңдылықтары, оның тұрақтылығының сақталу шарттары, сондай – ақ, әртүрлі мемлекеттерде, соның ішінде Қазақстан республикасында, тұрақты даму идеясының іске асырылуы жөнінде білімдерді пайдалануға және энергетикалық дағдарыс проблемалары және олардың шешілу жолдарын, әлемдік азық-түлік мәселелердің шешілу жолдарын құруға.
Достарыңызбен бөлісу: |