6-ресурс. Оқу қабілеті тапсырма: мәтінде ұсынылған идеялардың ішінен қызықты деген идеян



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата09.01.2022
өлшемі176,48 Kb.
#110382
  1   2
Байланысты:
1.6-ресурс. Оқу қабілеті



 

1.6-ресурс.  Оқу  қабілеті

 

1 тапсырма: мәтінде ұсынылған идеялардың ішінен қызықты деген идеян 



таңдап алыңыз; жауабыңызды тұжырымдаңыз. Бұл идеялар Сізді не себепті 

қызықтырды? Оқыту тәжірибесінде оларды қалай іске асыруға болады? 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Оқушылардың  мектеп  қабырғасында  меңгере  алатын  білім,  білік,  танымы  шексіз 

емес. Осыған орай оқушыларға өз бетінше оқуды үйрету қажеттілігі туындайды. Бұл үшін 

оқушылар  оқу  процесінің  мән-мағынасын  түсінуі  керек.  Бұл  түсінікті  зерттеу  тарихы 

көптеген жылдарға созылған, ал 1976 жылы Джон Флейвел (John Flavell) «метакогниция» 

терминін енгізді («метатаным» деген термин де қолданылады) және ол терминге «өз ойлау 

стратегияларын талдау және өзінің танымдық қызметін басқару қабілеті» деген анықтама 

берді.  Метатанымды  ол  «...мысалы,  егер  мен  А-ны  оқу  В-ны  оқуға  қарағанда  қиынырақ 

екенін  түсінсем;  егер  менің  басыма  С-ны  факт  ретінде  қабылдамай  тұрып,  оны  екі  рет 

тексеру  туралы  ой  келетін  болса,  бұл  жерде  метакогниция  іске  қосылған  деп  айтуға 

болады» деп сипаттайды. 

Бірақ  тек  оқуды  үйрену  ғана  маңызды  практикалық  дағды  болып  табылмайды. 

Оқушылардың  метатанымдық  қабілетін  дамыту  да  оқушылардың  қажетті  білім  мен 

дағдыны,  тиімді  әдіс-тәсілдерді  үйренуіне  оң  ықпал  етеді.  Мысалы,  Швейцарияда  79 

мектептің  8-сынып  оқушыларына  жүргізілген  зерттеулер  мұғалімдермен,  оқушылармен 

сауалнама  нәтижелері  және  бейнетіркеу  оқушылардың  метатанымы  мен  жетістіктерінің 

арасындағы  тікелей  байланысты  көрсетті.  Бұл  мәселе  III  Халықаралық  математикалық 

және жаратылыстану-ғылыми білім беру сапасын салыстырмалы мониторингтік зерттеуде 

де атап көрсетілген. 

Финляндияда  мұғалімдер  бірінші  сыныптан  бастап  оқушылардың  метатанымдық 

дағдыларын  дамытуға  ерекше  көңіл  бөледі.  Оқушылар  өз  бетінше  оқу  мақсаттарын 

белгілеп,  білім  алудағы  өзінің  ілгерілеуін  бағалайды.  Бұл  оқушыларға  ерекше 

тапсырмалар ұсыну арқылы олардың белсенділігін, оқуға ынтасын арттыру үшін, өзін-өзі 

бақылауы мен креативтілігін көтермелеу үшін жасалады. 

Гонконгте  «Оқуды  үйрену  дағдысы»  деп  аталған  реформаға  сәйкес,  мұғалімдер 

өздерінің  күнделікті  жұмысында  оқушылардың  метакогнициясын  дамыту  мақсатында 

әзірленген  стратегияларды  пайдаланады.  Мұғалімдер  оқушылардың  метатанымдық 

қабілеттерін  дамыта  отырып,  оларды  өзінің  ойлау  процесін  мұқият  зерделеуге 

ынталандыра алады. 




Мельбурн  мектептеріндегі  концептуалды  схемалардың  қолданылуын  қарастырған  

зерттеушілер  оқушылардың  қағаз  бетіне  «ойлау»  деген  сөзді  жазып,  одан  кейін  ойлау 

туралы өз идеяларын жазып шығуы олардың дербестігі мен зеректігін дамытудың тиімді 

тәсілі  деген  пікірге  келген.  Пікірталас  барысында  мұғалімдер  оқушыларға  өз  дәлелдерін 

дайындауды  және  басқа  командалардың  дәлелдерін  ұйымдасқан  түрде  және  әртүрлі 

дәлелдер  мен  ықтимал  жауаптарды  ескере  отырып  теріске  шығаруға  дайын  болуды 

тапсырады.  Содан  кейін  оқушылар  өз  дәлелдерін  және  теріске  шығаруды  алдын  ала 

әзірлеудің не үшін пайдалы болғаны туралы егжей-тегжейлі айтып бере алады. Оқушылар 

тапсырманы  орындап  жатқан  кезде,  мұғалімдер  жүйелі  модельдер  құра  отырып  және  өз 

ойларымен бөлісе отырып, содан соң ұсынған модель туралы оқушыларды өз ойларымен 

бөлісуге шақыру арқылы олардың метатанымдық ойлауының артуына оң ықпал ете алады. 

Сонымен  қатар  метатанымдық  дағдыларды  дамытуда  оқудың  мән-маңызы,  оның 

шегі  мен  сәтсіздік  белгілері  туралы  оқушылардың  тиянақты,  негізді  менталдық 

модельдерді  құруы  маңызды  болып  табылады.  Бірқатар  елдердің  мәдениетінде  ойлау 

қабілеті мен оқуға қабілеттілік күш-жігер арқылы дамитын емес, туа біткен қасиет ретінде 

қарастырылады,  ал  кейбір  елдердің  мәдениетінде  ынта-жігер  туа  біткен  қасиеттердің 

жетіспеушілігін  толықтырады  деп  саналады.  Оқушыларда  ойлау  қабілеті  және  басқа  да 

адамға  қажетті  қабілеттер  ынта-жігердің  (зияткерлік  өсу  моделі)  арқасында  арта  түседі 

деген  ойды  қалыптастырған  пайдалы.  Ал  сәтсіздіктер  мен  қателіктер  өзіне  күмәндануға 

негіз ретінде емес, өзін-өзі тану және  өсу мүмкіндігі ретінде қарастырылуы керек. 

Сингапурда  және  Шанхайда  да  математика  сабағында  оқушыларға  тақтада  есеп 

шығартады,  бірақ  мұғалімдер  барлық  оқушылар  міндетті  түрде  есептің  дұрыс  жауабын 

беруін  қатаң  талап  етпейді.  Бұл  жұмыстың  мақсаты  тапсырманың  дұрыс  жауабын  табу 

ғана  емес,  тақтада  жұмыс  істеу  арқылы  оқушылардың  қойылған  міндетті  түсіне  білуіне 

және  математикалық  танымын  кеңейтуіне  мүмкіндік  беру  болып  табылады. 

Оқушылардың  зияткерлік  өсу  моделін  дамыту  үшін  оларды  ойлау  қабілеттері  үшін  ғана 

емес,  сабаққа  қатысқаны  және  тапсырманың  шешімін  табуға  ынталанғаны  үшін  қолдау 

көрсету  аса  маңызды.  Сонымен  қатар  метатанымды  қалыптастыру  мақсатында  басқа 

тәсілдермен қатар менталды модельдерді талқылау да тиімді болып табылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет