§ 8.Қола дәуіріндегі Қазақстан. Дәуірдің негізгі сипаты
Тұрмыста тұңғыш пайдаланылған металл Мыс
Мыс пен қалайының қосындысы Қола
Қола дәуірінде Жезқазған өңірінен 1 млн тоннадай кен өндіріліп, одан 100 мың тоннадай мыс қорытылғанын айтқан белгілі ғалым Қ. Сәтбаев
Қола дәуірінде 1100 тонна қалайы шығарылған Шығыс Қазақстандағы кен орны Нарым, Қалба
Қазақстан тайпалары қола бұйымдар жасау ісін меңгерді Б. з. б. 2 мыңжылдықта
Қола дәуірінде кенді қорыту үшін салынған күрделі құрылыстар Қазандықтар
Еуразия даласындағы қола дәуірінің жетістіктері аталады Андрон мәдениеті
Солтүстік және Батыс Қазақстандағы зерттелген Андрон мәдениетінің қоныстар саны 80-нен астам
Қостанай облысы мен Челябі облысының шекарасында орналасқан ежелгі қала Арқайым
Орлармен және дуалдармен қоршалған қола дәуірінің Солтүстік Қазақстандағы қоныстары Петровка, Боголюбов
Қола дәуіріне жататын Солтүстік Қазақстандағы қоныстар Петровка, Боголюбов
Қола дәуіріне тән 30 қоныс, 150 оба зерттелді Орталық Қазақстанда
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы қай жартастардан табылған суреттер бұл аймақта да қола дәуірінде адамдар мекендегенін білдіреді Таңбалы тас пен Қаратау
Сырдарияның төменгі ағысындағы, қола дәуірінің соңғы кезеңіне жататын кесене Түгіскен кесенесі
Түгіскен кесенесі салынған Күйдірілмеген кірпіштен
Андрондықтар Еуропеоид тектес болған
Андрондықтардың сырт бет-бейнесін сипаттаған академик В. П. Алексеев
Орталық Қазақстан жеріндегі қола дәуірінің ең соңғы кезең мәдениеті Беғазы-Дәндібай
Беғазы-Дәндібай мәдениетіне тән қыш құмыралар Бүйірі шығыңқы, ернеуі тік, түбі тегіс болып келеді
Беғазы-Дәндібай мәдениетіне тән қыш құмыраларда көбірек кездеседі Тарақ жүзді және үзік сызықты үшбұрышты өрнектер
Беғазы- Дәндібай мәдениетіне жататын жерлеу орындарының көпшілігі –обалар
Қазақстан жеріндегі қола дәуірін жоспарлы зерттеу басталды 1946 жылы
Қазақстан жеріндегі қола дәуірін түбегейлі зерттеуді бастаған ғалым Ә. Марғұлан