Сабақ
Күні:
Сынып: 6
Тақырыбы: Жер қыртысының қозғалысы. Жел сілкіну
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға жер қыртысында болып тұратын қозғалыстар жайында білім беру. Оқушылардың «жер сілкіну», «жердің баяу қозғалыстары», «эпицентр» жайлы ұғымдарын және жер қыртысының үнемі дамуда болатындығы туралы дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың өткен тәжірибелерінде үйренген икемділіктері мен дағдыларын, білімдері мен географиялық көзқарастарын кеңейту.
Тәрбиелік: Жер қозғалыстары туралы білімдерін кеңейтіп, пәнге деген сүйіспеншіліктерін тудыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал-жабдықтар: дүние жүзінің физикалық картасы, глобус, «Литосфераның құрылысы» суреті, «Жер сілкінудің» суреті
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
3. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі
4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
5. Сабақты қорытындылау кезеңі
6. Бағалау кезеңі
7. Үйге тапсырма беру кезеңі
Сабақтың барысы
Кезеңдер
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
1
|
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.
|
Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
|
2
|
Ең алдымен дәптерлерін тексеріп, кейін өткен тақырып бойынша сұрақтар қояды:
1. Жер қыртысы қанша литосфералық тақтадан тұрады? Оларды ата.
2. Мұхит орта жоталары дегеніміз не?
3. Тау жыныстары дегеніміз не? Олардың қандай түрлері болады?
|
Оқушылардың жауаптары:
1. Жер қыртысы 8 литосфералық тақтадан тұрады: Еуразиялық, Үнді-Еуропалық, Антарктикалық, Солтүстік Америкалық, Оңтүстік Америкалық, Африкалық, Наска тақталары
2. Жер қыртысының жарықтарының бойымен жан-жаққа таралуының нәтижесінде екі жағынан түзілетін су асты жоталары.
3. Жер қыртысын толтырып табиғи денелерді тау жыныстары, оларды құрайтын заттар минералдар деп аталады. Олардың 3 түрі болады: шөгінді (химиялық, кесек шөгінділер, органикалық), магмалық, метаморфты
|
3
|
Ең алдымен кіріспе сұрақтар қойылады: 1. Жер қыртысы қозғала ма? Қозғалса оны қалай байқауға болады?
Жаңа тақырыпты келесі жосапр бойынша меңгереді:
Жер қыртысының қозғалыстары
Жер сілкіну
Жер сілкінуді зерттеу
- Оқулықты, карта,суретті пайдалана отырып, тақырыпты меңгеру.
- Оқулықтағы суреттерге қарап температураны өлшейтін аспаптрдың құрылысын сипаттайды.
|
Жауаптары: 1. Иә, қозғалады. Оны көзбен байқау қиын, бірақ литосфералық тақталар баяу қозғалып тұрады.
Кейін оқушылар мұғалімнің бағыттауымен жаңа тақырыпты меңгере бастайды:
1. Жер қыртысы қозғалысының екі түрі болады: 1 – жер қыртысының баяу көтерілуі мен төмендеуі; 2 – тау жасалу қозғалысы
жер қыртысы ешқашанда тыныш жатпайды: оның кейбір аумағы көтерілсе, басқа бір жері шөгеді. Мысалы, Скандинавия жағалары жылына шамамен 1 см-ге көтеріледі. Бұл процесс жер бетінің географиялық жағдайларын өзгертеді. Мәселен, теңіз жағалаулары – құрлыққа, шығанақтар – көлдерге, аралдар – түбектерге айналды.
Тау жасалу кезінде жер қыртысы майысады, қатпарға бүктеледі немесе жарықтармен бөлшектенеді және сол жарықтары бойлап ығысады. Мұндай қозғалыс жер бедерін өзгертіп жібереді: жазық жердің орнына таулар пайда болады. Тау түзілу жер бетінде жиі болатын құбылыс – жер сілкінулерге апарып соғады.
2. Жер сілкіну дегеніміз – жер қыртысы мен жоғары мантиядағы кенет ығысу және ыдыраулардың әсерінен туатын жер асты дүмпулері мен жер бетінің тербелістері.
Жердің терең қойнауындағы тау жыныстары қабаттарының кенет жарылып, ығысатын жерін жер сілкіну ошағы (гипоцентр) деп атайды.
Ошақтағы дүмпудің жер бетіне шығатын жері эпицентр (эпи – үстіңгі, центр – шеңбердің орталығы) деп аталады. Жер сілкіну 12 балдық шкаламен өлшенеді.
3. Түрлі зерттеулер жер сілкінуінің ошақтары литосфералық тақталардың шеттеріндегі жер қабығының қозғалмалы алқаптарында шоғырланғанын көрсетеді. Жер сілкіну жиі болып тұратын аймақтар сейсмикалық аймақтар деп аталады. Жер шарында 100-ге жуық сейсмикалық стансалар бар. Жер қыртысының қозғалысын өте сезімтал келетін сейсмограф құралдары тіркеп отырады.
|
4
|
Тақырыпты бекіту үшін пысықтау сұрақтарын қояды: 1. Жер қыртысында баяу қозғалыстар қалай жүреді? 2. Қазақстан аумағының қай бөлігін бұрынғы кезде теңіз басып жатқан? 3. Жер сілкіну неге байланысты? 4. Сейсмикалық аймақтар дүние жүзінде қандай жерлерде орналасқан?
|
Оқушылардың жауаптары: 1. Жер қыртысында баяу қозғалыстар тік (көтерілу мен төмендеу) және көлденең «тау жасалу) жүреді. 2. Қазақстан аумағының барлық дерлік жерін теңіз басып жатқан. 3. Жер сілкіну тау жасалу процесінің жиілігіне байланысты. 4. Жер сілкінуінің ошақтары литосфералық тақталардың шеттеріндегі жер қабығының қозғалмалы алқаптарында орналасқан
|
5
|
Сабақты оқушылармен бірге қорытындылайды.
|
Оқушылар бүгінгі сабақта жер қыртысының қозхғалыстары туралы, жер сілкіністері және оларды зерттеудің маңызы туралы білгенін және жер сілкіну ошағы , эпицентр, сейсмикалық аймақтар , сейсмикалық стансалар, сейсмографтар терминдерімен танысқандары туралы айтып сабақты қорытындылайды.
|
6
|
Оқушылардың белсенділігіне қарай бағалайды.
|
Күнделіктеріне бағаларын қойдырып алады.
|
7
|
§20, 51-53 б.б. Тақырып соңындағы сұрақтар.
|
Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады, түсінбеген жерлерін мұғалімнен сұрап, анықтайды.
|
Сабақ
Күні:
Сынып: 6
Тақырыбы: Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер.
Мақсаты:
Білімділік: «Жанартау» және «гейзер» ұғымдарын қалыптастыру. Оқушыларға жанартау үрдісінің жер қойнауынан магманың шығуымен байланыстылығын және жанартау әрекетінің жер қабықтарының (ЛГА) қалыптасуына әсері туралы білім беру.
Дамытушылық: жанартауларды картадан көрсету арқылы икемділіктері мен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер туралы оқып қызығушылықтарын тудыру арқылы пәнге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, картамен жұмыс істету арқылы географиялық мәдениетке баулу.
Сабақтың түрі: жаңа тақырып
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас, суреттер: «Жанартау құрылысы», «Жанартау атқылауы»
Негізгі ұғымдар: литосфералық тақталар ұғымы, тау жыныстары
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5. Сабақты қорытындылау кезеңі
2. Жаңа тақырыпқа көшуге дайындық кезеңі 6. Бағалау кезеңі
3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі 7. Үйге тапсырма беру кезеңі
4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
Сабақтың барысы
Кезеңдер
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
1
|
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.
|
Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
|
2
|
Кіріспе сұрақтар:
1. Литосфералық тақталар дегеніміз не?
2. Олардың шекаралары материктердің шекараларымен сәйкес келе ме?
3. Литосфералық жарықтарды бойлай жер бетіне қандай қоймалжың зат шығады?
|
Оқушылардың жауаптары:
1. Жер қыртысын құрайтын орасан зор қатты тақталар
2. Олар материк маңайындағы мұхит алқаптарымен қоса ірі тақталарды құрайды. Мысалы, Еуразия тақтасына осы материкпен бірге Атлант мұхитының солтүстік-шығысы және Солтүстік Мұзды мұхитының үлкен бөлігі кіреді.
3. Жердің терең қойнауынан жоғары температура мен үлкен қысым жағдайында түзілетін, газға бай, балқыған зат - магма.
|
3
|
Жаңа материалды төмендегі жоспар бойынша игеру қажет:
1. Жанартаулардың пайда болуы және құрылысы.
2. Сөнген және сөнбеген жанартаулар.
3. Жанартаулрды зерттеу.
4. Ыстық бұлақтар, гейзерлер.
- Оқулықты, карта,суретті пайдалана отырып,тақырыпты меңгеру.
- Картадан сөген және сөнбеген жанартауларды анықтау, көрсету.
Оқулықтың «Таулардың, сейсмикалық аймақтардың және жанартаулардың таралу картасы» атты иллюстрация бойынша жер бетіндегі жанартаулардың таралуы, жер сілкіну және тау аймақтарының байланыстылығын анықтау тапсырмасын береді.
|
Оқулықтың «Жанартау және оның құрылысы» суретті талдайды. Суреттен магма ошағын, жанартаудың көмейін, кратерді, лаваны көрсетіп сипаттайды. Сонымен қатар жанартаулар сөнген және сөнбеген болып бөлінетіндігі айтылады.
Гейзер ұғымын түсіндіргеннен кейін оқушылар әдетте қандай жерлерде болуы мүмкін деген сұрақтарға жауап береді: олар картадан Камчатканы және Жапония, Жаңа Зеландия, Исландия аралдарын көрсетеді.
Оқулықтың «Таулардың, сейсмикалық аймақтардың және жанартаулардың таралу картасы» атты иллюстрация бойынша жер бетіндегі жанартаулардың таралуы, жер сілкіну және тау аймақтарының байланыстылығын анықтау тапсырмасын орындайды.
|
4
|
Жаңа тақырыпты бекіту сұрақтары:
Жанартау қалай пайда болады?
Жанартаудың құрылысын сипаттап беріңдер.
Жанартау қалай атқылайды?
Жанартаулардың қандай түрлері бар?
Жанартауды не үшін зерттеу қажет?
Ыстық бұлақтар мен гейзерлер қандай жағдайда пайда болады?
|
Тақырыпты бекіту сұрақтарына жауаптары:
1. Тереңде орналасқан магма жер қыртысында пайда болған жарықша саңылаулар арқылы жоғары қарай зор қысыммен атқылап, жер бетіне шығып төгіледі.
2. Магма ошағынан жоғары қарай көмейі, одан жоғары кратер.
3. Ең алдымен гүріл естіледі, кейін газ бен бу шығады, кейін жаңбыр суы мен күл араласқан лай тасқыны, лава ағады.
4. Сөнген және сөнбеген жанартаулар.
|
5
|
«Жанартау әрекеттерінің маңызы» тақырыбына ойды қорытындылау.
|
Мұғаліммен бірге «Жанартау әрекеттерінің маңызы» тақырыбына ойларын айтып, сабақты қорытындылайды.
|
6
|
Оқушылардың белсенділігіне қарай бағалайды.
|
Күнделіктеріне бағаларын қойдырып алады.
|
7
|
§21 54-57 б.б.
Тақырып соңындағы сұрақтар.
38-сурет салу.
|
Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады, түсінбеген жерлерін мұғалімнен сұрап, анықтайды.
|
Сабақ
Күні:
Сынып: 6
Тақырыбы: Таулар. Таулардың биіктігіне қарай бөлінуі
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың «таулар», «тау жотасы», «тау аңғары», «таулы өлке», «тау торабы» ұғымдарын қалыптастыру. Таулрдың биіктік бойынша және пайда болуына қарай бөлінуін меңгерту. Таулардың пайда болуы және ескі,жас таулар жайында түсінік беру.
Дамытушылық: картадан таулардың түрлерін көрсету арқылы икемділіктері мен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: таулар туралы білім алып, пәнге деген сүйіспеншіліктерін тудыру, географиялық мәдениетке баулу.
Сабақтың түрі: жаңа тақырып
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, Қазақстанның физикалық картасы, «Таулар» тақырыбына арналған суреттер. Кескін карталар
Сабақтың кезеңдері: 1. Ұйымдастыру кезеңі 4. Сабақты қорытындылау кезеңі
2. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі 5. Бағалау кезеңі
3. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі 6. Үйге тапсырма беру кезеңі
Сабақтың барысы
Кезең-дер
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
1
|
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру: оқушылардың барылығында оқулықтарының, дәптерлерінің, атластарының бар-жоқтығын тексеру.
|
Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
|
2
|
Ең алдымен «таулар», «тау жотасы», «таулы өлке» және «тау торабы» ұғымдарын түсіндіріп өтеді. Олардың анықтамаларын оқулықтан тауып, дәптерлеріне жазып алу тапсырмасын береді.
Оларға мысалдар келтіреді: Тянь-Шаньдағы Іле Алатауы мен Күнгей Алатаудың қосылған жері Шелек-Кебін тау торабын құрайды. Дүние жүзіндегі ең биік тау – Гималай (оқулықтағы суретті көрсетеді). Жер шарындағы ең биік нүкте Джомолунгма (Эверест) шыңы 8848 м.
Кейін таулардың биіктігіне қарай бөлінуі туралы айтады. Бұл жіктемені оқулық мәтінінен тауып дәптерлеріне сызбасын түсіріп, мысал келтіру тапсырмасын береді.
Кейін таулардың географиялық орнын қалай анықтауға болатынын түсіндіріп, мысал келтіреді.
|
1.§22 пайдалана отырып, «таулар», «тау жотасы», «тау аңғары», «таулы өлке», «тау торабы» ұғымдарының мағынасын тауып, дәптерлеріне анықтамасын жазады.
2. Таулардың абсолют биіктігіне қарай топталуын анықтап, сызбаны толықтырып жазады. Әр түріне мысал келтіреді.
Таулар.
аласа 1000-2000 м биік
Оларға бірнеше мысалдар келтіріледі: Қазақстанның Сарыарқасы – аласа тауларға жатады. Орташа биік тауларға – Қырым таулары жатады. Биік тауларға – Кавказ, Алтай таулары жатады.
Мұғалімнің көрсеткен мысалын дәптерлеріне жазып алады:
Кавказ тауы Еуразия материгінде, Қара және Каспий теңіздерінің аралығында орналасқан.
Тау жоталары солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылған
таудың ұзындығы 1100 км.
Бұл тау биік тауға жатады. Басым биіктіктері 3000-5000 м болып келеді.
Ең биік шыңы – Эльбрус (5642), координаталары – 43°с.е. және 43° ш.б.
|
3
|
Тақырыпты бекіту ретінде тақырып соңындағы 5,6,7,8 тапсырмаларды орындау тапсырмаларын береді.
|
5-тапсырма: Орал – аласа тауларға, Скандинавия таулары – аласа тауларға, Альпі таулары – орташа биік тауларға жатады.
6-тапсырма: Тянь-Шань таулары
7-тапсырма: Кордильер тауларының биіктігі орталығында 3000-4000 мыңнан астам, солтүстігі және оңтүстігіне қарай 1000-2000 м-ге дейін жетеді.
|
4
|
Тақырыпты оқушылармен бірге қорытындылайды.
|
Тақырыпты мұғаліммен бірге қорытындылайды.
|
5
|
Оқушылардың белсенділігіне қарай бағалайды.
|
Күнделіктеріне бағаларын қойдырып алады.
|
6
|
§22 57-58 б.б. Тақырып соңындағы сұрақтар. Жартышарлар кескін картасына тауларды созылу бағытына қарай белгәлеу. Тауларды олардың орналасқан жерлерін картадан көрсете білу .
|
Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады, түсінбеген жерлерін мұғалімнен сұрап, анықтайды.
|
Сабақ №22, 23
Күні: 24.11.09/23.11.09
Сынып: 6 «А, Б»
Тақырыбы: Таулардың пайда болуы. Қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы таулар. Таулардың өзгеруі.
Жазықтар. Жазықтардың пайда болуы және өзгеру
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың «таулар», «тау жотасы», «тау аңғары», «таулы өлке», «тау торабы», « жазық» ұғымдарын қалыптастыру. Таулрдың биіктік бойынша және пайда болуына қарай бөлінуін меңгерту. Таулардың пайда болуы және ескі,жас таулар жайында түсінік беру. Жазықтарды биіктігі жағынан және пайда болуы жағдайына қарай әртүрлі болатыны жайлы түсініктерін қалыптастыру. Жазықтардың шаруашылықта пайдалану түрлерін білу.
Дамытушылық: Дүние жүзінің және Қазақстанның физикалық картасынан таулар мен жазықтарды көрсету және сипаттау арқылы икемділіктері мен дағдыларын одан әрі дамыту.
Тәрбиелік: Таулар, жазықтар туралы оқып қызығушылықтарын тудыру арқылы пәнге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, картамен жұмыс істету арқылы географиялық мәдениетке баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас
Негізгі ұғымдар: таулар, тегіс және төбелі жазық, ойпат, қыратты жазықтар, таулы үстірттер, жыра, сай,
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5. Сабақты қорытындылау кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 6. Бағалау кезеңі
3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі 7. Үйге тапсырма беру кезеңі
Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
Сабақтың барысы
Кезеңдер
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
1
|
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.
|
Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
|
2
|
Дәптерлерінен салған суреттерін, анықтамаларын тексереді. Кескін карталарын тексереді.
|
Дәптерлерінде орындаған тапсырмаларын мұғалімге тексертеді. Ескертулері болса, мұғалімге айтып, түсінбегендерін сұрайды.
|
3
|
Ең алдымен кіріспе сұрақтар қояды: 1) Жанартаулар дегеніміз не, ал таулар дегеніміз не? 2) Тау жотасы, таулы өлке және тау торабы дегеніміз не? 3) Таулар қалай жіктеледі?
Жаңа материалды төмендегі жоспар бойынша игеру қажет:
1. Таулардың пайда болуы. Қатпарлы, қатпарлы-жақпарлы таулар.
2. Ескі және жас таулар
3. Таулардың өзгеруі. Физикалық үгілу, химиялық үгілу, органикалық үгілу
Тегіс және төбелі жазықтар.
Жазықтардың биіктік айырмашылықтары
Жазықтардың пайда болуы
Жазықтардың өзгеруі
- Оқулықты, карта,суретті пайдалана отырып,тақырыпты меңгеру.
- Картадан таулар мен жазықтарды көрсету
Оқулықтың «Таулардың, сейсмикалық аймақтардың және жанартаулардың таралу картасы» атты иллюстрация бойынша жер бетіндегі жанартаулардың таралуы, жер сілкіну және тау аймақтарының байланыстылығын анықтау тапсырмасын береді.
|
Мұғалімнің сұрақтарына жауаптары: 1) Жанартау – көмейінен ыстық газ, бу, күл, тас, тау жыныстары атқылап тұратын және жер бетіне отты қоймалжың зат – лава тасып төгілетін конус пішінді тау. Тау дегеніміз жер бетінің маңайындағы жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан, қатты тілімденген биік бөліктері. 2) Бір-біріне жалғаса ондаған, жүздеген км-ге созылып жатқан таулар; тау жоталарының шоғыры; тау жоталарының түйіскен жері; 3) таулар биіктігіне қарай 3-ке – аласа, орташа биік, биік таулар болып бөлінеді.
1. Мұғалімнің әңгімесін тыңдап отырып, дәптерлеріне қатпарлы таулар, қатпарлы-жақпарлы таулар анықтамаларын жазып алады. Оларға мысалдар келтіреді:
Таулар (пайда болуына қарай)
қатпарлы таулар қатпарлы-жақпарлы таулар
Альпі, Кавказ, Кордильер таулары Алтай, Тянь-Шань таулары
Кейін жанартаулар мен таулардың арасындағы байланысты анықтайды. Тауларды картадан қарап, сипаттайды
2. Ескі және жаңа таулардың анықтамаларын жазып алады. Оларға мысалдар келтіреді:
Таулар (жасына қарай)
ескі таулар жас таулар
Орал, Сарыарқа Кавказ, Памир, Гималай, Кордильер
Таулардың биіктігі мен жасы арасындағы байланысты анықтайды. Картадан көрсетеді.
3. Ең алдымен жалпы үгілу не екенін түсініп алып, угілудің, физикалық, химиялық және органикалық үгілудің анықтамаларын жазып алады. Олардың әрбіреуіне сипаттама береді.
4. Жазықтың анықтамасын жазып алады. Кейін тегіс және төбелі жазық не екенін түсініп алғаннан кейін анықтамаларын жазып алады. Жазықтар түрлерінің ерекшеліктерін анықтап, меңгереді.
5. Жазықтар биіктіктеріне қарай ойпат, қырат жазықтар және таулы
ескі таулар жас
|
|
|
үстірттер болып бөлінеді.
Жазықтар (биіктігіне қарай)
ойпаттар қырат жазықтар таулы үстірттер
200 м-ден төмен 200-500 м 500 м-ден астам
Жазықтар түрерін картадан адыратып, көрсетеді.
6. Алғашқы жазы ұғымының анықтамасын тауып жазып алады. Жазықтардың пайда болуы тау жыныстары түрлерімен байланыстылығын анықтайды, оларға мысалдар келтіреді: өзендер тосқындары мен шөгінділерінен пайда болған жазық – Ұлы Қытай жазығы.
7. Жазықтардың өзгеруіне ықпалын тигізетін ішкі және сыртқы күштерге сипаттама береді. Олардың салдарынан пайда болатын жер бедері пішіндерін анықтайды. Оларға анықтама береді. Жазықтарды топтайды: 1) алғашқы жазық, 2) аллювийлік жазық, 3) денудациялық жазық, 4) жанартаулық жазық. Оларға толық сипаттамалар беріп, шартты белгілерін қарастырады.
|
4
|
Тақрыптарды бекіту сұрақтары: 1) Таулар пайда болуына қарай қалай бөлінеді? 2) жазықтар қалай жіктеледі?
|
1) қатпарлы және өатпарлы-жақпарлы таулар; 2) жазықтар – тегіс, төбелі жазықтар; биіктігіне қарай – ойпат, қыратты жазықтар, таулы үстірттер.
|
5
|
Сабақтың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтап, жалпы сабақты қорытындылайды.
|
Сабақта қандай тақырыптарға тоқталғандарын айтып, қызықты өткен жерлерін айтады.
|
6
|
Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды.
|
Алған бағаларын тыңдап, ескертулері болса айтып, күнделіктеріне қойдырады.
|
7
|
Үй тапсырмасына §§23-24. Тақтаға жазған кестені толтыру. Кескін картаға жазықтарды түсіру.
|
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
|
Сабақ №24, 25
Күні: 1.12.24.11.09/30.23.11.09
Сынып: 6 «А, Б»
Достарыңызбен бөлісу: |