Кесене –діни құрылыс, белгілі адамдардың құрметіне қабір басына тұрғызылған.
Кескіш – кейінгі палеолитте сүйек, мүйіз және ағашты ойып өңдеу үшін шақпақтастан жасалған үшкір құрал.
Кетпен– неолитте пайда болып, жер өңдеуге қолданылған алғашқы егіншілік құралы. Кетпен – сап және оның ұшына бекітілген өткір жүзді шапқы тәрізді бөліктен тұрады.