Сандық – киім-кешек т.б. зат салуға арналған үй жиһазы.
Сардарбек – сарбаздардың басшысы, қолбасы.
Сардоба – су сақтау әрі белгі мақсатымен тұрғызылған күмбезді құдық.
Сауыт – шар болаттан көз салып тоқыған, кеудеге киетін қорғаныс киімі.
Селекция – будандастыру арқылы малдың не өсімдіктің жаңа түрлерін шығару, джақсарту, сұрыптау алу әдісі.
Семинария – мұғалімдер даярлайтын кәсіби оқу орындарының бір түрі.
Семсер – болаттың ең асылынан жасалатын ұрыс қаруы.
Сенат – 1) Ежелгі Римде жоғарғы мемлекеттік органдардың бірі; 2) Қазақстан Парламентінің жоғарғы палатасы.
Сенім– жеке адамдар арасындағы не жеке адамдар мен қоғам арасындағы қатынастардың сапалық өлшемі, наным.
Сепаратизм – өзінше бөлініп шығуға, жеке билікке ұмтылу.
Серіктестік – бірлестік, мүдде бірлестігі негізінде құрылған серіктестік.
Синантроп – ерте палеолитте өмір сүрген «тік жүретін адамның» екінші түрі. Алғаш рет 1927 жылы Қытайдағы Чжоу-коу-дянь үңгірінен қазып алынған.