Арыс – бірнеше рудың бірлестігі. Оны би басқарған.
Асар – маусымдық жұмыстарды жүзеге асырудағы тұрмыстардың өзара көмегі.
Ассамблея – Халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы
Ассимиляция – саны аз, саяси-әлеуметтік ахуалы төмен халықтың өзінен басым халықтың құрамына біртіндеп
сіңісіп кетуі. Бір халықтың екінші халықпен алаласып, ұлт ретінде жойылып кетуі.
Ат тұлдау – қайтыс болған ер адамның тірі кезінде мініп жүрген атының жал-құйрығын күзеп, жылына дейін
құр жіберу (мінбеу), асына сою.
Атабек – хан, сұлтандардың балаларын тәрбиелеуші әрі оның қамқоршысы.
Аукцион – көпшілік алдында кім бағаны асырса, соған сатылатын бәсеке сауда.