6-сыныпқа арналған 0-кесінді тапсырмалары 1-тапсырма. Диктантты қатесіз жаз. Жас балапандарды күту.
Жұмыртқадан шыққаннан кейінгі алғашқы үш күнде балапандарға тары ботқасы, ақ ірімшік беріледі. Жұмыртқаны қатты пісіріп, оған қабығын уатып, қосып берген де жақсы. Үш күннен кейін балапандарға жаңа піскен жұмсақ қызылша сияқты жемістер беріледі. Олармен бірге астықтың жармаланған дәндерін берсе де болады. Балапандарға жем беретін астаушаларға бор, көмір және ұсақ — ұсақ тастар салынып қойылады. Бұлар жас балапандардың сүйегін қатайтуға, жемді бойына сіңіруге көмектеседі. Балапандарға екі айға дейін күніне алты — жеті рет, одан кейін төрт рет жем беріп отыру керек. Жас балапандар ерекше күтімді қажет етеді. Олардың орындары жылы және құрғақ болуы тиіс. (91сөз)
2-тапсырма. Мәтіннен екі зат есімді септе.
№
Септіктер
Сұрақтары
1-зат есім
1-зат есім
1
Атау септігі
Кім? Не?
2
Ілік септігі
Кімнің? Ненің?
3
Барыс септігі
Кімге? Неге?
4
Табыс септігі
Кімді? Нені?
5
Жатыс септігі
Кімде? Неде?
6
Шығыс септігі
Кімнен? Неден?
7
Көмектес септігі
Кіммен? Немен?
3-тапсырма. Астаушаларға, орындары, жеті,олардың сөздерін жұрнақ, жалғауларын бөліп талда. ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 4-тапсырма.Мәтіннен алынған балапандар, жұмыртқа сөздеріне фонетикалық талдау жаса.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________