6 сыныпқа арналған айтылым тапсырмасы



бет1/2
Дата21.10.2022
өлшемі405,68 Kb.
#154280
  1   2
Байланысты:
СРО. Оқылым, айтылым тапсырмасы. Альмира (1)


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министрлігі
«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ


СӨЖ

Пән атауы: «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі»
Тақырыбы: «Айтылым, оқылымға арналған 6-сынып тапсырмалары»

Орындаған –Ибраимова А.А (КЯ-003)


Тексерген – Мұқанова Қ.Қ.

Семей қаласы, 2022 жыл.


6 сыныпқа арналған айтылым тапсырмасы.
8 бөлім.Болашақ мамандықтары
9-10 сабақ. «Әртіспен кездесу ұйымдастырамыз»

1-тапсырма. Мәтіндегі етістіктерді тауып, олардың қай шақта тұрғанын айт.


Біз бүгін Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының әртісі – Досқан Жолжақсыновпен кездесу өткіземіз. Кездесуді біздің сынып ұйымдапстырады. Бір апта бұрын хабарландыру жаздық. Кеше оқушылар кездесу өтетін залды безендерді.Саша екеуміз актер туралы слайд-фильм дайындадық. Көрнекті әртістің өнері мен өмірі жайлы қызықты деректер іздедік. Қызықты суреттер таптық.
Әнел мен Анна кездесудің сценарийін дайындады. Өнерлі балаларды іріктеді. Концертті Ләйла апай жүргізді.
Кездесуде Досқан Жолжақсынов өзі таңдаған өнер саласы, актер мамандығының қыр-сыры туралы сұрақтарға жауап береді. Досқан Жолжақсынов – актер ғана емес, өте шебер әнші ғой. Ол кісі домбырамен ән салады. Кездесуден кейін әртіске еңбек сабағында жасаған сыйлығымызды ұсынамыз. Естелікке суретке түсеміз. Біздің көп тәжірибеміз жоқ. Бірақ кездесудің сәтті өтетініне сенемін.
Әне, әртістің өзі де залға кіріп келе жатыр...

2-тапсырма. Берілен жағдаяттарды өз ойыңмен шешуге тырыс.


1.Өз сүйікті әртісіңмен кездесуге қатыссаң,қандай сұрақ қояр едің?
2.Сүйікті әншіңмен кездесу өтетіні айтылды, билет құны тым жоғары. Сенің әрекетің?
3.Кездесуге келген өнер адамы сен қойған сұраққа баласынып жөнді жауап қайтармаса, сенің көзқарасың қандай болмақ?

3-тапсырма.


Тақтада түрлі-түсті смайликтер болады. Әрқайсысының артында сұрақтар жасырынған.Солардың бірін таңдап, сұрақтарға жауап бер.
Сұрақтары:
1.Сенің сүйікті әншің?
2.Қазақстандағы ең танымал әртіс кім деп ойлайсың?
3.Сен үшің ең жақсы мамандық ?
4.Әртіс болу мамандыққа жатады ма?
5.Қай әртіспен кездесіп көргің келеді?

4-тапсырма.


Сурттегі қай маманмен кездесу өткізгің келеді.Себебін айт.

5-тапсырма.


Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз.
Өлең жолдарында не айтылып тұр? Мағынасын өз сөзіңмен түсіндір.

6 сыныпқа арналған оқылым тапсырмасы.


1-бөлім. Отан отбасынан басталады.
5-6 тақырып. «Ана көрген тон пішер»

1-тапсырма.Мәтінді оқы.Төмендегі тапсырмаларды орында.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет