Сабақ көрнекілігі: Интербелсенді тақта, таратпа материалдар.
Сабақ барысы:
І. Жайлы психологиялық ахуал тудыру, топқа бөлу:
«Ну погоди» мультфильмінен үзінді. Сұрақ: Қандай фигураларды көрдіңдер? Қағазға біреуін жазыңдыр. (Үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер)
Ал, енді төртбұрыштар бір топқа, үшбұрыштар бір топқа, шеңберлер бір топқа отырыңдар.
Төртбұрыштар – еңбексүйгіш, сабырлы жандар, олар бастаған істерін аяқсыз қалдырмайды, сондықтан үлкен жетістіктерге жетеді;
үшбұрыштар – бұл лидерлік қабілеттері бар адамдар. Олар алдына мақсат қойып, сол мақсатқа жетуге бар күштерін салады.
ал шеңберлер өте мейірімді, қайырымды жандар, адал, жақсы жолдас бола алады. Топ басшыларын сайлау.
Бағалау парақтарын тарату, бағалау критерийлерін түсіндіру.
Смайликтерді тарату, сабақ басындағы көңіл-күйді анықтау.
ІІ. Кіріспе:
а)Шамаларды, сандарды қандай амалдар арқылы салыстыруға болады? (азайту, бөлу)
Бүгін біз мәндерді бөлінді бойынша салыстыруды қарастырамыз. Мысалы: Қарлығаш 18м/с жылдамдықпен, бүркіт 36м/с жылдамдықпен ұшады. 36:18 өрнегі немесе 18:36 өрнегі нені білдіреді?... Бүгінгі сабағымызда осындай сұрақтарға жауап береміз.
Интерактивті тақтада «Қатынас» сөзі шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |