|
Тура пропорцияналдыққа есеп шығару
|
бет | 55/100 | Дата | 06.02.2022 | өлшемі | 14,01 Mb. | | #49062 | түрі | Сабақ |
| Байланысты: 6 synyp 204 sagТура пропорцияналдыққа есеп шығару:
10 м3 ауа 13 кг тартады. Ұзындығы 4,2 м, ені 3,5 м және биіктігі 2,6 м болатын бөлмедегі ауа қанша тартады?
Жауабы: 49,686 кг
Ауданы 16 м2 еденді сырлау үшін 3,2 кг сыр керек. Ауданы 12 м2 еденді сырлау үшін қанша сыр керек болады?
Жауабы: 2,4 кг
Егер 0,8 м мата 54 теңге тұратын болса, 4 м мата қанша тұрады?
Жауабы: 270 теңге
Екі жұмысшы белгілі бір уақытта 19 тетік дайындады. Осы уақыт ішінде 133 тетік дайындап шығару үшін қанша жұмысшы қажет болар еді?
Жауабы: 14
Екі «ДОН» комбайны бірлесіп, белгілі бір уақыт ішінде 32 га жерден өнім жинады. Осынша уақыт ішінде 6 «ДОН» комбайны қанша өнім жинайды?
Жауабы: 96 га
4 м3 қара бидай дәні 2,8 т тартады. 6,5 м3 қара бидай дәні неше тонна тартады?
Жауабы: 4,55 т
Жұмысшы 15 сағатта істеген жұмысы үшін 195 теңге алды. Егер жұмыс қарқыны осындай болса, ол 8 сағатта қанша ақша табады?
Жауабы: 104 теңге
8 м мата 496 теңге. Сонда 14 м мата неше теңге?
Жауабы: 868 теңге
Поезд 2 сағатта 144 км жол жүреді. 3 сағатта қанша жол жүреді?
Жауабы: 216 км
Пропорция қасиетін пайдаланып теңдеуді шешіңіз:
Жауабы:
5 кг алма үшін 120 теңге төленді. 7 кг алма үшін неше теңге төлеу керек?
Жауабы: 168 теңге
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|