а) 1943 жылы жарық көрген құжаттарды тізімге алу және осының негізінде құрамына 1300 құжат енгізілген 12 томдықтың жаңа жобасы жасалынды; ә) Алматы қаласында 1917, 1918, 1919 жылдары Қазақстан баспасөзінде кезеңдік құжаттар жинау аяқталды;
б) Қазақстандағы облыстық мұрағаттардың, оның ішінде Семей, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Гурьев, Батыс Қазақстан облыстық мұрағаттарында жарияланған 400 құжатты жинақтау жүзеге асырылды; в) Қазақ ССР Қазан революциясы Орталық мұрағатының ғылыми қызметкері Коржеваның ұйымдастырылуымен Өзбек ССР Орталық мұрағаты мен Ош облыстық мұрағатынан 250 құжат анықталды. Оның 220-сы Өзбек мемлекеттік мұрағатына тиісті еді. Бес мыңнан аса іс-қағазын іріктеген Трудящихся Казахстана на защите Родины жинағының бес тарауы редакцияланды.