14
|
КАРАГАНДИНСКАЯ ОБЛАСТНАЯ ПРОКУРАТУРА
|
проспект Строителей 28 "а"
тел.:74-28-86
|
15
|
МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СОТ
|
Алалыкин көш. 9
тел.:42-52-89, 42-52-96 ;
e-mail:economsud.krg@hotmail.kz
|
16
|
ЦЕНТР ПРАВОВОЙ ПОМОЩИ
|
Дом Союзов Алиханова, 5; каб.430 тел.:56-20-73
|
17
|
ЮРИДИЧЕСКАЯ ФИРМА «КОНТАКТ»
|
ул. Ерубаева, 50 каб. 50 тел.:48-44-19
|
18
|
ЮРИДИЧЕСКАЯ КОМПАНИЯ «ГРАНД»
|
ул.Комиссарова, 28 тел.:42-41-40; факс: 41-11-16
|
19
|
КОНСАЛТИНГОВОЕ АГЕНТСТВО «КОНСУЛЬТАНТ»
|
ул.Ермекова, 19, офис 41 тел.:47-85-57, 47-77-07
|
20
|
КАРАГАНДИНСКИЙ РЕГИОНАЛЬНЫЙ ЦЕНТР ПРАВОВОЙ ИНФОРМАЦИИ
|
Джамбула, 11 каб. 106 тел.:41-18-56 e-mail: Rcpi_karag@tnsplus.kzhttp://www.rcpi.kz
|
Тұтынушылардың қоғамдық бiрлестiктерi
Тұтынушылардың қоғамдық бiрлестiктерi тұтынушылардың құқықтарын iске асыруға және қорғауға бағытталған қызметтi жүзеге асырады. Тұтынушылардың қоғамдық бiрлестiктерi Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңнамасына сәйкес қауымдастықтарға (одақтарға) бiрiгуi мүмкiн. 40-бап.
Тұтынушылардың қоғамдық бiрлестiктерi, қауымдастықтар (одақтар):
1) уәкiлеттi органға және өзге де мемлекеттiк органдарға Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
2) тұтынушылардың құқықтарын бұзу фактiсiн қарауға жәрдемдесу мақсатында мемлекеттiк органдарға жүгiнуге;
3) тауардың тұтынушылық қасиеттерiн, оған сұранысты зерделеуге, тауардың (жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң) сапасы туралы қоғамдық пiкiрдi анықтау үшiн халыққа сауалнама жүргiзуге;
4) өтiнiштер, шағымдар қабылдауды жүзеге асыруға;
5) тұтынушының өтiнiшi, шағымы келiп түскен жағдайда тауардың (жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң) сапасын бағалау мақсатында мемлекеттiк органдарға жүгiнуге;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртiппен мемлекеттiк органдарда, сондай-ақ өзге де қоғамдық бiрлестiктерде тұтынушылардың мүдделерiн бiлдiруге;
7) тұтынушылар мүддесiне орай, оның iшiнде тұтынушылардың белгiсiз тобының мүддесiне орай сотқа талап-арыздар ұсынуға;
8) тұтынушылардың проблемалары мен құқықтары жөнiндегi ақпаратты зерттеуге және бұқаралық ақпарат құралдарында таратуға;
9) әлеуметтiк мiндеттердi шешуге бағытталған, мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстар негiзiнде тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерi бойынша әлеуметтiк бағдарламаларды, жобаларды, сондай-ақ жекелеген iс-шараларды iске асыруға құқылы. 41-бап.
Тұтынушылардың қоғамдық бiрлестiктерi, қауымдастықтар (одақтар) тұтынушының өтiнiшi, шағымы бойынша құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзушылықтарды жою және осы бұзушылықтар арқылы келтiрiлген залалды (зиянды) тұтынушыға ерiктi түрде өтеу туралы тауарды (жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi) сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) кiнә қоя отырып жүгiнуге құқылы.
Егер сатушы (дайындаушы, орындаушы) күнтiзбелiк он күн iшiнде кiнә қоюға жауап бермесе немесе бұзушылықтарды жоюдан және келтiрiлген залалды (зиянды) ерiктi түрде өтеуден бас тартса, тұтынушылардың қоғамдық бiрлестiктерi, қауымдастықтар (одақтар) сотқа жүгiнуге құқылы.
Тұтынушылардың қоғамдық бiрлестiктерi, қауымдастықтар (одақтар) тұтынушылар мүддесiне орай сотта қарауға жiберетiн талап-арыздарға мемлекеттiк баж салынбайды. 42-бап.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттiк реттеудi Қазақстан Республикасының Үкiметi, уәкiлеттi орган және өзге де мемлекеттiк органдар осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде белгiленген өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады. 3-бап.
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) мемлекеттiк саясаттың тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;
2) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 4-бап.
Уәкiлеттi орган:
1) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз етедi;
2) Қазақстан Республикасының Үкiметiне тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттары бойынша ұсыныстар енгiзедi;
3) Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңнамасын жетiлдiру мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдардың қызметiн салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңнамасын жетiлдiру жөнiнде шаралар қабылдайды;
5) тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы тұтынушылардың қоғамдық бiрлестiктерiмен, қауымдастықтармен (одақтармен) өзара iс-қимыл жасасады;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 5-бап.
Мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде:
1) тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi;
2) уәкiлеттi органға және Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
3) жеке немесе заңды тұлғалардың тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы өтiнiштерiн қарайды;
4) Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңнамасын бұзушыларға жауапкершiлiк шараларын қолданады;
5) Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 6-бап.
Кәсіпкерлер мен тұтынушылар арасында болатын
дауларды шешу жолдары
Достарыңызбен бөлісу: |