Тауардың, жұмыстың және қызмет көрсету сапасына бақылау жасау. Стандарттау және сертификаттау. Кәсіпкерлік қызметті лицензиялау.
Техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы N 603 Заңы
Тауардың, жұмыстың және қызмет көрсету сапасына бақылау жасау техникалық реттеуден тұрады. Техникалық реттеудің негізгі бағыттары: 1) өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта, соның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесі үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
3) өнімнің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігіне қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу;
4) саудадағы техникалық кедергілерді жою;
5) өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.
Техникалық реттеу: 1) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің бірлігі мен тұтастығы;
2) бірыңғай терминологияны, өнімге, көрсетілетін қызметке, процестерге қойылатын талаптарды белгілеу ережелерін қолдану;
3) техникалық реттеу мақсаттарының орындылығы мен қолжетімді болуы, техникалық реттеу процестеріне қатысу үшін тең мүмкіндіктерді, мемлект пен мүдделі тараптар мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету;
4) отандық және импортталатын өнімге, көрсетілетін қызметке және олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсімдеріне қойылатын талаптардың бірдей болуы;
5) техникалық рнттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттарды әзірлеу кезінде ғылым мен техника жетістіктерін, халықаралық және өңірлік ұйымдардың стандарттардын басым пайдалану;
6) техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының мемлекет экономикасының дамуы, оның материалдық-техникалық базасы деңгейіне және ғылыми-техникалық даму деңгейіне сәйкестігі;
7) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, стандарттардың және олар туралы, оларды әзірлеу, бекіту, жариялау тәртібі туралы ақпараттың қолжетімділігі;
8) стандарттардың қолдану мәқсатында оларды ерікті түрде таңдау;
9) сәйкестікті растаудың бірыңғай жүйесі мен ережелері;
10) бір органның аккредиттеу және сәйкестікті растау жөніндегі өкілеттіктерді қоса атқаруын болдырмау;
11) бір мемлекттік органда мемлекеттік бақылау мен қадағалау және сәйкестікті растау функцияларының үйлеспеушілігі;
12) сәйкестікті растау жөніндегі органдардың дайындаушылардан (орындаушылардан), сатушылардан және сатып алушылардан тәуелсіздігі;
13) сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарда бәсекелестіктің шектелуін болдырмау принциптеріне негізделеді.
Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымы:
Қазақстан Республикасының Үкіметі;
уәкілетті орган;
өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар;
мемлекеттік органдар жанындағы техниклық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестер;
Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығы (бұдан әрі – Ақпарат орталығы);
Стандарттау жөніндегі техникалық комиттер;
сәйкестікті растау жөніндегі органдар, зертханалар;
сәйкестікті растау, стандарттау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлар;
техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттардың мемлекеттік қоры құрайды.
Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде техникалық реттеу саласында:
техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және олармен өзара байланысты стандарттардың ғылыми-техникалық деңгейін талдауды;
уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық реттеу саласындағы нормативтік құықтық актілерді әзірлеу немесе техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар әзірлеу, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға өзекті сипат беру және оларды бір ізге салу туралы ұсыныстар дайындау мен енгізуді;
Қазақстан Республикасында қабылданатын жоспарлар мен бағдарламаларға сәйкес техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді және мемлекеттік стандарттарды әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды;
Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау үшін сарапшылық кеңестер құруды;
өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, стандарттардың және өзге де құжаттардың қорларын басқаруды;
ҚР-ның заңнамасында айқындалатын тәртіппен техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды;
стандарттар мен өзге де құжаттарды әзірлеу және оларды халықаралық нормалармен және талаптармен үйлестіру жөніндегі жоспарлар мен бағдарламаларды дайындауды және іске асыруды;
стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді, сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және сәйкестігі міндетті расталуға тиісті өнім, көрсетілетін қызмет жөніндегі зертханаларды құру бойынша ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады.