6-ТАҚЫРЫП. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН МАҚСАТТАРЫ
Дәріс мақсаты: Мемлекеттік басқару мақсаттарының қалыптасу негіздерін, мемлекеттік басқарудың функционалдық құрылымын қарастыру.
Мемлекеттік басқару мақсаттарын қалыптастыру.
Мемлекеттік басқарудың функционалдық құрылымы.
Мемлекеттік басқару мақсаттарын қалыптастыру. Жалпы басқарудағы (кез келген оның түрінде), әсіресе, мемлекеттік басқарудағы мақсаттарды айқындау мәселесі басқарушылық теория мен практика үшін ең өзекті мәселелер қатарына жатады. Нақты қойылған мемлекеттік басқару мақсат-тарын қалыптастыру процесі бір жағынан, әлеуметтік жүйеге бағыттала-тындықтан, екіншіден, оларды іске асыру үшін мемлекеттік билік қолданыла-тындықтан күрделі (интеллектуалдық) зияткерлік процесс болып табылады.
Бүгінгі күні шынайы демократияға өту ең алдымен, мемлекеттік басқару мақсаттарын қалыптастыру механизмдерін өзгертуді ұйғарады. Осыған байланысты МБТ мемлекетік басқару мақсаттарының туындауы мен қалыптасуының қоғамдық негізіне айрықша мән беріледі. Бұл мемлекеттік басқару мақсаттары объективті түрде “төменде” туындауы қажет және туындайды да, яғни сол мемлекетті құрайтын адамдардың қажеттіліктері мен мүдделерінен бастау алады дегенді білдіреді. Кез келген қазіргі заманғы мемлекеттің мәні мен мақсаты – өз халқының материалдық және рухани дамуына жағдай жасау. Сол себепті қоғамда орын алған жағдайлар мен оны толғандырып отырған мәселелер мемлекеттік басқару мақсаттарының қалыптасуының негізін құрауы қажет. Бұл үлкен ой еңбегін талап ететін үрдіс. Ол үшін қажет етіледі:
- сол қоғамның ішкі және сыртқы ортасында қалыптасқан объективті жағдайларды зерттеу;
- субъективтік фактордың шынайы мүмкіндіктері мен күш-қуаттарын анықтау;
- басқарылатын объектілердің нақты қажеттіліктері мен мүдделерін білу;
- басқару потенциалын дұрыс бағалау;
- мемлекеттік басқарудың мақсатты бағытталуына алып келетін өзге іс-
Екіншіден, мақсаттарды қалыптастырудың субъективті тұстары және одан туындайтын МБ салыстырмалылығы мен ашықтығы. Жалпы мемле-кеттік басқару мақсаттары басқарылатын объектілердің болашақта болады-ау деген жай-күйінің бейнесі (моделі), алдын ала санада жоспарланған ойдың іске асуының «түпкі межесі» болып табылады. Көздеген басқару мақсаттарын қалыптастыру мен негіздеуде, оларға жету жолдары мен құралдарын іздестіруде қиындықтардың туындайтыны күмәнсіз. Себебі алдағы уақыт белгісіз, басқарылатын объектілердің болашағын дәлме дәл айтып, көрсету мүмкін емес, сол себепті мемлекеттік басқару мақсаттары ықтималды сипатта болады. Осыған байланысты қоғам дамуның стратегиялық бағыттарын, мақсат-міндеттерін анықтап, қалыптастырумен айналысатын субъектілердің рөлі, жауапкершілігі мен кәсіби деңгейі жоғары болуы керек. Қоғамның болашақ дамуының ықтималдық сипатын ескере отырып, мақсаттарды қалыптастыру процесінде тиісті құралдар қолданылады. Атап айтқанда, болжау, бағдарламалау, жоспарлау. Қоғамның даму үрдістерін болжау деңгейі неғұрлым жоғары болса экономиканы басқару ісі де соғұрлым тиімді болады.
Үшіншіден, мемлекеттік басқару мақсаттарының иерархиясы. Иерархия тұтас, бүтін нәрсенің бөлшектерінің жоғарыдан төмен қарай орналасу тәртібі. Мемлекеттік басқару мақсаттарының иерархиясы қоғам дамуының қажеттіліктері мен мүдделерінің басымдығы қағидасы негізінде құрылған. Төртіншіден, мемлекеттік басқарудың «мақсаттар терегін» қалыптастыру. Мемлекеттік басқарудың «мақсаттар терегінің» негізін стратегиялық мақсаттар құрайды, өз кезегінде стратегиялық мақсаттар оперативті, ал оперативті мақсаттар – тактикалық мақсаттарға ұласады.
Достарыңызбен бөлісу: |