6. Талдамалық жазба 1-бағыт: Экономика 1-мақсат: Инфляциялық үдерістерді реттеу



бет2/3
Дата25.12.2016
өлшемі0,55 Mb.
#4652
1   2   3

3-мақсат: Азаматтарды әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесі

2013 жылы «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не 1370 адам МАӘК тағайындауға жүгінген, олардан МАӘК алушыларының санынан еңбекке қабілетті тұрғындарының саны – 457 адам, нәтижесінде 2013 жылы МАӘК алушыларының құрамында еңбекке қабілетті тұрғындардың үдемелі салмағы 33,4 % құрайды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауда тенденцияның төмендеуі қаралады. Өтініш берушілердің санының азаюы еңбекақы төлемінің өсуімен, жаңа жұмыс орындарының пайда болуымен, зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақылар мен бір жасқа толуына дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы мөлшерінің өсуімен байланысты.

2012 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі 15244 теңгені құрады, 2013 жылы – 16392 теңге, сәйкесінше ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсуінің темпі 106 % құрады.

01.01.2014 жылғы жағдай бойынша әлеуметтік арнайы қызметтер бойынша мұқтаж тұлғалардың саны 2406 адамды құрады, 2013 жылы жоғарыда аталған қызметтермен 1966 адам қамтылған, осыған байланысты әлеуметтік арнайы қызметтер көрсетумен қамтылған тұлғалардың үдемелі салмағы – 81,7 %. Арнайы әлеуметтік қызметтермен мемлекеттік сектор ұйымдарымен 1956 адам қамтылған, мемлекеттік емес ұйымдармен – 10 адам.

2013 жыл бойынша жұмыспен қамту мәселесі бойынша 10710 адам жүгінген, олардың тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылғандары – 10447 адам, жылдың қорытындысы бойынша жұмысқаорналастыруға жәрдем көрсетуге жүгінген тұлғалардың санынан жұмысқа орналастырылғандардың үлесі 98 % құрады, бұл жоспарланған көрсеткіштен жоғары.

Жаңа жұмыс орындарын құру көрсеткіші орындалды. Жастар тәжірибесі бойынша 111 адамға, әлеуметтік жұмыс орындарына 130 адамға, қоғамдық жұмыстарға 883 адамға жұмыс орындары құрылған, 983 адамға кәсіпорындардан бос жұмыс орындары түскен.

Жұмыспен қамтылған тұрғындардың жалпы санынан өздігімен жұмыспен қамтылған тұрғындардың үлесі 6,6 % құрады.

Жылдың қорытындылары бойынша қоғамдық жұмыстарға 102 млн. теңге жалпы сомасындағы еңбек ақы төлемімен 883 адам, кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін жоғарылатуға 4,9 млн.теңге сомасына 350 адам жолданған.

Жұмыспен қамту саласында тұрғындарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар 27,8 млн. теңге сомасында көрсетілген, оның ішінде:

- 2,2 млн. теңге сомасында 43 адамға жеке істі ашуға материалдық көмек көрсетілген;

- 11,3 млн. теңге сомасында 130 адамға әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған;

- 14,3 млн. теңге сомасында 111 адамға жастар тәжірибесіне жұмысқа орналастырылған.

2013 жыл бойынша келесілер төленген:

- 407 отбасына/1370 алушыға 46,5 млн. теңге сомасында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек. МАӘК орташа мөлшері отбасының бір мүшесіне айына 2 829,4 теңге;

- әрбір балаға айына 1731 теңге мөлшерінде 1164 балаға 587 отбасына 14,0 млн. теңге мөлшерінде балалар жәрдемақысы.


Мәдениет және тілдерді дамыту
4-мақсат: Мәдениет саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру

2013 жылы мемлекеттік және кәсіби мерекелерге арналған 23 қалалық ісшаралар мен конкурстар өткізілді. Аталмыш ісшараларға қала тұрғындары, оқушылар, студенттік жастар, мемлекеттік мекеме қызметкерлері қатысты. Сонымен қатар қалалық ісшараларға атақты қазақстандық эстрада жұлдыздары «Мюзикола», «Ринго», А.Жеменей, Е.Кокеев, Р.Рымбаева, Н.Абдуллин, Ә.Каримов қатысты және қала мен облыстың мәдениет үйлерінің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік бағдарламалар өткізілді.

Әлеуметтік сауалнама қорытындысы бойынша.. Жалпы қала тұрғындарының бағасы оптимистік тұрғыдан нейтралды-оптимистік. Жауап берушілердің көбісі атқарылып жатқан жұмысты қолайлы деп ойлайды. Бұндай нәтижеден ешқандайда теріске шығару, шиеленісушілік байқалмады. Сонымен қорытындылай келе Қарағанды қаласы тұрғындарының 85 % -ы мәдениет саласының сапа деңгейімен қанағаттанатындықтарын байқатты.

Кітапханалардағы электрондық ресурсты қолданушылар саны 10,3 мың адамды құрады, яғни жоспарға сай 100%.. Электрондық каталогқа енгізілген кітапханалар қоры 45 мың бірлікті құрады.

Кітапхана қорын толықтыру үшін бюджеттен 5,6 млн. теңге бөлінді. Баға ұсынымының сұраныс әдісімен электронды мемлекеттік сатылым көмегі арқылы 584,8 мың дана әдебиеттер алынды., оның ішінде мемлекеттік тілдегісі 125,3 мың дана. ОКЖ 20 компьютермен толықты. Кітапханашылар қызметін жеңілдету үшін КАБИС бағдарламасымен қамтамасыз етілді.

2013 жылы "Молодежный" МҮ-нің төбе жабындысы және жылыту жүйесі жөнделді, "Локомотив" спорт кешенінің технологиялық құрылғылары ауыстырылды, "Шахтер" стадионындағы орталық алаңның қосалқы жасанды жабындысы ауыстырылды, "Шахтер" стадионындағы пласстмасалы орындықтар ауыстырылды, "Молодежный" МҮ-нің автоматты өрт сөндіру жүйесі жөнделді. Жұмыстар уақытында орындалды.



5-мақсат: Мемлекеттік тілді дамыту

Қойылған мақсатқа жету жолындағы барлық жұмыстар «Тілдер туралы» Заңға сәйкес жүргізілді.

Қарағанды қаласы әкімдігінің 2005 жылдың 24 қыркүйегіндегі № 42/3 қаулысына сәйкес қаланың мемлекеттік мекемелеріндегі ісжүргізу жұмыстары мемлекеттік тілге аударылды. Барлық мемлекеттік мекемелердегі кіріс-шығыс құжаттарды мемлекетік тілде жүргізу жұмыстары бақылауға алынды. 2013 жылы мемлекеттік тілде ісжүргізу жұмыстары көлемінің 10% артуы, Қарағанды қаласы әкімінің 2013 жылдың 19 наурызындағы "Қарағанды қаласының мемлекеттік мекемелерінде мемлекеттік тілді қолдану мен дамыту және 2013 жылғы міндеттер туралы" №14/73 қаулысының шығуымен байланысты.

Мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар санының үлесі өткен жылмен салыстырғанда 1% өсті. Бұндай көрсеткіш көрсетудің бірден-бір себебі Қарағанды қаласындағы орталықтанған кітапхана жүйесінде мемлекеттік тілді оқытатын лингофондық-мультимедиалық кабинеттің ашылуы.

"Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-де мемлекеттік бағдарлама аясында мемлекеттік тілді және басқа тілді дамыту мақсатында көптеген ісшаралар өткізілді.

Мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін арттыру мен насихаттау мақсатында жыл басынан бастап: 3 семинар, 3 дөңгелек үстел, 9 байқау және Славян жазу күніне, Тілдер күніне арналған 2 қалалық мереке, әлеуметтік зерттеу жұмыстары өткізілді.

"Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі" ММ-мен біріге отырып жергілікті БАҚ-та мемлекеттік тілді оқыту мен дамыту мақсатында насихаттау жұмыстары жүргізілуде. Тілдік кедергілерді жеңу, мемлекеттік мекемелердегі ісжүргізу жұмыстарындағы мемлекеттік тілдің қызметін арттыру, сыртқы көрнекі ақпарат пен жарнамалардағы қателіктердің көрсеткішін төмендету мақсатында жұмыстар атқарылып жатыр.
Дене шынықтыру және спорт
6-мақсат: Бұқаралық спорт, дене шынықтыру-сауықтыру қозғалыс және ен жоғары спорттың табыстарын дамыту.

Күнтізбелік жоспар бойынша 2013 жылда 245 спорттық-бұқаралық шаралар өткізілді. Жарыстарға 32100 әр түрлі жастағы адамдар қатысты. Шаралармен барлық халық санаттары қамтылған: аула клубтарындағы балалар, жастар, кәсіпорындар мен мекемелерін ұжымы мүшелері, ардагерлер, мүгедектер. 2013 жылда 12 спорт түрі бойынша Аула клубтарының ХІ Спартакиадасы, Мектеп оқушылар, колледж, кәсіптік лицейдердің Спартакиада бағдарламасында ақтық және қалалық жарыстар өткізілді .2010 жылдан бастап жылсайын 4 спорт түрі бойынша: волейбол (ерк+әйел.), мини-футбол(ерк), баскетбол (ерк+әйел.), және үстел теннисінен(ерк+әйел.) «Студенттік Лига» бағдарламасында жарыстар өткізіледі.

Еңбек ұжымдарының, кәсіпорын және қала мекемелерінің өкілдерін дене шынықтыру және спортпен белсене айналысу үшін жұмыс жүргізіліп жатыр. Кәсіпорындар мен мекемелер қызметкерлерінің сауықтыру жаттығуларын жүргізу үшін қаланың білім беру ұйымдарыммен тегін негізде меморандумдар жасалынуда. 1.01.14. жылға сауықтыру топтарында айналысатын адамдардың саны – 602 ересек тұрғындар. Әлеуметтік қорғалатын санаттағы халыққа қаланың спорт кешендері мен фитнес-орталықтарында тегін және жеңілдік беретін негіздерінде сауықтыру жаттығулар ұйымдастырылды. 50-ден астам мүгедек жандар тегін негізде «Спортика», «Персона» фитнес-орталықтарында, «Карат» СК, «Шахтер» ҚМКК спорт алаңдарында айналысады.

Бұқаралық спорт, дене шынықтыру-сауықтыру қозғалыс және ең жоғары спорттың табыстарын дамытуы бойынша барлық жоспарланған көрсеткіштер орындалды.


7-мақсат: Бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру

Туристік қызмет саласында қызмет көрсетуші ұйымдардың жиынтық табысын ұлғайту өткен жылдың деңгейіне қарағанда жоспарланған деңгейде күтіледі. Нақтыланған деректер 2014 жылдың І жартыжылдығының қорытындылары бойынша беріледі (статистика органдары 1 тоқсан кешіктіріп жариялайды).



Ішкі саясат
8-мақсат: Мемлекеттікті және ұлт бірлігін келешекте нығайту, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету

Қоғамдық-саяси саладағы индикаторлар жетістігі мен міндеттердің көрсеткіші Стратегияны және Қазақстан даму басымдықтарын түсіндіру және насихаттау бойынша семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер өткізу, Қарағанды қаласында қоғамдық-саяси жағдайларды әлеуметтік зерттеу және мониторинг, ақпараттық-насихаттау ісшараларын ұйымдастыру және өткізу, әлеуметтік-маңызды жобаларды жүзеге асыру шеңберінде ҮЕҰ қызметтерін жандандыру жөніндегі ісшаралар жүйесін әзірлеу және халықтың ҮЕҰ қызметтеріне қанағаттануына мониторинг жүргізу арқылы іске асырылады.

Әлеуметтік сауалнама қорытындылары бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қоғам институттарының және мемлекеттің өзара қарым-қатынасын оң бағалайтын халықтың үлесі 61%, конфессияаралық қатынас саласында мемлекеттік саясатты оң бағалайтын үлес -61%, этносаралық қатынас саласында - 88% құрады.

Қоғам институттарының және мемлекеттің өзара қарым-қатынасын оң бағалайтын халықтың үлесі 2013 жылы 58% құрады. 14 жастан 29 жасқа дейінгі тұрғындардың жастарға қатысты мемлекеттік саясаттың қанағаттанарлық деңгейі 2013 жылы 8,2% құрады. Жастар ұйымдарына қатысқан жастардың үлесі 2013 жылы 78% құрады.


Қоғам қауіпсіздігі және құқықтық тәртіп
9-мақсат: Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, есірткі бизнесімен және нашақорлықпен күрес және қылмыспен күресудің нәтижесін жоғарылату

Көрсетілген шараларға жету үшін нысаналы индикаторлар жоспорланып және өңделді:

1. 50% деңгейі төмен емес 2015 жылғы ішкі істер органына халықтың сену деңгейі болжамы. Көрсетілген көрсеткіш Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігімен бекітілген Қарағанды облысының ІІД Стратегиялық жоспарымен негізделеді. Осы көрсеткіштер әлеуметтік сұрақтарды жүзеге асыруда тәуелсіздік қайнардың негізімен зерделінеді (ҚР ІІМ мәліметі бойынша Қарағанды облысының көрсеткіштері). 2013 жылы Қарағанды облысы және Қарағанды қаласы бойынша талдау жұмысы жасалынған жоқ.

Нысаналы индикаторға жету мақсатында 2 сұрақ көрсеткіштермен қойылған:

Мақсат 1. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Көрсеткіштер:

1. ЖТҚ деңгейінің төмендеуі (10 мың. бір. транспорты).

Нысаналық индикаторлар көрсеткіштері асыра орындалды. 2013 жылдың 12 айына есептелген кезеңі ішінде Қарағанды қаласының аумағында 393 ЖКО тіркелді, онда 50 азамат қаза тауып, 457-ы әртүрлі ауыр дәрежедегі жарақаттар алды, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда ЖКО саны + 25,5% (313-тен 393-ке дейін), жараланғандар саны + 36,8% (334-тен 457-ге дейін) және қаза тапқандардың саны -3,8%-ға (52-ден 50-ге дейін) өскені байқалады. Қарағанды қаласында балалардың қатысуымен 52 ЖКО тіркелді, онда 1 бала қаза тауып, 52 бала жарақат алды. Өткен жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда ЖКО саны бойынша +40,5% (33-тен 52-ге дейін), жарақат алғандардың саны бойынша +57,8% (33-тен 52-ге дейін) өсті және қаза тапқандардың саны бойынша -66,7% (3-тен 1-ге дейін) .Қазіргі уақытта облыс орталығында 138 бағдаршам объектісі жұмыс істейді, оның ішінде 16-сы жаяу жүргінші шақыру құрылысы орналастырылған, және барлығы жол қозғалысын автоматтандырылған басқару жүйесінде (ЖҚ АБЖ) «жасыл толқын» режимінде жұмыс істейді. 2013 жылы Қаағандыда 8 жаңа бағдаршам объектісі салынды және іске кірісті. 2013 жылдың жазғы мезгілінде қала көшелерінде 130 000 кв.м жалпы қажеттілікте 40 300 кв.м жол таңбасы салынды.

2. Мақсат: 1. Есірткі бизнесімен және нашақорлықпен күрес және қылмыспен күресудің нәтижесін жоғарылату

Көрсеткіштер:

1. Осы категориядағы қылмыстың санынан аса ауыр және ауыр қылмыстардың ашылу үлесі, яғни өндірісте тұрған қылмыстық істер бойынша 42,1% төмен емес (Бағдарлама бойынша 2013 жылға).

Нысаналық индикаторлар көрсеткіштері асыра орындалды. 2013 жылы ауыр және аса ауыр қылмыс түрлері бойынша 877 қылмыс тіркелген, бұл көрсеткіш 2012 жылға қарағанда 9,8 пайыз көп, осы қылмыстардың 463 ашылған. /2012 жылы 530/.

2010 жылы Қарағанды қаласының ішкі істер Басқармасымен 2009 жылдың 18 маусымындағы «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің Үкіміне сәйкес қалалық әкімшілігімен бірлесіп 2011-2015 жылдары Қарағанды қаласының аумағын дамыту Бағдарламасы өңделген.

Осы Бағдарламаға сәйкес Қарағанды қ. ІІБ нақтыланған нысаналы және алдыға қойылған сұрақтарды жүзеге асыру үшін нақты негізгі бағыттар қойылған.

Қарағанды қ. ІІО осы бағдарламадағы негізгі мақсаты болып жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыспен күресу және болып есірткі және нашақорлықтың заңсыз айналдыру алдын-кесу табылады

Нысаналы индикаторлардың нақты мақсаттарының біреуі қылмыстың санынан аса ауыр және ауыр қылмыстардың ашылу үлесі, яғни өндірісте тұрған қылмыстық істер бойынша.



2. Алынған есірткілердің саны, оның ішінде героин 14/5,1 кг. төмен болмау керек (Бағдарлама бойынша 2013 жылға).

Нысаналық индикаторлар көрсеткіштері асыра орындалды. Заңсыз айналымнан барлығы 99 кг. 510 гр. (2012 ж. – 13 кг. 865 гр.) әртүрлі есірткі зат алынды, оның ішінде 5 кг. 265 гр. (8 кг. 204 гр.) «героин», «апиын» 018 гр. (0), «марихуана» – 91 кг. 258 гр. (5 кг. 522 гр.), «гашиш» – 2 кг. 986 гр. (139 гр.). Мысал ретінде салмағы 2 кг. 21,39 гр. «героин» есірткі құралы А.Н. Сусхановтан, салмағы 3 кг. «героин» есірткі құралы В.Б. Жұмабаевадан, салмағы 1 кг. 784 гр. «гашиш» есірткі құралы Б.Ж. Сериковтан, салмағы 1 кг. 105 гр. «гашиш» есірткі құралы Р.Р. Габитовтан алынғанын көрсетуге болады.

Есірткі заттармен заңсыз айналысқаны үшін 42 адам ұсталды - ІІБ (2012 ж. - 36). 35 есірткі сату орындары жойылды (2012 ж. - 30). 4 есірткі затын тасымалдау арнасының жолы кесілді (2012 ж. - 4).

2. Шаралардың орындалуы:

1. Жол қозғалысының қауіпсіздігіне нақты қауіп жасайтын құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту

Қарағанды қ.ІІБ ӘП бөлімі (ЖПБ) қызметкерлерімен жол транпорты оқиғасын әрқашандық негізде зерделеуде топографикалық және мұқиятты жүргізіледі, елеулі авариялық-қауіпті участоктер анықталды.

Қаланың барлық авариялық қауіпті орындары бойынша Қарағанды ІІД ЖДПП жол қозғалысын бақылауды күшейту жөнінде ұсыныстар жіберілді.

Сондай-ақ жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша сәйкес органдарға ақпараттар жолданды.

2. Жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін нығайту, әсіресе адам таситын транспорт жүргізушілердің тәртібін нығайту.

Облыс орталығының жолдарында авариялықты тұрақтандыру мақсатында жол қозғалысы қауіпсіздігіне ықпал жасайтын жол қозғалысы тәртібін бұзушыларды анықтау бойынша бірталай ұйымдастыру және тәжірибелік шаралар жүргізілуде, сонымен бірге бекітілген кестеге сәйкес АКТҚ бар заңды тұлғаларды құрама тексеру жүргізілуде, 31 кәсіпорындар және өндірістерінде жол қозғалысының қауіпсіздігі тақырыбында әңгіме және лекция жүргізілді.

Телевизор каналдарында және сауле экрандарында жол қозғалыс тәртібін сақтау тақырыбында бейне роликтер әрқашан көрсетіледі.

3. Жүргізушілердің профессионалдық дайындығы және жол шарттары, транспорттық құралдың жағдайын және жол полиция қауіпсіздігіне әсер ету нәтижесін жоғарылату

Жергілікті орындау органдарына, оның ішінде облысқа да жол қозғалысын жүзеге асыру, оның ішінде қосымша келтіру құралын қою бойынша ұсыныстар жүйелі енгізіледі. Қарағанды қаласында 2013 жылғы «Жол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша шараларды таратуда 240 жол белгісі, 8 «Абайла балалар» қалқандары, 8 светофор объектілерінің құрылысы орналастыруға шағын бөлінген, сонымен қатар ІІД ОБ және ІІБ ЖПБ, ІІД ЖПБ аппаратының офицерлік құрамын тарту арқылы жүйелі рейдтік жұмыстар жүргізіледі, бөлім қызметкерлері облыстық және қалалық Әкімшілігімен өткізілетін, митингтеріне, жәрменкелеріне және мәдени-көпшілік шараларын өткізуге жүйелі өткізілуіне қатысады.

4. Транспорттық құралды тіркеу процессін оптимизация есебінде азаматтарға қызмет көрсету үшін жағдайды жақсарту

Қарағанды қаласының азаматтарына транспорт құралын тіркеу және қайтадан тіркеу, сұрақтары жөнінде қызмет көрсету, жүргізу куәлігін берумен Қарағанды облысының ӘПБ ТЕЖБ жұмыс жасайды. Қала бойынша азаматтарға қызмет көрсету үшін ХҚО пункт ашылды. Қарағанды қ. ІІБ ӘПБ (ЖПБ) қызметкерлерімен осы шараларды ақпараттық функция жүзеге асырады, жұмыс барысында азаматтарға автотранспорттық құралын тіркеу тәртібін және ережесін түсіндіреді, қажетті құжаттарды дайындауда және рәсімдеуде көмек көрсетеді.

5. Жол полиция бөлімшелерінде жемқорлықтың алдын-алу

Әрқашандық негізде әкімшілік (жол) полиция қызметкерлерінің жеке құрамымен «Жемқорлықпен күресу туралы» ҚР Заңын оқып зерделеу бойынша және жемқорлық құқық бұзушылыққа және қылмысқа жол бермеу жөнінде жұмыс жүргізіліп жатыр. Одан басқа, азаматтар жағынан жемқорлыққа қарсы әрекет жасау бойынша жұмыс жүзеге асырылуда.

6. Бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүзеге асырылуда және қылмысты ашу бойынша арнайы операциялар, барлығынан бұрын «ізін суытпау» бойынша

2013 жылы жол-партрульдік полицияның саптық құрылымдық бөлішелерімен 2467 қарсы 3149 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған, өсу 27,6% құраған. Істердің осыған ұқсасы құқық бұзушылықтарды анақтауға олардың қатысуында да байқалады, ондағы өсу 28,3% (2446-нан 3138 дейін). Қарағанды қ. ІІБ ЖППП полицейлерімен тікелей ізін суытпай 209 қылмыс ашылған. Әскери жасақтардың қатысуымен 5451 ә/б-185 қылмыс ашылды. Бұдан басқа, ҚР ІІМ ІІ әскери жасақтардың қатысуымен 314 құқық бұзушы ұсталды, 2012ж. ұқсас кезенінде 283 қарсы, өсу 11% құрады. Ағымдағы жылы ПКК жұмысын ұйымдастыруына ерекше назар аударылды, сондай-ақ жасалынған қылмыстар бойынша дер кезінде қимылдауына, сондай-ақ оны ізін суытпай ашуға полицияның кешенді күштері мен құралдарын оқыту. Осылай ағымдағы жылдың басынан қала аумағында тонаушылық, бұзақылық және қарақшылық сияқты сипатты көше қылмыстары бойынша 22 оқу-тәжірибелік еңгізулер өткізілді.

Бұдан басқа, әкімшілік және жол полиция құрылымдарының бірігуіне байланысты жол-патрульдік полицияның жеке құрамын тәжірибелік оқыту бойынша жұмыс жалғасуда, дәлірек айтқанда жасалынған қылмыстарға уақытылы әсер ету және оларды ізін суытпай ашу. Қарағанды қ. ІІБ басшылығымен және ЖПП полкінің командалығымен ЖППП жұмыс нәтижесін қорытындылау бойынша жұмыс кеңесі жүргізілді, онда сондай ақ қызмет атқару кезінде проблемалық сұрақтар қарастырылды.

Ақырғы кеңес нәтижесі бойынша сәйкесінше шешім дайындалды. «Тосқауыл» және «Сирена» арнайы жедел жоспарлар бойынша оқу-тәжірибелік енгізулер КПБ қызметкерлерімен жүргізіледі және аталған жоспарлар бойынша енгізу сабақтарын өткізу кезінде, «Тосқауыл» және «Сирена» арнайы жедел жоспарларын шынайы енгізу жағдайында олардың іс-қимылдарын және тәжірибесін жетілдіру мақсатында ПКК ПЖҚ барлығы жұмылдырылады. 2013 жылы КПБ қызметкерлерімен «ізін суытпай» 748 қылмыс ашылды, оның ішінде 13 ауыр және өте ауыр қылмыс түрі.

7. Бұрынғы жылдардағы жасалған қылмысты ашу бойынша ұйымдастырылған жұмыс жақсартылды, оның ішінде тергеу әрекеттерін жоспарлау және нақты қылмыстық істермен жедел-іздестіру шаралары

Жедел ахуалды тұрақтандыру қылмыстарды ашу деңгейін көтеру үшін Қарағанды қ. ІІБ-ның кеңестерде бөтеннің мүлкін ұрлаумен, оның ішінде сараланған түрлерімен байланысты криминогендік жағдайдың жай-күйі үнемі талданады және қарастырылады, сонымен қатар Қарағанды қ. ІІБ КПБ-мен 2013 жылға осы қылмыстың түрі бойынша күресті күшейтуге және олардың санын төмендетуге және қылмыстық істер бойынша өткен күдікті адамдарды ұстауға бағытталған ескерту, алдын алу және жедел-іздестіру қызметін жандандыру бойынша кешенді іс-шаралар жоспары әзірленген. Қарағанды қ. ІІБ бастығының бұйрығымен бұрынғы жылдары жасалған ауыр және аса ауыр қылмыстарын ашу бойынша жұмысты линиясына ТБ және КПБ елеулі тәжірибелі қызметкерлерінің арасынан тергеу-жедел тобы құрылды.

Тұрақты түрде бұрынғы жылдары ашылмаған қылмыстар бойынша қылмыстық істерді зерделеу жүзеге асырылуда. Зерделеу негізінде оларды ашу бағытында тергеу шаралары және жедел-іздестіру жоспары өңделеді. Бұрынғы жылдары жасалған қылмыстарға қатыстылығын тексеру мақсатында тұрақты түрде әкелінген тұлғаларды міндетті түрде криминалистік есепке қою арқылы локалдық жұмыстар жүргізіледі және әрі қарай қылмыс жасалған орыннан алынған іздердің дактилокарталары тексеріледі, сонымен қатар анықтау үшін база бойынша ұялы телефондарды тексеру, заттай айғақтарды алу және әрі қарай бұрын жасалған қылмыстарды ашу, оның ішінде бұрынғы жылдары ұялы телефондарды ұрлау жұмыстары жүзеге асырылуда.

2013 жылы 23 жедел алдын алу іс-шаралары жүргізілді, олар «Пәтер» ЖАШ, «Автомобиль» ЖАШ, «Қалта ұры» ЖАШ, «Қару» ЖАШ, «Контрафакт» ЖАШ, «Мәдени құндылықтар» ЖАШ, «Құқықтық тәртіп» ЖАШ, «Мал ұры» ЖАШ, «Тонауға қарсы» ЖАШ, «Барсетка» ЖАШ, «Нелегал» ЖАШ, Бұдан басқа қылмыс көп жасалатын ауданда 11 жергілікті жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар Қарағанды қ. ІІБ КПБ-мен ауыр және өте ауыр қылмыспен күресудің және олардың алдын алудың тиімділігін көтеруге байланысты іс-шаралар жоспары әзірленді.

8. Есірткі бизнесі жүйесінде ұйымдастырылған қылмыс тобы жұмысының алдын-кесу және анықтау, ескерту

Есірткі бизнесі саласындағы ұйымдасқан қылмыстық топты анықтау бойынша мәселесі ерекше коңіл бөлуді талап етеді. Сонымен Қарағанды қаласының ІІБ бастығының 06.02.2013 ж. № 87 бұйрығымен есірткі бизнесі саласындағы ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау және әшкерелеу, халықаралық есірткі трафиктерді жою, есірткі құралдардың ірі партияларын алу үшін арнайы мамандырылған топ құрылды. Облыстың ІІД ҰҚҚКБ-мен бірлесіп ҚР ҚК 235 б. 2 б. бойынша факті тіркелді, 11.12.2013 ж. қылмыстық іс қозғалды.

9. Заңсыз есірткі айналымымен байланысты, заңды және жай тұлғалар, жағдай туралы жедел ақпаратты мекемеаралық банк таптарын құруды қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Біріктірілген деректер банкін қалыптастыру және пайдалану жөніндегі 01.04.2009 ж. № 125 (ҚР ІІМ 22.02.2011 ж. № 85 бұйрығымен өзгерту мен толықтырудар енгізілді) нұсқаулығына сәйкес есірткі құралдардың заңсыз айналымына байланысты жеке және заңды тұлғаларды және оқиғаларды ведомствоаралық жедел банкі мәліметтері іріктелуде (Наркотики-факт, Наркотики-фигурант).

10. Оқу және ойын-сауық орындарында арнайы рейд жүргізу, сонымен қатар, есірткі тарату фактілерінің алдын-алу және анықтау мақсатында көпшілік шаралар өткізіліп жатқан орындарда арнайы рейд жүргізу

Қазіргі кезде Қарағанды қ. ІІБ ЕБҚКБ жастардың қолы бос кезінде жиналатын орындарында (ойын-сауық мекемелері) есірткі құралдарын таратушылардың қылмыскерлік жұмыстарын құжаттандыру және анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіледі.

ҚР бірталай заңдылықтарының мүдделеріне қақтығуына байланысты оқу және ойын-сауық мекемелерінде арнайы рейд өткізуге мүмкіндік болмайды.

Яғни, психтроптық заттар және есірткі құралының заңсыз айналымымен байланысты қылмысты анықтау және ескерту үшін ойын-сауық мекемелерінде, түнгі клубтарда, барларда, ресторандарда және осы категориядағы өзге де мекемелерде қажетті жүйелі рейдтерді жүзеге асыру керек, алайда тексерісті тағайындау туралы актінің жоқтығынан (жеке меншік мүддесін құштандандыру) ІІО қызметкерлері көрсетілген мекемелерге бөгетсіз кіруге болмайтын проблемамен жиі соқтығысып қалады.

Осыған байланысты, осындай түрде тексеріс тағайындаудың нысаналы сәйкестілігі жөніндегі сұрақты қарастыру қажетті, яғни осындай рейд жүргізу барысында кәсіпкерлік субъектінің қаржы-шаруашылық жұмысы тексерілмейді, қажеттілігінше ғимарат ішіндегі тұлға немесе ғимарат тек сырттай байқалына салады.

ҚР «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 37-1 бабына сәйкес, жеке меншік кәсіпорын субъектісін тексеру – мемлекеттік бақылаудың бір түрі, ол мемлекеттік органдардың қадағалау және бақылауды жүзеге асыру уәкілдігіне өткізеді. Осыған орай мемлекеттік міндетті тұлғамен тексерілген объектіге баруы тексеріс болып табылады. Жеке меншік кәсіпорын субъектісін тексеру келесі түрге бөлінеді:

1) жоспарлы; 2) жоспарсыз.

Сонымен қатар, 2011 жылғы Қазақстан Республикасының «ҚР мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңының 10 бабына сай басқа формдарда ескерту-тәжірибелеу түріндегі бақылауды және қадағалауды жүргізуде тексерілетін субъектіге алдын-ала хабарлау талап етілмейді, сонымен бірге арнайы есептермен және құқықтық статистика бойынша уәкілді органдарға тіркеу, тағы да көрсетілген мекемелерге қатысты бақылау өткізу жұмыс жасау немесе тәжірибелік шаралар түрінде мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет