6. Тәжірибелік сабақтар орындауға арналған әдістемелік нүсқаулар


Тәжірибелік сабақ-6. Геометриялық оптика бойынша есептер шығару



бет7/15
Дата07.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#87029
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
1602571454459 6. АиУ қ. физ.2 тәжірибелік сабақ

Тәжірибелік сабақ-6. Геометриялық оптика бойынша есептер шығару.
1. Фокус аралығы F болатын линзаның көмегімен экраннан L қашықтықтағы нәрсенің үлкейген және кішірейген кескін алады. Кескіндер өлшемдерінің қатынасын табу керек.
Шешуі. Линзаның екі қалпындағы үлкейтулерінің қатынасы k1/k = f1d/(fd1). Мұнда d, f – бірінші қалыптағы, d1, f1- екінші қалыптағы линзадан нәрсеге және кескінге дейінгі қашықтықтар. Есептің шарты бойынша f+d = d1 + +f1 = L. Линзаның формуласынан 1/F =1/f +1/d=1/ d1+1/ f1, d1f1 = df = LF. Осылардан d, f, d1 f1 шамаларының әрқайсысы үшін квадрат теңдеу шығады. Мысалы: d2- dL + FL = 0. Оның шешуі:
d= , = .
Cонымен
.
Жауабы: k1/ k .
2. Микроскоп объективінің бас фокус аралығы F1=5,4 мм, ал окулярінікі – F2 = 2 см. Нәрсе объективтен d1 = 5,6 мм қашықтықта орналасқан. Көз ең жақсы көретін d=25см қашықтыққа аккомодацияланған деп есептеп, микроскоптың сызықтық үлкейтуін және микроскоптың ұзындығын (объектив пен окулярдың аралығын) анықтау керек.
Шешуі. Объективтен бірінші кескінге дейінгі f1 қашықтықты линза формуласынан табамыз: Бірінші кескіннің өлшемі = , мұндағы х – нәрсенің өлшемі. Бірінші кескіннен окулярға дейінгі қашықтық , мұндағы d- көздің ең жақсы көру қашықтығы. Екінші кескін өлшемі =
Осыдан микроскоптың сызықтық үлкейтуі

ал микроскоптың ұзындығы
l = f1 + d2= + ≈ 16,8 c
Жауаптары: k= 364; l ≈ 16,8 см.
3. Телескоптың окулярын жоғары – төмен көтеріп – түсіру арқылы көтеру түтігін d1=2 м –ден d2 = 10 м-ге дейінгі қашықтықтағы нәрселерге фокустауға болады. Түтік шексіздікке бағыттала алатын болуы үшін объективтің алдына линза қою керек. Осы кезде ең жақын фокустау нүктесі қай жерде болады?
Шешуі. Кейінгі фокустау нүктесі шексіздікке ұласу үшін объективтің алдына алыстағы нәрселердің жалған кескінін объективтен f2 = d2 = 10 м қашықтықта бере алатын линза қоюымыз керек. Мұндай линзаның фокус аралығы F = - f2 = - 10 м болуы тиіс. Осы кезден ең жақын d‘1 фокустау нүктесін мына линза формуласынан табамыз:


.
Жауабы: d‘1 = 2,5 м.

1. Жарық күші 100 кд шам, радиусы 1 м дөңгелек столдың орталығынан 1 м биіктікте ілулі тұр. Стол шетіндегі жарықталынуды табыңыз.


А) 25 лк;
В) 50 лк;
С) 100 лк;
D) 30,2 лк;
E) 10 лк.
2. Жинағыш линзаның фокус аралық қашықтығы 0,2 м. Линзадан нәрсеге дейінгі арақашықтық 0,25 м. Линзадан кескінге дейінгі арақашықтықты табу керек.
A) 1 м.
B) 0,5 м.
C) 0,125 м.
D) 1,25 м.
E) 0,8 м.
3. Жинағыш линзаның фокус аралық қашықтығы 0,2 м. Линзаның оптикалық күшін табу керек.
A) 3 дптр.
B) 0,12 дптр.
C) 5 дптр.
D) 0,3 дптр.
E) 0,6 дптр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет