Автоқосынды (Автосумма)
Бағанды немесе сандар жолын автоматты түрде қосу үшін Негізгі құралдар қатарынан Автоқосынды түймешігін пайдалануға болады. Автоқосынды түймешігін басқан кезде, Excel бағдарламасы қосқыңыз келетін сандарды таңдайды. Enter пернесін бассаңыз, Excel бағдарламасы сандарды қосады.
Ұяшықтар адресі
Электронды кестеде 3 түрлі адрес қолданылады.
Жай (салыстырмалы) адрес
Абсалютті адрес
Аралас адрес
Салыстырмалы адрес ішінде формуласы бар ұяшыққа салыстырмалы орналасуына негізделген ұяшыққа меңзейді. Салыстырмалы сілтеме баған әріптері мен жол санынан тұрады, мысалы: А1, В3, С14.
Абсолютті адрес деген – мәні абсалютті болып қалатын, басқаша айтқанда, көшіру барысында ұяшықтың ішіндегі мәні өзгермейтін адрес. Мұндай адрестің ішінде екі $ (доллар) таңбасы бар. Абсалютті адресті табу үшін F2 пернесін басу арқылы ұяшықты редакциялау режіміне кіріп, абсалютті болдырғыңыз келген адрестің тұсына курсорды әкеліп, F4 кнопкасын басыңыз. Абсалютті адрес $A$1, $E$4 және т.б. түрінде жазылады.
Аралас адрес дегеніміз – жартылай абсалютті ұяшықтың адресі, мәселен, $E1- баған бойынша, ал A$2 жол бойынша абсалютті. Аралас адрестің бір $ (доллар) таңбасы бар. Адресті аралас ету үшін F4 кнопкасын қайта басыңыз.
Тапсырма 1.
Компания қызметкерлерінің жалақысын есептеу.
Аты жөні бағанасына 10 адамның аты-жөнін енгізіңіз. Оклад бағанасына 70 000- 160 000 аралығында сандарды енгізіңіз. Аванс - алатын ақшаның 30% пайызын, зейнетақы - алатын ақшаның 10% пайызын, салық ақша – алатын ақша мен зейнетақы айырымының 12% пайызын құрайды. Алатын ақшаны есептеңіз.
Тапсырма 2. функциясын есептеңіз. Мұндағы k=10
Тапсырма 3.
Фирманың жалпы пайдасы саудалық кірістен саудалық шығыстың айырымына; барлық шығын - жалақыға кеткен шығын, жарнамаға кеткен шығын және фирманың қосымша шығындарының қосындысына; өндірістік кіріс – жалпы пайда мен барлық шығынның айырымына тең. Сонымен қатар жылдық қорытынды есептеңіз.
Тапсырма 4.
Қала билеттері туралы мәліметтерді енгізіп, есептеулер жүргізіңіз. Барлығы қатарын есептеу үшін Автосумма кнопкасын пайдаланыңыз.
Тапсырма 5.
Түрлі есептеулерді шешуді жеңілдету үшін электрондық кестеде функциялар бар. Олар бірнеше категорияға бөлінеді.
Қаржылық; Күн және уақыт; Математикалық; Статистикалық: Сілтемелер мен массивтер. Мәліметтер қорымен жұмыс; Мәтіндік; Логикалық; Инженерлік.
Функцияны қою үшін керек ұяшықты ағымды етіп аламыз. Формулы-Функция командасын немесе батырмасын басамыз. Функция шеберінің терезесі пайда болады. Функция шебері екі қадамнан тұрады. Функция шеберінің 1-ші қадамында функцияның категориясы мен түрін таңдаймыз. Функция шеберінің 2-ші қадамында функция шеберінің аргументтерін енгіземіз.
Әр қала бойынша күніне байланысты тауарға берілген тапсырыс саны белгілі. Әр қала бойынша барлық тапсырыс санын есептеу үшін СУММЕСЛИ функциясын пайдаланыңыз. Ол үшін Е6 ұяшығына функция шеберін қойыңыз. Функция шеберінің бірінші қадамында функция категориясы ретінде Математические және түріне СУММЕСЛИ таңдаңыз. Екінші қадамында функциясының аргументтерін келесі суреттегідей етіп енгізіңіз.
Тапсырма 6.
функциясын есептеңіз. Х-тің мәні 0,5 өседі. Ол үшін В8 ұяшығына =В7+0,5 формуласын енгізіңіз және т.с.с. С7 ұяшығына Если функциясын пайдаланыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |