1-жүргізуші: Асем:
ЖИТС (СПИД) – жүре пайда болатын иммунитет тапшылығын синдромы. ЖИТС – ауру емес, ол тек басқа жұқпалы аурулардың жұғуына жағдай жасайды. Яғни адамның қорғаныш қабілетін төмендетеді. ЖҚТБ-ның төртінші сатысына Қуаныш тоқталып өтеді
2 жүргізуші: Ерболат:
1981 жылы Америкада (Атланта) ауруды бақылау комитетінің баяндауы бойынша гомосексуалистер арасында өкпе қабынуынан және сирек болатын жаңа түзінді /денеде/ сияқты бұрын таралмаған түсініксіз аурулардың көбеюі үреймен баяндалған.
3-жүргізуші: Замира:
Бұл аурудағы иммундық жүйені толық жоятындығынан бұл вирус АИВ (адамның иммунитет тапшылық вирусы) деп белгіленеді.
1-жүргізуші: Асем:
ЖИТС – бірте-бірте дамитын, кейде 5 жылға созылып, адамды ақыры өлімге жеткізетін кесел. ЖИТС-пен ауру-өлім жазасына кесілгенмен бірдей. Себебі дүние жүзінде осы уақытқа дейін әлі оны толық жазатын емжоқ. Тек қана бірақ жол-ол сақтану, алдын алу.
Достарыңызбен бөлісу: |