Қолданылатын әдістер: Конференция түрінде өткен сабақта пікірталас, сұрақ-жауап, әңгімелесу,топтастыру әдістері қолданылды.
Көрнекіліктері: Конференцияда «Ойлануға арналған бұрыш» («Сенің қалауың» кітапшасы, СПИД дертінің жұғу жолдары бейнеленген плакаттар), баяндама,оқушылардың өзіндік жұмыстары,салған суреттері «нақыл сөздер көрнекілікке алынды.Және көрме ұйымдастырылады.
І ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгелдеу
Сабаққа дайындау
Топқа бөлу
Сабақ мазмұны:
Мұғалім. Бүгін біз «Адамзатқа төнген қауіпті дерт» деген тәрбие сағатымызды бастағалы отырмыз. Бастамас бұрын, мына сөздерге көңіл аударайық:
Темекі
Алкоголь
Есірткі
-Жарайды, өте жақсы. Олай болса, осының әрқайсысына да көңіл аударсақ, бұлар бір-бірімен тығыз байланысты. (Әрбіреуіне жеке-жеке байланыстырып тоқталу.)
-Балалар, сендердің жастарың нешеде?
-13-14-те, яғни сендір қазір жасөспірімсіңдер. Жасөспірімдік кезең – сендердің адам болып қалыптасуына септігін тигізетін негізгі даму кезеңі.
-Ал, балалар, сендер өздеріңнің есейіп жатқандарыңды байқайсыңдар ма?
-Сендердің айналаға қарап киінуге, жақсы жүруге талпынатын кезеңдерің.
-Ал, сендер үлкендерге ұқсағыларың келе ме?
-Әрине, ата-ана, ұстаздың көзінше бала бұларды мойындағысы келмейді. Ал кейбір жасөспірімдердің негізгі ойлары: темекі шегу – ересек болып көріну. Темекі шексе, өзін-өзі үлкен сезініп, өзіне-өзінің сенімі артып, үйге кіруге әлі ертесініп, «мамасының баласы ғой» дейтін балаларды ажырата алады.
- Ия, алғашында осылай бола тұрса да, жасөспірімдер елігіп, шылым шегуді жалғастырады. Бірнеше рет шеккен адамға алғашқыдай жағымсыз әсер туғызбайды, керісінше, никотинге тәуелділік қалыптасады. Әрі қарай темекіге деген құштарлық туады.
Достарыңызбен бөлісу: |