64. Қазақтардың ұлттық мәдениетінің ерекшеліктері 68. Тауелсіздік кезең философиясы


Антикалық философия тарихындағы адам бейнелері



бет49/85
Дата07.10.2023
өлшемі0,7 Mb.
#184015
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   85
Байланысты:
64. Қазақтардың ұлттық мәдениетінің ерекшеліктері 68. Тауелсізді-emir

29. Антикалық философия тарихындағы адам бейнелері.
Философия тарихында адам баласының шығу тегі, оның бейнесіне деген адамдарда қызығушылық ертеден бастау алған. Адамның жасап жатырған істері, оның ойлауы, жаны мен санысы жайлы түрлі қызықты тұжырымдамалар жасалып, іс-әрекеттеріне логикалық бірізділік түсіндірмелер жасалып көрінді. Антикалық кезеңнен бастап адамдар айналысынан адам бейнесіне зейіндері ауысты.
Антикалық уақыттың классикалық кезеңіндегі философтар адамның мәні, оны тану және болмысын анықтаумен болды. Осы кезең философтары адамды физикалық дүние ретінде емес, жеке сана ретінде түсіну керек деп айтқан. Адам өз-өзін сынай алады және ішінде ар-ұжданы бар тұлға. Олай болатын болса адамның ішкі жан-дүниесін тәрбиелеу және өсіру қажет. Осы кезеңнен бастап адамдар материалдық және рухани байлықтардың болатынын, материалдық заттардың осы жерде адам өмірінің аяқталуымен бірге қалатынын, ал жан-дүниесінің өзімен бірге кететіні жайлы түсініктер қалыптасты. Классикалық кезең біздің заманымызға дейін 5 ғасыр уақыт шеңберін құраса, ол кезеңнің көрнекті философтарына Платон Аристотельдер жатады.
Платонның негізгі философияда жасаған төңкерісі – оның «Эйдос» әлемін ашқаны. Осы уақытқа дейін «идея» деген сөз адамның сыртқы келбеті мен бейнесі болып қабылданса, Платон ол түсінікті өзгертіп, адамның өзі түрлі нәрселерді ойлай отырып жаңа дүниелерді жасай алатынын көрсетті. Идея абстрактілі нәрсе және оны қолмен ұстап сезе алмаймыз. Идея арқылы адам баласы осы өмірді түсінеді, қабылдайды және онымен қарым-қатынасқа түседі. Адам негізінде өзінің табиғаты бойынша білім алып оны сезу арқылы жұмыс жасайды. Ал, бұл Дүние секілді ірі түсінікті түсіну барысында жеткіліксіз болады. Сондықтан да сезімдік әлемнен де бөлек дүние керек болды. Ал оны Платон осылайша атап көрсеткен болатын.
Аристотель адам ойлау жүйесіне «логика» атты концепция енгізді. Ол жалпы табиғаттағы жандарды 3 ке бөліп қарастырды:
Өсіп-өнетін жан – өсімдіктер әлеміне сәйкес
Сезінетін жан – жануарлар әлеміне сәйкес
Ойлайтын жан – адамдар әлеміне сәйкес
Адамның табиғаттығы орны ерекше, ол – ақыл-ойдың иесі, осы әлемде жалғыз сана иесі. Оның негізгі мақсаты – рахатқа жету. Әрине, адам баласы болған соң байлыққа қол жеткізіп рахатқа бөленуге болады деп ойлауға болады. Дегенімен, бұл қате пікір. Байлық ол тек рахатқа жетелейтін жолдардын бірі және байлықпен рахатқа жету оңай болады. Бірақ рахат дегеніміз ол –арете. Сонымен рахат дегеніміз ізгілікті іс-әрекеттің нәтижесі, ол туа бітпеген, оған үйрену қажет.
Қорытындылай келе, антикалық кезеңде қазіргі кезде қалыптасқан барлық адам жайлы ілімдердің алғышарты қалыптасып, негізгі идеясы өз ірге тасын қалады. Уақыт еншісімен және білімнің дамуымен бұл ілімдер тек тереңдей түсті. Ал антикалық кезеңнен бастап адамның ішкі жан-дүниесі қалыптасатыны және оның материалдық нәрселерге қарағанда маңызды екені анықталды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет