64. Қазақтардың ұлттық мәдениетінің ерекшеліктері 68. Тауелсіздік кезең философиясы



бет78/85
Дата07.10.2023
өлшемі0,7 Mb.
#184015
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   85
Байланысты:
64. Қазақтардың ұлттық мәдениетінің ерекшеліктері 68. Тауелсізді-emir

Тауелсіздік кезең философиясы

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан мемелекеті өз тәуелсіздігін алғаны бәрімізге белгілі. Ұзақ жылдар бойы басқа елдің қарамағында болған еліміз бостандық алғаннан кейін барлық салада айрықша өзгерістер орнаған еді. Халықтың өмірге , елге және болашаққа көзқарастары өзгеріп жаңа ойлар, идеялар қалыптасты.Қазақ халқының сонау ғасырлардан бері өз уақытын күткен рухани, әлеуметтік жаңғыруға, деген ұмтылысы және сонымен қатар ұлттық болмысындағы дүниетанымдық мәселелерді пайымдауға деген талпынысы осы 20 ғасырдың соңына келген еді. Сол тарихи кезеңде қазақ болмысында сауатты, әлемдік тарихи процестен жан-жақты түсінігі бар, этникалық өзіндік санасын жетілдіруге ұмтылған ұлттық интеллигенциядан шабыттанған халық қалыптаса бастайды. Қазақстан Республикасының Президенті өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты ғасырлық маңызға ие мақаласында «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен қоса, рухани жаңғыру өзіндік ұлттық сананың әр-түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды. Саяси еркіндікпен қатар болып жатқан ойлау еркіндігінің арқасында отандық философия ұрандарды, партиялық съездердің материалдарын насихаттаудан құтылып, қайнатылмаған философиялық міндеттерді зерттеуге бет алды.. Тәуелсіздік философиясы дегеніміз, барлық орнаған мәселелерді және оның болашағын бірлесе отырып,өзара ақылдаса оның тиімді жолын табу. Мәселен осы кезеңдегі орнаған мәселелердің бірін алайық.Ұлттық тіл мәселесі. Ұлттыың тілі сәнді және жарқын болған кез келген уақытта, нақты өмірдің бейнесі абсолютті және айқын болады. Осының нәтижесінде адамзат-заттық қалыптасудың барлық шептерінің ғылыми қызметкерлері философиялық пікірлер мен анықтамаларды пайдалану арқылы өз өркениетінің тілін дамытып, насихаттай бастады.. Қазақ тіліндегі философияның өткен заманда қандай күйде болғаны айтпасақ та белгілі. Сондықтан мәселенің маңыздылығы Елбасымыздың бастамасымен жаңадан жүзеге асырылған Мәдени мұра атты бағдарламасына негіз болды. Оның аясында атқарылған жұмыс ұшан-теңіз. Академик Ә.Н. Нысанбаевтың басшылығымен бір ғана философия саласы бойынша Әлемдік философиялық мұра сериясының және Қазақ халқының философиялық мұрасы сериясының жиырма томыдары, Әбу Нәсір әл-Фараби шығармаларының он томы дайындалды. Әлемдегі ең көрнекті жазушылар , ағартушылар, ойшылдардың барлық еңбектері, түпнұсқалары алғаш рет қазақ тіліне аударылып, халыққа кітапханалар арқылы таратылған еді. Сонымен тәуелсіздік кезең философиясы осындай тарихи күрделі болмыс болғаны бәріне белгілі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет