58. Т.Гоббстың әлеуметтік философиясы. Сонау көне заманнан бері қоғам мен мемлекет мәселелеріне кезген кезе ойшылдар оны негізінен екі қарама-қарсы тұрғыдан қарады. Біреулер Аристотель және кеңес дәуіріндегі идеология секілді қоғамдық пен мемлекеттіліктің басымдылығын, екіншілер, - жеке адамның мемлекет пен қоғам алдындағы біріншілігін көрсетті. Ал осы бағыттарда Томас Гоббс екінші бағытты қолдады. Себебі, өзінің жұмыстарында ол мемлекеттілікті адамның өзімшіл табиғатынан шығарады. Әрбір адам өз мүддесін алға қояды, олай болса, жекешілік – бірінші, ал қоғамдық, мемлекеттілік – екінші орында.
Томас Гоббс Оксфорд университетінде білім алған, өз заманының көрнекті ағылшын философы. Негізгі және атақты еңбектеріне: «Азамат жөнінде», «Левиафан, я Материя, шіркеу мен азаматтық мемлекеттің билігі мен бітімі» және т.б.
Гоббстың философиялық көзқарасына келетін болсақ, ол философияны ақыл-ой арқылы дүние танумен теңеді, ал оның концепсиясынан теологиялық көзқарастарды толық шеттетті. Алайда, діннің қарапайым халық үшін қажет екендігін, ол халықтың моральдық жетілуінің тірегін құрайды.
Т.Гоббстың ойынша, әр халық өзінің тарихында екі сатыдан өтеді. Олар мемлекеттілікке дейінгі табиғи және мемлекеттік саты.
Бірінші кезеңде адамдарда жекелік жоқ. Оларда бары тек қана табиғи құқы. Ол дегеніміз адамның қажеттілігіне керек заттардың барлығына деген құқы. Өзінің өмірін сақтап қалу барысында адам ешқандай шектеуге кезікпеді. Бұндау әлеуметте адамдар бір-біріне қасқыр секілді болады. Барлығының бір-бірімен соғысы деген ұғым осы жерде ұтымды қолданылады. Бұндай кезде адамның өз түбірін құртуға қауіп туып, табиғи жағдайдан азаматтық мемлекетке көшуі жөнді.
Сондықтан, адамның кей құқықтарына ерікті түрде бастартып, оларды күшті орталықтандырылған билікке береді. Осындай қоғамдық жағдаятта мемлекет қалыптасады. Т.Гоббстың ойынша мемлекеттілікті құрауды біздің жануар дүниесінен ерекшелейтін тіліміздің болуы маңызды рөл ойнайды. Егерде тіл болмағанда адамдар мемлекет құрауы бірталай болар еді.
Әрине, мемлекеттің дүниеге келу мәселесі – өте күрделі құбылыс. Гоббстың «конвенционалдық» тұжырымы бұл мәселенің бір жағын ғана көрсетеді.