64. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдардағы қазақстанның мәдениеті мен ғылымының дамуы ¥лы Отан соғысы аяқталғаннан кейін еліміэдің экономикалық жағдайы өте қиын болды



бет1/2
Дата02.12.2022
өлшемі48,01 Kb.
#160908
  1   2
Байланысты:
Әшірханов Сержан СРС.


64. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдардағы қазақстанның мәдениеті мен ғылымының дамуы
¥лы Отан соғысы аяқталғаннан кейін еліміэдің экономикалық жағдайы өте қиын болды. Жау қолында болған қалалар мен селолардың тек қирандылары ғана жатты. Кеңес Одағы байлығының үштен бірі жойылып кетті. 1710 қала, 70 мыңнан астам деревнялар мен селолар, көптеген зауыттар мен фабрикалар, шахталар, мыңцаған шақырым теміржолдар және т.б. істен шығып қалды. Соңғы тарихи деректер бойынша, Кеңес Одағынан соғыста 30 млн-ға жуық адам қаза болды Бұл елдеп адам ресурстарының тапшыл-ығына алып келді. Осынау қиындықтарға қарамастан қысқа мерзім ішінде халық шаруашылығын қалпына келтіру керек болды. Қазақстан халқы халық шаруашылығын қайта қалпына келтіру ісіне белсене араласты. Ондаған қала-лар мен аудандарға туысқандық көмек жасады. Мыңдаған қазақстандық жұмысшылар мен мамандар Ленинград пен Сталинградта, Брянск пен Донбаста, Солтүстік Кавказда, Украинада, Белоруссияда және Кеңес Одағының басқа да аудандарында аянбай еңбек етті.
Ал Қазақстанда ел экономикасын бейбіт өмірге қайта бейімдеу шаралары жүргізілді. Әсіресе өнеркәсіпті дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Болат өндіру, цемент, қара және түсті металл өндірісі жабдықтарын шығару, кемір және тау-кен кәсіпорындарын дамыту жақсы жолға қойылды. Өйткені Қазақстанда ауыр өнеркәсіпті дамыту басты назарда болып, негізгі күш осы са-лағажұмсалды. Бүған елдің қорғаныс күшін арттыру бағыты қосылды. Қазақ-стан Кеңес Одағының әскери-енеркәсіптік кешенінің ірі ошағына айналды.
Қазақ жерінде әскери ендірістің, Семейдеп атом полигонының, басқа да әскери нысандардың құрылымдық жүйесі жасалды. Ақтөбе темір балқыту, Теміртау металлургиялық зауыттарының жаңа қуатты бөлімдері іске қосыл-ды. Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғашқы өнімін берді. Балқаш мыс балқыту зауыты өнім шығаруды үлғайтты. Ембі бассейінінде - Қаратон мен Мұнайлыда жаңа кәсіпорындар іске қосылып, 1950 жылы мунай өндіру соғыс-қа дейінп кезеңмен салыстырғанда 52%-ға өсті. Қаратау тау-кен химия ком-бинаты құрылысының бірінші кезегі аяқталды. 1954-1958 жылдары Қазақ-стан бойынша Өскемен, Актөбе, Шымкент, Қарағанды, Семей, т.б. ірі қала-ларда 730 өнеркәсіп орны мен цехтар құрылып, іске кірісті. Жеңіл өнеркәсіп саласында 65 кәсіпорын ел игілігі үшін жұмыс істеді. Бірәқ бұл Қазақстан экономикасындағы «Б» тобының артта қалуын білдіретін еді.
Байланыс саласында Мойынты-Шу, Жамбыл-Шолақтау теміржолдары салынды. 1958 жылы Қазақстан аумағындағы барлық жолдар желісін бір жүйеге келтірген «Қазақ теміржолы» құрылды. Алматы қаласында автомат-ты телефон станциясы іске қосылды. 1960 жылы Қазақстан электр қуатын 1945 жылмен салыстырғанда 10,5 есеге көп ендірді.
Ауыл шаруашылығында колхоздарды ірілендіру ісі қолға алынды. Ол өндірістік күші аз және ұсақ шаруашылықтарды қосу арқылы жүзеге асырыл-ды. Бүл колхоздардың санын 1945-1952 жылдары 3 есеге қысқартып, 2047-ге дейін темендетті. Бұл кезеңде мал басы өсіп, суармалы егістік көлемі 16%-ға ұлғайды.
Соғыстан кейінгі кезенде білім, ғылым және әдебиетпң дамуында бірқа-тар жетістіктерге қол жеткізілді. 1946 жылы Қазақ КСР Ғылым Академиясы ашылды, оның ұйымдастырушысы әрі тұңғыш президенті Қ. Сәтпаев болды. 1950 жылдың соңында Қазақ КСР-ның Ғылым Академиясы жүйесінде 19 ғылы-ми-зерттеу институты жұмыс істеді.
1947 жылы М. Әуезов «Абай жолы» эпопеясының екінші кітабын жазып бітірді, ал 1949 жылы оған КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Қазақ әдебиетінде бұл жылдары С. Мұқановтың «Сырдария», Ғ. Мұстафиннің «Мил-лионер» және И. Шуховтың романдары, Т. Жароковтың шығармалары және т.б. құнды еңбектер жарық көрді.
Соғыстан кейінгі жылдарда, бір өкініштісі, зиялы қауымға қарсы сталиндік қуғын-сүргін саясатының жаңа толқыны басталды. Ленинград пен Мәскеуде идеологиялық тапсырма непзшде қолдан жасалған «Ленинград ісі", «Дәрігер-лер ісі», ал Қазақстанда «Бекмаханов ісі» ұйымдастырылды. Е. Бекмаханов
талантты тарихшылардың бірі еді. Соғыс жылдарында белгілі ғалымдармен, тарихшылармен бірге ғылыми шығармашылық жұмыспен белсенді айналыс-ты. Мысалы, соғыс жылдары А. Кучкин, А. Панкратова, Б. Греков, Н. Дружи-нин сынды белгілі ғалымдар енген авторлық ұжымның құрамында «Қазақ КСР тарихын» жазуға қатысты. Бұл аса құнды еңбек 1943 жылы жарық көрді. 1947 жылы Е. Бекмаханов «XIX ғасырдың 2о10 жылдарындағы Қазақстан» атты іргелі ғылыми монографиясын дайындады. Алайда еліміздің идеоло-гия саласын басқарып отырған адамдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық кетеріліске қатысты ғалымның көзқарасы ұлтшыл әрі саяси зиянды деп бағалады. Сол себепті 1952 жылы Е. Бекмаханов 25 жылға сотталып, тек И. Сталин өлгеннен кеиін ғана, 1954 жылы көктемде ақталды. Саяси айып тағылып, ғалымдар қатарында А. Жұбанов, Қ. Жұмалиев, Б. Сүлейменов, Қ. Мұхамедханов, жазушы Ю. Домбровский және т.б. қудаланды. Қ. Сәтбаев пен М. Әуезов саяси қысымның нәтижесінде еріксіз Қазақстаннан Мәскеуге кетуге мәжбүр болды.
1949 жылдың 29 тамызы Қазақ жері үшін ең қасіретті күндердің бірі ретін-де тарихқа енді. Өйткені Семей полигонында ядролық бомбаға алғашқы сынақ жасалды. Семей полигонында 1964 жылға дейін ашық атмосферада атом бомбасына 113 сынақ еткізілді. 1964 жылдан бастап жер асты сынақ-тары өткізіле бастады.
И. Сталин өлгеннен кейін (наурыз 1953 ж) Коммунистік партияның ОК-нің бірінші хатшысы болып Н. Хрущев сайланды Осы кезде Қазақстан Компар-тиясы ОК-нің бірінші хатшысы қызметінен Ж. Шаяхметов босатылып, оның орнына П. Понамеренко, екінші хатшылыққа Л. Брежнев, ал Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы болып Д. Қонаев сайланды.
Н. Хрущев билікке келгеннен кейін қоғам өмірін демократияландыру ба-ғытында әрекет жасады. 1956 жылы ақпанда партияның XX съезі өтіп, онда жеке басқа табынудың зардаптарын жою туралы мәселе қаралды. Бұл съезде сталинизм қылмыстары әшкереленіп, оның қуғын-сүргін саясаты адамзатқа қарсы жасалған қылмыс деп бағаланды. Соған сәйкес Қазақстанда Т. Рыс-құлов, С. Асфендияров, С. Сейфуллин, Б. Майлин, Н. Нұрмақов сынды қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар ақталды. Бірақ Алаш қайраткерлері ақтал-май қалды. Бұл Кеңес Одағындағы тоталитарлық әміршіл-әкімшіл жүйенің әлі де болса ез күшінде екенін білдірді.
1954 жылы 23 ақпан мен 2 наурыз аралығында Компартия ОК пленумы болып, онда «Елде астық өндіруді ұлғайту мен тың және тыңайған жерлерді игеру» женінде қаулы қабылданды. Бұл КСРО-да нан тапшылығын жою үшін жасалды. Астық мәселесін шешудің теориялық түрғыда екі бағыты болды:
1. Интенсивтік бағыт - экономиканы реттеудің нарыктық қатынасына көшу. Бірақ та бул социализм идеологиясына қайшы келетін еді. Егер Кеңес Ода-ғында тың игеруге дейінп астық өндіруде гектарына 1 центнерден қосса, онда бул өнім бұкіл игерілген тың жерлердің енімімен пара-пар болар еді.
2. Экстенсивтік бағыт - астық өнімін жаңа жерлерді жырту, тың жерлерді игеру арқылы арттыру жолы. Азық-түлік мәселесін шешуде Кеңес үкіметі осы екінші жолды таңцады.
Кеңес Одағы бойынша 1954 жылы 13,4 млн гектар тың және тыңайған жерлер жыртылды. Оның 6,5 млн гектары, яғни 50%-ы Қазақстанда. Осы-лайша жаппай тың және тыңайған жерлерді игеру қозғалысы басталды. Тек 1954-1955 жылдары бір жыл ішінде Қазақ өлкесінде жаңа 337 совхоз құрыл-ды. Жаңадан құрылған совхоздардың атауларының өзі кеп жайтты аңғар-тып тұрса керек: «Мәскеу», «Ленинград», «Киев», «Ростов», «Одесса», «Кан-темировец», «Тамановец» совхоздары құрылды. Олар Ақмола, Кекшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында құрылды. 1954-1955 жылдары бүкіл Кеңес Одағы бойынша 29,7 млн га тың және тыңайған жер, оның ішінде Қазақстан бойынша 18 млн га, яғни 66,6% жер жыртылды. Тың және тыңайған жерді игеру нәтижесінде Кеңес Одағында жан басына шақ-канда 2 мың кг астық өндіру мүмкін болды. Ал дүниежүзілік тәжірибеде жан басына 1 мың кг астық жеткілікті болатын.
Тың игерудің непзп қорытындысы - ол сол уақыттан осы кезге дейін Қазақ-стан халқын нанмен қамтамасыз ету мәселесінің шешілуі. Сонымен бірге Қазақстан сырт елдерге экспортқа астық шығаратын елге айналды.
Тың және тыңайған жерлерді игерудің зардаптары да болды. 1960 жыл-дарға қарай Қазақстанның тың өлкелерінде 9 млн га жер жел эрозиясына ұшырады. 1954-1962 жылдар аралығында тың игеру үшін Қазақстанға КСРО-ның тек еуропалық бөлігінен 2 млн адам әкелінді. Республикада қазақ халқының үлесі 30%-ға дейін төмендеп, ұлттық тіл, салт-дәстүр мен халық-тың әлеуметтік институттарының жойылып кету қаупі туды.
1962 жылы Н. Хрущевтің бастамасымен солтүстік облыстар тың өлкесіне біріктіріліп, Ақмола қаласы Целиноград деп өзгертілді.
Егіншілік мәселесінен басқа мал шаруашылығын нығайту жолдары да қарастырылды. Елуінші жылдардың соңында Қазақстанда 36,4 млн-нан ас-там мал басы болды.
Сонымен «Хрущев онжылдығы» (1953-1964 жылдары) бір жағынан, XX съездегі «Жеке басқа табыну мен оның зардаптарын жою туралы» қаулы қабылдау арқылы саяси өмірді демократияландыру саясатымен ерекшеленсе, екінші жағынан, валюнтаристік және субъективтік шешімдер арқылы экономиканы экстенсивті жолмен дамыту әрекетімен тарихта қалды
65. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: экологиялық, экономикалық, әлеуеттік-экономикалық салдарлары

Тың жерлердің игерілуі 1954 жылы басталды. 1954 жылы наурызда КОКП Орталық Комитетінің пленумында «Астық өндіруді арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы қаулы қабылданды. Тың игеру, астық өсіретін егістік көлемін арттыру, негізінен, Орал мен Сібірде, Солтүстік Кавказ бен Қазақстанда жүргізілді.


Кеңес Одағы бойынша 1954 жылы 13,4 миллион гектар тың және тыңайған жер жыртылды. Оның 6,5 миллион гектары, яғни 50%-ы Қазақстанда болды. Осылайша жаппай тың және тыңайған жерлерді игеру қозғалысы басталды. Тың жерлерді игеру Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Көкшетау, Торғай, Павлодар облыстарында жүргізілді.
1956 жылға қарай КСРО-да егістік көлемін 28-30 миллион гектарға жеткізу көзделді. Тың жерлерді игеру ісі ерекше қарқынмен, асығыс түрде жүргізілді. 1955 жылы 9,4 миллион гектар жер жыртылды. Ал жоспар бойынша 7,5 млн гектар жер жырту көзделген болатын.
Тек 1954-1955 жылдары бір жыл ішінде қазақ өлкесінде жаңа 337 совхоз құрылды. Жаңадан құрылған совхоздардың атауларының өзі көп жайтты аңғартты: «Мәскеу», «Ленинград», «Киев», «Ростов», «Одесса», «Кантемировец», «Тамановец» совхоздары құрылды. Олар Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында құрылды.
1954-1955 жылдары бүкіл Кеңес Одағы бойынша 29,7 миллион гектар тың және тыңайған жер, оның ішінде Қазақстан бойынша 18 миллион гектар, яғни 66,6% жер жыртылды. Тың және тыңайған жерді игеру нәтижесінде Кеңес Одағында жан басына шаққанда 2 мың кг астық өндіру мүмкін болды. Ал дүниежүзілік тәжірибе бойынша жан басына 1 мың кг астық жеткілікті болатын.
Тың жерлерді игеру мақсатында Қазақстанға көптеген жұмысшы келді. 1953-1958 жылдар аралығында совхоздар мен колхоздарға 266,6 мың механизатор, 1954 жылы Ақмола облысына тың игеру үшін 20000-ға жуық адам келді. Тың игеруді жеделдету мақсатында көптеген шаралар қолданылды. Басқа өңірлерден тың игеруге келгендерге көптеген материалдық жеңілдік жасалды. Тың игеруге келген әр адамға 150 мен 1000 сом аралығында бір реттік көмек берілді. Бұдан басқа да материалдық, азық-түлік т. б. көмектер берілді. Тың игеруге келгендер ауылшаруашылығы салығынан босатылды.
1954-1959 жылдар аралығында Қазақ КСР-де тың және тыңайған жерлерді игеру мақсатында 20 млрд-қа жуық сом жұмсалды.
Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді. Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты. Астық өндіру көлемі жөнінен Қазақстан одақта 2-орынға шықты. 1956 жылы тың игерушілер 16 миллион тонна астық жинады. Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті. Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты, интернационалды елге айналды. Қазақстан жерінде тұрғын үйлер, құрылыстар, мәдени обьектілер көптеп салына бастады. Он мыңдаған шақырым жол төселді.
Көптеген жыл бойы тың жерлерді игеру партия көрегендігі, мемлекет жеңісі ретінде дәріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы туралы ештеңе айтылмады және айтылуы да мүмкін болмады.
Тың игерудің рухани, демографиялық және экологиялық зардаптары да зор болды. 1960 жылдарға қарай Қазақстанның тың өлкелерінде 9 миллион гектар жер жел эрозиясына ұшырады. 1954-1962 жылдар аралығында тың игеру үшін Қазақстанға КСРО-ның тек еуропалық бөлігінен 2 миллион адам әкелінді. Республикада қазақ халқының үлесі 30%-ға дейін төмендеп, ұлттық тіл, салт-дәстүр мен халықтың жойылып кету қаупі туды.
Қазақстанға тың және тыңайған жерлерді игеруге келгендер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де болды. 1954-1955 жылдарда Қазақстанға келген 650 мың тың игерушінің 150 мыңы ғана механизатор болды. Нәтижесінде тәртіпбұзушылық пен қылмыс етек алды.
Тың игеруге байланысты совхоздарға көбінесе тозған, бүлінген тракторлар мен комбайндар, ауылшаруашылық техникасы жіберілді.
Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп территория жыртылып, нәтижесінде көп жер тіршілікке жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды.
Малшаруашылығының дамуы артта қалды. Миллиондаған гектар жер жыртылғандықтан, малдың жайылымы, жемшөп дайындайтын жерлер азайды. Малшаруашылығының шығынға ұшырауынан ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды.
Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері аяққа тапталды. Тың игерушілер арасында қазақ халқының ұлттық намысын қорлайтын теріс пікірлер тарады.
Тың игеру жылдары қазақ халқының салт-дәстүрі, мәдениеті, ұлттық руханияты ескерілмеді. Қазақ мектептері, балабақшалар, қазақ тіліндегі газет-журналдар азайды. Қазақ тілінің қолданылу аясы тарылды. Тың игеру жылдары келген 2 миллионға жуық басқа ұлт өкіліне берілген артықшылықтар қазақ халқын менсінбеушіліктің көрінісі болды.
1959 жылғы халық санағы бойынша республикада тұратын жергілікті ұлт өкілдерінің саны 2 миллион 787 мың, яғни барлық халықтың 29%-н ғана құрады.
Тың игерілген облыстарда 700 қазақ мектебі жабылды. Енді қазақ балалары мектеп-интернаттарда оқытыла бастады. Олардың басым көпшілігінде оқу орыс тілінде жүргізілді. Бұл біріншіден, қазақ жастарының ұлттық тілі мен мәдениетінен қол үзуіне әкеп соқтырды. Екіншіден, Қазақ елінің елдімекендері мен жер-су атаулары орысша атала бастады.
1962 жылы Н. Хрущевтің бастамасымен Қазақстанның солтүстік облыстарын тың өлкесіне біріктіріп, Ақмола қаласы Целиноград деп өзгертілді.
Тың игеру кезінде құрылған совхоздарда жергілікті халықтың ерекшеліктері ескерілмей, кейбір қазақ ауылдарына да шошқа өсіруге нұсқау берілді. Қазақ ауылдарында шошқа фермалары ашылғанымен олар көп ұзамай жабылып қалды. Өйткені қазақтар шошқа шаруашылығын жүргізуден үзілді-кесілді бас тартты.
Шошқа шаруашылығын дамыту мен жайылымдардың қысқаруы қазақ халқының дәстүрлі малшаруашылығына кері әсерін тигізді. Түйе мен жылқы шаруашылығы құлдырап кетті. Емдік қасиеттері белгілі қымыз бен шұбат өндіру ұмытыла бастады. Сол кезеңде халық үшін ең ауыр тигені Кеңес үкіметінің жеке және қосалқы шаруашылық жүргізуге тиым салуы болды.
Тың игеру 1964 жылға дейін жалғасты. Тың игерудің қорытындысы – Қазақстан халқын нанмен қамтамасыз ету мәселесінің шешілуі. Сонымен бірге Қазақстан сырт елдерге экспортқа астық шығаратын елге айналды.
66.Кеңестік қазақстанның экологиялық мәселелері
Адамның шаруашылық әрекеті табиғаттың өзгеруіне әсер ететін ерекше фактор. Адам еңбек пен ақыл ойдың арқасында қоршаған ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет. Табиғат кешендеріне кері әсер ететін озық ғылыми-техниканың тікелей қатысы жоқ. Ол өзгерістерге кінәлы прогресс емес, техникалық жобаларда адамның шаруашылық әрекетінің әсері есепке алынбаған. Жауын-шашын мөлшерін, топырақ ылғалдығын ескерместен топыраққа минералды тыңайткыштар енгізу, ол заттардың шайылып, өзендер мен бөгендердің ластануын туғызды. Мұның бәрі қаншама еңбек пен шикізатты зая кетірумен бірге, қоршаған ортаның жағдайын нашарлатады. Ірі бөгендер салуда аумақтың табиғат ерекшеліктерін ескермеу мезгілсіз батпақтануға, топырак, өсімдік жамылғысы мен сол жердің микроклиматының өзгеруіне әкеп соғады. Қазіргі кезде антропогендік ландшафтар басым. Ландшафтарды жақсарту үшін оларды өзгертетін шаралар жүргізеді. Соның бірі – мелиорация. Мелиорация жердің жағдайын жақсарту мен оны пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған шаралардың жиынтығы болып табылады. Табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау кешенді түрде қарастырылуы қажет. Рио-де-жанейро декларациясының қағидаларын есепке ала отырып Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі проблемалары және қоршаған ортасының жағдайына ғаламдық, ұлттық және жергілікті деңгейде қаралуын қарастырады.
Ғаламдық экологиялық проблемаларға климаттың өзгеруі, озон қабатының бұзылуы, биоәртүрліліктің азаюы, шөлейттену және жердің құлдырауы (деградация) жатады. Ұлттық экологиялық проблемалареа экологиялық апатты аймақтар; Каспий теңізі қайраңы ресурстарын белсенді игерумен байланысты проблемалар; тарихи ластану; трансшекаралық мәселелер; әскери ғарыштық және тәжірибелік кешендер полигондарының әсерін жатқызуға болады. Жергілікті экологиялық проблемаларға ауа бассейнінің ластануын, радиоактивті, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтары, табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жаткызуға болады. Адам әрекетінен Қазақстан жерінде тез шешуді қажет ететін проблемалар бар.
жексен етуге мүмкіндік беретін. Қазақстан стратегиялық қару-жарақ пен оны жеткізу құралдары орналастырылған жай ғана орын болған жоқ. Біздің елде жайласқан сұмдық әскери-техникалық әлует қуаты жағынан тұтас бір индустрия, өзіндік бір «мемлекет ішіндегі мемлекет» еді. КСРО-ның ыдырауы нәтижесінде Қазақстан толық әскери ядролық циклды: ядролық қаруды сынау, жаңғырту және өндіру циклын жүзеге асыру мүмкіндігі алды. Негізгі бөлім
Невада-Семей полигонының инфрақұрылымы
Сол ядролық сынақ полигондарының бірі – Семей полигоны Кеңес Одағының аса маңызды стратегиялық объектісі болды. Осынау полигонның кемел инфрақұрылымы: Курчатов қаласын (Семей – 21), реакторлар кешенін, «Балапан», «Г» (Дегелеңдегі сейсмокешен), «Ш» («Тәжірибелік алаң» дейтін) сынақ алаңдарын, толып жатқан басқа да ұсақ тәжірибелік алаңдарды қамтиды. Семей ядролық полигонның осынау тәжірибелік алаңдарында 456 ядролық жарылыс жасалды. Осынау сынақтар атом қаруының қиратқыш қаруын айтарлықтай арттыруға ғана емес, оның жаңа түрлерін де жасауға мүмкіндік берді.
Бұл проблеманың тууына себепші болған - адам әрекеті. Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын ірі өзендер Әмудария мен Сырдарияның суын теңізге жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді (мақта, күріш) суландыруға пайдаланылып келді. Буланушылық дәрежесі жоғары болатын шөл зонасында орналасқан теңіз суының көбірек булануы оның тартылуына әкеп соқты. Қазіргі кезде Арал теңізі екі су айдынына Үлкен және Кіші теңізге бөлінген. Арал теңізіндегі суы тартылған бөліктің ауданы 30 мың км² жетеді. Ғалымдардың есептеуі бойынша, теңіз табанынан атмосфераға жылына 200 млн тоннаға дейін тұзды шаң-тозаң ұшады. Теңіз суының шегінуінен оның жағалауындағы 800 гектар тоғай, жануарлар дүниесі жойылып, теңіз айналасы бұл күнде тіршілігі жоқ құмды, сортаң жарамсыз жерлерге айналды. Теңіз суының тартылуынан мұнда теңдесі жоқ Барсакелмес қорығы жойылды. Бұл өзгерістер өз кезегінде сол аймақ тұрғындарының денсаулығына кері әсерін тигізді. Аралды сақтап қалуға арналған Халықаралық қордың құрылғанына 15 жыл толды. Осы жылдар аралығында аткарылған жұмыстар аз емес. Аралды қалпына келтіру үшін көптеген іс-шаралар қаралып, жобалар жасалды. Кіші аралдың оңтүстігіне ұзындығы 12 км болатын Көкарал бөгені салынды. Соның салдарынан Кіші Аралдың (Солтүстік) деңгейі 42 метрге, аумағы 800 шаршы километрге ұлғайды. Суы тартылып қалған тұзды көлдің табанын жауып, көлге тіршіліктің нышаны енді. Ғалымдардың айтуынша Аралдан ұшқан тұзды дауылдың бір ұшы Гренландия мұздықтары мен Норвегияның орманды алқабына да жеткенін дәлелдеген еді. Еліміздің көлемді атқарып жатқан іс-шараларының алды, аймақтың және жергілікті жердің экологиялық жағдайын көтеру. Бүгінгі күні Солтүстік Арал маңына халықтар қайта қоныстанып, үй салып, балық шаруашылығымен қайта айналыса бастады. АРАЛ ТЕҢІЗІ - Өзбекстан мен Қазақстан (Қызылорда және Ақтөбе облысы) жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогендік әрекеттерге дейін (1960 — 70 ж.) дүн. жүз. теңіз деңгейінен 53,0 м биіктікте жатқан (кестені қ.). Осы деңгейдегі айдынының ауданы 66,1 мың км² (аралдарымен қоса), суының көл. 1064 км3, орташа тереңд. 16,1 м (ең терең жері 67 м), ұзындығы 428 км, ені 235 км, су жинау алабының ауданы 69000 км² болған. Алабындағы шаруашылық мақсаттарға үздіксіз су алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м-ге төмендеді (1997). Нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға — Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды. А. т. көне замандардан белгілі. Ежелгі гректер мен римдіктер теңізді Каспийдің "сақ шығанағы" деп есептесе, А. Македонский кезінде Окс теңізі (Окс — Сырдарияның грекше аты) деп атаған. Кейін Птолемей оның геогр. орнын анықтаған. А. т-нің Хорезм т., Жент т., Кердері т. сияқты аттары да бар. Араб саяхатшылары Әбу Әли Ахмед ибн Русте (10 ғ.), Әбу Исхақ әл-Истахри (10 ғ.), Әбу Абдал-лаһ Мүхаммед ол-Идриси (12 ғ.), Әбу-л-Фида (14 ғ.), сондай-ақ Әбілғазы жазбаларында А. т. туралы деректер кездеседі. 1850 ж. Аралдың алғашқы толық картасы жасалды. Теңіздің морфометриялық сипаттамаларын тұңғыш рет (1874,-1889) И.А. Стрельбицкий анықтады. Арал ойысы жоғарғы плиоценде жер қыртысының төменге майысуы нотюкесінде қалыптасқан. Табанының бедері жота-жоталы жазық болып келеді. Деңгейі күрт төмендегенге дейінгі тереңд. 20 — 25 м, А. т-нде жалпы ауданы шамамен 2235 км² (айдынның 3,5%) болатын 1100 аралдар тобы болған, кейін олардың бірқатары түбектерге айналып, құрлыққа қосылған. А. т-не Орталық Азияның 2 аса ірі өзені (Әмудария мен Сырдария) құяды. Климаты континенттік, кұрғақ, ауаның орташа температурасы жазда 24 -26°С, қыста -7,0 - 13,5°С. Жьылдық жауын-шашынның орташа мөлш. шамамен 100 — 150 мм. Табиғи жағдайдағы теңіздің су теңдестігінің құрамы: көл бетіне жауатын жауын-шашынның мөлш. 5,9 км3, өзен ағындысы 54,8 км3, көл бетінен буланған ылғал 60,7 км'. 1970 ж. бастап көлге құятын өзен ағындысы жоққа тән болғандықтан, булануға кеткен шығынды толтыруға шамасы жетпейді, сондықтан теңіз суы жылдан жылға тартылып келеді. Су деңгейінің маусымдық тербелісінің орташа мәні 25 см, көп жылдық (ғасырлық) ауытқуы 3 м-ге дейін жеткен. Соңғы кезде маусымдық кұбылмалылық болмаса, су деңгейінің көпжылдық ауытқу көрсеткіші тек төменге бағытталған. Судың беткі қабатының температурасы жазда 26 — 30°С, қыста 0°С-тан төмен. Қыс бойы теңіз айдынын толығымен мұз басады. Суының тұзд. табиғи жағдайда 9 — 14%с болатын, соңғы он жыл ішінде (1988-98) 25 — 30%-ға дейін өсті. Суы өте мөлдір, 25 м-ге дейінгі тереңдікті көруге болатын еді. Теңіздегі ағыстар сағат тілінің бағытымен айналым жасайды. А. т-нде балықтан арал шоқыры, сазан, каяз, торта, т.б. бар. Соңғы кезде камбала жерсіндірілген. Кеме байланысы шамамен 7 айға созылатын, қазіргі кезде тек иірімдерде ғана қатынайды. А. т-нің жағалауында халық аз тұрады, жергілікті халық балық аулау, мал ш-мен жөне көкөніс-бақша өсірумен айналысады. Арал балық аулау ауданына А. т-не құятын өзендердің атырау аумағы кіреді. Балықөндеу (тұздау) зауыттары бұрын Әмударияның атырауында, Аван кентінде (Көкаралда), Бөген ауылында (шығыс жағалау), бұрынғы Ұялы және Ұзынқайыр аралдарында орналасқан болатын. Алғаш Әмударияның атырау тұсы А. т. Аталып, кейін теңіз түгелімен Арал аталған.
Арал теңізінің экологиясы Арал теңізі – Қазақстаныың інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі -1066 км², тереңдігі - 30-60 метр, тұздылығы - 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік көшті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген. 1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері - антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қаркындап дамыды (Шардара). Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м3 су құйылса, бұл көрсеткіш 1974-1978 жылдары 13 мың м3, ал 1990 жыл-дары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. т тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға: - жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу; - ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау; - суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу; - жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау; табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады. Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды. Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өскен сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13-20 млн. т деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда - 60%, Қазақстанда -60-70 %-ға артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылыққа зиянын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеруі шөл белдемінің табиғи ландшафтар бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз антропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда. Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт-дәстүріне, экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде. Жұмыссыз қалған балықшылар әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтарға еріксіз қоныс аударуда. Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйректе тас байлану, сарысу, өкпе-тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы аурулар республиканың басқа өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр. Арал теңізінің болашағы дүние жүзі халықтарын толғандыруда. Оның біржола жойыльш кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген ШЫҒЫС елдеріннің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал әлемдік климаттың өзгеруі, шөлге айналу, атмосферадағы ауытқу-шылықтар, антропогендік экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікірталастар туғызуда. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалары, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер.
Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар: 1. Сібір өзендерін Қазақстанға бұру. 2. Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту. 3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу. 4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу. 5. Жер асты суларын пайдалану. 6. Арал теңізінің өздігінен табиғи реттелуін немесе толысуын күту. Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді. Бәрі де қаражатқа тірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат кауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық. Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. "Арал тағыдыры - адам тағдыры" болғандықтан оны сақтап қалу.
Ауаға шығатын улы заттардың концентрациясы (ауыр металдар, шаң-тозаң, күкірт тотығы, көмірқышқыл газы және т.б.) белгіленген мөлшерден он есе артық. Ең ауыр жағдай Тараз, Теміртау, Алматы, Шымкент, Балқаш, Риддер, Өскемен және басқа да қалаларда қалыптасқан. Осы қалаларда лас заттардың концентрациясы жыл бойынша белгіленген мөлшерден 5-10 есе артады. Ауа кеңістігінің ластануы пайдалы қазбалар өндіретін аудандарда да байқалады. Атмосфераның ластануы Байқоңыр космодромында ғарыш кемелерін ұшыру кезінде де байқалады. Өнеркәсіпті аудандарда ауа кеңістігінің ластануымен катар ластану сол жердегі су көздерін қамтиды. Сырдария өзені ағысының 35-40%-ы өндіріс орындарының қалдық суларынан тұрады. Өзен суында дизентерия, паратиф, гепатит, сүзек ауруы қоздырғыштары мен өте қатерлі гексахлоран ДДТ кездеседі. Өнеркәсіп орындарының ластаушы заттарына жер игеру нотижесінде пайда болған масштабы химиялық ластанудың көлемдері ұлғаюда. Өсімдік жамылғысын қорғайтын әр түрлі химиялық заттар, дефолианттар, пестицидтер, мөлшерден артық қолданған тыңайтқыштар, тек қана қоршаған ортаны емес, тамақ өнімдерін де ластауда.
Семей ядролық полигонында да экологиялық апатты аймақ қалыптасып отыр. 1948-1964 жылдар аралығында Семей полигонында жер бетінде ядролық сынақтар жүргізілді, ал 1964-1989 ж. аралығында жер асты сынақтары жүргізілді. Ядролық қару-жарақтарды сынау аймақтың табиғи ортасына және халықтың денсаулығына кері әсерін тигізді. Республика көлемінде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жұмыстар жоспарлы түрде іске асуда. Олар: жер қойнауын тиімді пайдалану (минералды шикізаттарды кешенді пайдалану, игерілген жерді рекультивациялау және көгалдандыру).

67. 1965-1985 жылдардағы қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы




1964 жылы СОКП Орталық Комитетінің қазан Пленумында партия басшылығы ауысты. Пленум Н.С. Хрущевті партияның ОК-нің бірінші хатшылығынан босатты. Оның орнына Л.И. Брежнев, үкімет басына А.И. Косыгин тағайындалды. 60-жылдардың ортасында шаруашылық реформалары жүрпзілді. 1965 жылы қыркүйек айында партияның ОК-І Пленум өткізіп, онда экономиканы басқарудың әкімшілік әдісі сыналып, кәсіпорындардың өз еркімен дамуына, шаруашылық есепті дамытуға, экономиканы дамыту үшін материалдық жа-ғынан ынталандыруға көңіл бөлінді. Бұның бәрі сегізінші бесжылдық (1966-1970) кезінде халық шаруашылық кешеніне жоспарлы экономиканы енгізген уақыттан бәрі жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге алып келген еді. Бұл бес-жылдық тіпті «алтын бесжылдық» деген атқа ие болды. 60-жылдары Қазақстанда өнеркәсіп құрылысы кең көлемде жүрпзілді, бірақ республиканың экономикасы шикізаттық бағытта болғандықтан, негізінен өндіруші салалар ғана дамыды 1961-1970 жылдар арасында Қазақстанда 1709 жаңа кәсіпорын, сондай-ақ көпшілігі қайта жөндеуден өткізілген және жаңа техникамен жабдыкталған нысандар іске қосылды Қара металлургия алу Соколов-Сарыбай және Қарағанды комбинаттарында, Ермак темір балқыту зауытында, ал түсті металлургия алу Лени-ногор, Жезқазған, Павлодар, Өскемен комбинаттарында қарқынды дамы-ды. Бұл кезеңде Маңғыстау мұнай кені де маңызды мұнай аймағына айнал-ды. Ең ірі химия өнімін дайындайтын Қаратау тау-кен химия комбинаты бол-ды. Қазақстан сары фосфордың бұкілодақтық өнімінің 90%-ын, жемдік фос-фаттың 40%-ын, мыс, мырыш, қорғасынның 70%-ын берді. Республика хром өндіруден КСРО бойынша бірінші орын, ал көмір, шойын және марганец өндіруден ұшінші орынды иемденді. 1965 жылы Компартияның ОК-нің наурыз Пленумы болып, онда тиімді аг-рарлықсаясат жасау мәселелері талқыланды. Ауыл шаруашылықенімдерінің бағасын өсіріп, жоспардан тыссатылуы үшін қосымша қаржы теленді, колхоз-дар мен совхоздардың материалдық базасы нығайтылды, салық саясаты өзгертілді. Аграрлық салаға шаруашылық есепті енпзу шаралары белпленді. Бұл шаралар жартылай сипатта жүрпзілгенімен, біршама алға жылжулар да көрініс берді. 1970 жылы өндірістің тиімділігін арттыру нәтижесінде енеркәсіп өнімдерінің өсу керсеткіші 70%-ды құрады. 60-жылдардың екінші жартысында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі де 28%-ға өсті 60-жылдары, 70-жылдардың басында басталған реформалар бірте-бірте тежеле бастады. Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру жүзеге аспады. Экономикалық әлеуетті арттыру республиканың қорын пайдалану, шикізат және отын-энергетикалық ресурстарын айналымға енпзу арқылы жүрді. 1970-1985 жылдар арасында өнеркәсіп енімінің жалпы көлемі екі есеге өсті, ал машина жасау, химия енеркәсібі өнімі үш есе артты. Мыңға жуық өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды. Олар Қазақ газ өңдеу зауыты, Шевченко пластмасса зауыты, Қарағанды резеңке-техникалық бұйымдарын шығара-тын зауыты, Павлодар және Шымкент мұнай өңцеу зауыттары, Қарағанды металлургия комбинатындағы ақ қаңылтыр шығару цехы, Екібастұз және Ермак ГРЭС-І, Қапшағай ГЭС-і, Жәйрем тау-кен комбинаты және т.б. болды. Маңғыстау, Қаратау-Жамбыл және Павлодар-Екібастұз аумақтық-өнеркәсіптік кешендері құрылды. Кеңестік экономика непзінен директивалық ұстаным мен орталықтың жоғарыдан бұйрық беру әдісі арқылы басқарылды. Қазақстан енеркәсібінің 50%-ы одақтық министрліктердің қарауында болды. Одақтық министрліктер республиканың мүддесін көздемеді, әлеуметтік салада, ұлттық кадрларды дайындауда, қоршаған ортаны қорғауда (Семей полигоны мен Аралдың эко-логиялық апатқа ұшырауы) қиыншылықтар туындады. Мысалы, сол кезеңде Арал теңізінің деңгейі 14 метрге, аумақтық көлемі 40%-ға, су келемі 60%-ға төмендеді. Тартылған теңіз түбі тұз ошағына айналды. Мұндай жағдай гепа-тит, туберкулез сияқты эпидемиялық аурулардың өсуіне әкеп соқты, соны-мен қатар онкологиялық аурулардың көрсеткіші бұл елді мекенде одақ көрсеткішінен 15 есе асып түсті. 6717 км2 аумақты алып жатқан Байқоңыр ғарыш айлағында да экологиялық мәселе өте күрделі болды. Қазақстан террито-риясыныңт 4,6 млн га аумағы оның пайдаланылған зымырандар қондырыла-тын жерге айналды. Онымен қоса Семей атом полигонында зиянды 200 жер асты нысаны (штолня) болды. КСРО-да жасалынған 715 ядролық жарылыстың 470-і Қаэақстанда жасалды. Каспий маңы ойпатындағы Азгир полигонында 17 жер асты жарылысы, республиканың басқа жерлерінде тағы 21 жарылыс іске асырылған. 70-80-жылдары Қаэақстанның экономикасында шикізат өндіру басым-дыққа ие болғандықтан, халық тұтынатын тауарлардың 60%-ы басқа одақ-тас республикалардан әкелінді, ал оның көпшілігі Қазақстанда өндірілген шикізаттардан дайындалды. Экономикадағы дағдарыстық ахуалдың пісіп жетілуі өнеркәсіп өнімдерін шығарудың төмендеуі мен ұлттық табыстың азаюынан айқын көрінді. Егер 1970-1975 жылдары өнеркәсіп өнімінің жылдық өсуі 8,4% болса, 1980-1985 жылда-ры 3,8%-ға, ал ұлттық табыс осы жылдары 4,4%-дан 1,4%-ға дейін төмендеді. Осындай жағдайда 1977 жылы КСРО-ның жаңа Конституциясы қабылда-нып, онда Кеңес халқы «дамыған социализм» кезеңіне өтті деп жарияланды. Экономиканы әміршіл-әкімшіл басқару әдісі материалдық ынталандыру-ды жоққа шығарып, экстенсивті даму, мемлекеттік меншіктің үстемдігі, жұмыс-шыларды өнеркәсіп қүралдарынан алшақтату, орталықтың билеп-төстеу жағдайына алып келді. Қазақстан экономикасы 1980 жылдары дағдарысқа тірелді. Республикада егістік көлемі өте үлкен болды, тек астықтың өзі 25 млн га жерге себілді. Солай бола тұрса да, өнім жинаудың темендеуі тұрақты құбылысқа айналды. Мал шаруашылығының құс асыраудан басқа салалары кіріссіз шаруашылықтарға айналды. Егер 1970 жылы өзін-езі ақтай алмаған колхоз-дар мен совхоздардың үлес салмағы 15% болса, 1985 жылы бұл көрсеткіш 51%-ға жетті. Мысалы, қойдың саны 1971-1981 жылдары 3,4 млн басқа өссе, 1981-1985 жылдары өсу тоқтаған. Қой етін өндіру 1970-1985 жылдары 19%-га қысқарды, оның қоңдылығы да төмендеді. Дуние жүзіндегі ауыл шаруашылығына жарамды ең үлкен (603 миллион га) жері болса да, (мысалы, АҚШ-та ол 431,5 млн га, Канадада 78 млн га), Кеңес Одағы 1981-1985 жылдары әлемдеп ең ірі азық-түлік сатып алушы елге айналды. Бүл кезеңде КСРО жыл сайын шеттен 3,8 млрд долларға азық-түлік сатып алып отырды. 1985 жылы КСРО-дағы әрбір үшінші бөлке нан, әрбір екінші қораптағы макарон шет елдерден - АҚШ, Канада, Аргентина, Түркиядан сатып алынған астықтан дайындалды. 1970-1980 жылдары халықтың нақты табысы төмендеп кетті. Халық тұтынатын тауарлар тапшылығы өсіп, күні бойы дүкендерде кезекте тұру дағдыға айналды. 1985 жылы Қазақстанның орташа жағдайдағы тұрғыны көпшілік түтынатын тауар алу үшін екі-үш айлық жалақысын жұмсаса, ал қалған тоғыз-он айдың жалақысы тауар тапшылығына байланысты жұмсал-май қалды. 1985 жылы КСРО-да тауар үшін дүкендерде кезекке тұруға халық шаруашылығында жұмыс істейтін 35 млн адамның жылдық қорына жұмса-латын жұмыс уақыты шығындалған. Кеңес Одағында қоғамдық саяси өмірде «басқаша ойлауға» қысым көрсетілді. Оның нақты мысалы, О. Сүлейменовтың 1975 жылы шыққан «Аз и Я» деген кітабына тыйым салынды. Оған пікір жазған «Молодая гвардия», «Москва», «Звезда» және т.б. журнал беттерінде авторды идеологиялық талаптардан ауытқып кетті деп айыптады. Автордың езі идеологиялық қысымға алынды. 1979 жылғы Целиноград оқиғасы ұлттық қатынастардың шиеленісуінің және қазақ халқының мүддесімен санаспаған орталықтың өктемдік саясатының керінісі болды. СОКП ОК Саяси бюросы 1979 жылы көктемде Қазақстанда, орталығы Ерейментаүда болатын, неміс автономиялық облысын құру туралы шешім қабылдады. Оған Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Көкшетау облыстарының немістер тығыз қоныстанған бірқатар аудандарын беру көзделді. Орталықтың бұл әділетсіз шешіміне қазақ жастары бірден жауап берді. Партия шешіміне қарсы Целиноградта, Атбасарда, Ерейментау және Көкшетауда бейбіт шерулер мен демонстрациялар болды. Міне, қазақ халқының осындай саяси белсенділігінен қаймыққан Компартияның ОК қабылдаған шешімін өзгертуге мәжбүр болды. КСРО сыртқы саясатта халықаралық беделін нығайту және Ауғанстанда саяси үстемдік орнату мақсатында 1979 жылы 27 желтоқсанда Ауғанстанға Кеңес әскерін кіргізді. Бұл саясатқа жауап ретінде АҚШ Кеңес Одағына астық сатуға тыйым салып, Мәскеуде өтетін жазғы олимпиадалық ойындарға қаты-судан бас тартты. Б¥¥-да 104 мемлекет Кеңес Одағының Ауғанстанға қарулы күштерін енгізуге қарсы шығып, бұл қадамын айыптады. Кеңес әскерлерінің «шектелген контингенті», яғни 80 мың әскер Ауғанстанда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Ресми деректер бойынша, Ауған соғысында Кеңес Одағынан барлығы 13 мың адам қаза болды, 37 мың солдат пен офицер әр түрлі жарақат алып, мүгедек болып қалды, ал жүздеген жауынгер елге қайтып оралмады. 1982 жылы қарашада КОКП ОК Бас хатшысы Л. Брежнев қайтыс болғаннан кейін партия жетекшілігіне Юрий Андропов келді. Ол КеңесОдағын 1984 жылға дейін ғана басқарды. Ю. Андропов мемлекет басшылығына келгенге дейін КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетін басқарған еді. Сол себепті оның басшылығы елдегі қоғамдық және еңбек тәртібіне ерекше маңыз беруден басталды. Ю. Андроповтың саясаты партиялық биліктің өз ішінде қатаң тәртіл орнату мен қоғамдағы парақорлық пен маскүнемдікке қарсы күрес жүргізу болды. Бірақ та белгіленген шаралар жүзеге аспай қалды. Себебі Ю. Андропов 1984 жылы ақпанда қайтыс болып, КОКП ОК Бас хатшылығына К. Черненко келді (1984-1985). Ол Ю. Андропов бастаған істі ескерусіз қалдырып, елді басқаруда әміршіл-әкімшіл әдістерге сүйенді. Сонымен 1970-1980 жылдардағы дағдарыс құбылысы қоғамдық өмірдің барлық саласында тереңдей берді
68. Тоқырау жылдарындағы Қазақстандағы ғылым, өнер және мәдениет салаларындағы жетістіктер







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет