6B06149 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығына арналған «AZhN 1202– АҚпараттық ЖҮйелер негіздері»


-сурет. Екі өріс бойынша топтастыру жүргіліген және сұраныс параметрі бар сұраныс Count функциялы сұраныс



бет53/66
Дата13.09.2023
өлшемі3,7 Mb.
#180956
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   66
Байланысты:
umkd akparatt k zhuieler negizderi 2022

15-сурет. Екі өріс бойынша топтастыру жүргіліген және сұраныс параметрі бар сұраныс
Count функциялы сұраныс
Тапсырма 8.
Әрбір келісім-шарт бойынша тауар неше рет жөнелтілгенін анықтайтын сұраныс құру қажет. Тауарларды жөнелту фактісі Накладная кестесінде сипатталады.

  1. НАКЛАДНАЯ кестесі негізінде таңдауға арналған сұраныс құрыңыз.

  2. НАКЛАДНАЯ кестесі тізімінен сұраныс өрісі бланкісіне НОМ_ДОГ өрісін апарыңыз. Осы өріс бойынша топтастыру жүргізіледі.

  3. Қайтадан екінші рет сұраныс өрісі бланкісіне НОМ_ДОГ өрісін апарыңыз. Групповые операции кнопкасын басыңыз. Группировка сөзін Count функциясына алмастырыңыз (16-сурет).


16-сурет. Келісім-шарт бойынша жөнелтілім санын есептеуге арналған сұраныс

  1. Сұранысты Число отгрузок по договорам атауымен сақтаңыз. Сұраныс нәтижесі мына түрде болады (17-сурет):


17-сурет. Келісім-шарт бойынша жөнелтілім санын есептеу нәтижесі
Топтық операциялы сұраныстарда іріктеп алу шарттары
Топтық операциялы сұраныстарға топтар үшін топтастыру мен статистикалық функцияны орындайтын өрістерді қосудан басқа, кестелерден жазбаларды іріктеп алу шарттарын беруге арналған өрістерді де қосуға болады.
Тапсырма 9.
Әр келісім-шарт бойынша қанша жүкқұжат жазылғандығын және осы жүкқұжат бойынша жөнелтілген тауарлардың құнын есептейік.

  1. Тауарлардың жалпы құнын есептеу үшін Число отгрузок по договорам сұраныс бланкісіне СУММА_НАКЛ өрісін қосыңыз және ондағы Группировка сөзін Sum функциясымен алмастырыңыз.

  2. Сұраныс бланкісіне СУММА_НАКЛ өрісін қайтадан кірістіріңіз және Группировка сөзін Условие сөзімен алмастырыңыз. Условие отбора қатарына >3000 өрнегін енгізіңіз (18-сурет).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет