Дәріс № 4. АЖ және ақпараттық технологиялар. АЖ құру принциптері. АЖ құрамы және құрылымы: функционалды және қамсыздандырушы ішкі жүйелер. Қамсыздандырушы ішкі жүйелер типтері.
Ақпараттық жүйелердің құрылымы ішкі жүйе деп аталатын оның жеке бөліктерінің жиынтығын құрайды. Ішкі жүйе – қандай да бір белгі бойынша ерекшеленген жүйе бөлігі.
Ақпараттық жүйенің жалпы құрылымын қолдану сферасына қатыссыз ішкі жүйе жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Бұл жағдайда классификацияның құрылымдық белгісі туралы айтылады, ал ішкі жүйені қамтамасыз етуші деп атайды. Қамтамасыз ететін ішкі жүйе ішінде ақпараттық, техникалық, математикалық, программалық, өндірістік және құқықтық қамтамасыз ету бойынша бөліп қарастыруға болады.
Ақпараттық қамтамасыз ету ішкі жүйесінің міндеті шешімдер қабылдау үшін нақты ақпаратты беруден тұрады.
АЖ функционалдық бөлігі. Кез келген ақпараттық жүйенің құрылымдық пән саласы
ақпараттық міндеттерінің шешімін іске асыратын функционалдық қосалқы жүйелердің жиынтығымен ұсынылуы мүмкін. Қосалқы жүйелердің жинағы пән саласының ерекшелігіне және ақпараттық жүйенің арналу мақсатына байланысты. Барлық ақпараттық жүйелердің ортақ функциясы болып осы немесе өзге нысанда жаңа сападағы ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және беру болып табылатынын алдында анықтаған болатынбыз. Жүйенің ортақ мақсатын қосалқы мақсаттарға бөлген (бөлшектеп байланыстырған) кезде оның функционалдық қосалқы жүйелерге бөлшектеп байланыстырылуын аламыз. Жалпы айтқанда, осылай бөлшектеп байланыстыру бір түрдегі ақпараттық жүйе үшін бір мәнді болып табылмайды. Ақпараттық жүйенің құрамына енетін функционалдық қосалқы жүйелердің жинағы көптеген параметрлерге: жүйенің құрылымы, оның функционалдық бағыттылық саласы, басқару қызметінің деңгейлері және т.б. тәуелді.
Ғылыми зерттеулердің автоматтандырылған жүйелері (ҒЗАЖ) үшін, мысалы, функционалдық бөлігіне мына қосалқы жүйелер енуі мүмкін: эксперименттерді өткізуді жоспарлау және дайындау; эксперимент нәтижелерін өндеу және басқасы.
Автоматтандырылған оқыту жүйелері (АОЖ) үшін мына қосалқы жүйелер:
- оқу сабақтарын өткізу;
- оқушыларды тестілеу;
- оқыту нәтижелерін тіркеу, өндеу және т.б.
Автоматтандырылған жобалау жүйелері (АЖЖ) үшін мына қосалқы жүйелер болуы мүмкін:
- функционалдық-логикалық және конструкторлық жобалау;
- параметрлік оңтайландыру қосалқы жүйесі;
- конструкторлық-технологиялық құжаттама қосалқы жүйесі
және т.б.
Кәсіпорынды басқарудың ақпараттық жүйесі (БАЖ) үшін осындай функционалдық қосалқы жүйелерге мына қосалқы жүйелерді жатқызуға болады:
техникалық-экономикалық жоспарлау;
- өндірісті техникалық дайындау;
- өнімді өткізу және сату;
- өндірісті жедел басқару;
- материалдық-техникалық жабдықтау;
- бухгалтерлік есеп;
- өнімнің сапасын басқару;
- кадрларды басқару;
- қосалқы өндірісті басқару.
Ақпараттық жүйенің қосалқы жүйелерінің әрқайсысы функционалдық міндеттердің біршама қосалқы жиынтығын шешеді. Осындай әр міндетті шешу оның экономикалықматематикалық немесе ақпараттық үлгісін көрсететін кейбір математикалық қамтамасыз етуге негізделеді. Бұдан басқа, осындай міндеттердің әрқайсысы кіріс деректерінің белгілі бір жинағына және белгілі бір нысанда ұсынылған шешім нәтижесіне
ие болады. Функционалдық қосалқы жүйелердің өзара әрекет ету құрамын, тәртібін және қағидаттарын экономикалық объектінің алдында тұрған қызмет ету міндетіне жетуді ескерумен белгілейді. Әр қосалқы жүйе үшін өзінің кіріс және шығыс деректері белгіленген. Қосалқы жүйелердің әрқайсысы өз мақсаттарына, міндеттеріне, функционалдық сипаттамаларына, басқа жүйелермен нақты интерфейске ие. Ақпараттық жүйенің қосалқы жүйелері арасындағы өзара әрекеттесу шектеулі стандартты шеңберге сыяды. Кейбір пән салалары үшін басқару функцияларын, деректер құрылымы мен өндеу алгоритмдерін типтендіру мүмкін.
Ақпараттық жүйелерді жобалауға, енгізу мен сүйемелдеуге жұмсалатын шығындарды төмендету үшін, сәйкесінше, олардың тиімділігін арттыру үшін жекелеген функционалдық міндеттер бойынша және осы негізде функционалдық қосалқы жүйе және
жалпы жүйе бойынша жобалау шешімдерін типтендіру қолданылады.
Өз кезегінде, үлгі жобалау шешімдеріне бағдарлану ақпараттық жүйелерді жобалау процесін автоматтандыру үшін негіз болып қызмет етеді, бұл жүйелерді әзірлеуге жұмсалатын шығындардың төмендеуіне және жобалау мерзімдерін қысқартуға әкеледі.
Мысалы, «1С:Бухгалтерия» жүйесінің үлгі кескіндемесі жүздеген мың отандық кәсіпорындарда қолданылады және қосымша түзетуді талап етпейді.
Қамтамасыз ету бөлігі. АЖ қамтамасыз ету бөлігі – оларды пайдаланумен функционалдық қосалқы жүйелердің міндеттері шешілетін құралдардың жиынтығы.
Ақпараттық жүйелердің қамтамасыз ету бөлігінің құрамдастарына мыналар жатады:
- техникалық қамтамасыз ету;
- математикалық қамтамасыз ету;
- бағдарламалық қамтамасыз ету;
- ақпараттық қамтамасыз ету;
- ұйымдастыру қамтамасыз ету;
- құқықтық қамтамасыз ету.
Бұдан басқа, ірі ауқымды ақпараттық жүйелерде жеке құрамдастар ретінде мыналар қаралады:
- эргономикалық қамтамасыз ету;
- технологиялық қамтамасыз ету;
- лингвистикалық қамтамасыз ету;
- кадрлық қамтамасыз ету және т.б.
Ақпараттық қамтамасыз ету – ақпараттық топтар схемасының, құжаттардың бірыңғайлы жүйесінің, ақпаратты кодтау және классификация жүйесінің жиынтығы, сонымен қатар деректер базасын құру әдістемесі.
Жүйелердің функцияларын ерекшелеу
Техникалық қамтамасыз ету – ақпараттық жүйелердің жұмысына арналған, сонымен қатар осы әдістер мен технологиялық процестерге сәйкес келетін құжаттардың техникалық құралдарының комплексі.
Техникалық құралдар кешені мыналарды құрайды:
кез келген модельді компьютерлер;
ақпаратты жинау, өңдеу, беру және шығару құрылғылары;
мәліметтерді беру және байланыс линия құрылғылары;
өндірістік техника және ақпараттың автоматты түрде алынатын құрылғылары ;
эксплуатациялық материалдар және т.б.
Құжатнамамен алдын-ала техникалық құралдар таңдап алынып, оларды эксплуатациялауды ұйымдастыру, мәліметтерді өңдеудің технологиялық процестері безендіріледі. Құжатнаманы келесі үш топқа шартты түрде бөлуге болады:
жалпыжүйелік, техникалық қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік және салалық стандарттарды қосады;
арнайы, техникалық қамтамасыз етуді құрастырудың барлық сатылары бойынша әдістер кешенін құрады;
нормативті-анықтамалық, техникалық қамтамасыз ету бойынша есептеулерді орындау кезінде қолданылады.
Қазіргі уақытта техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастырудың екі негізгі формалары құрылды (техникалық құралдарды пайдалану формалары): орталықтандырылған және жартылай немесе толықтай деорталықтандырылған.
Орталықтандырылған техникалық қамтамасыз ету үлкен ЭЕМ және есептеу орталықтарының ақпараттық жүйелерінде пайдалануға негізделген.
Деорталықтандырылған техникалық құралдар жұмыс орындарында дербес компьютерлерде функционалды подсистемаларды өндіру қарастырылады.
Математикалық және программалық қамтамасыз ету – ақпараттық жүйелердің есептері, сонымен қатар техникалық құралдардың кешенін бірқалыпты функционалдауға арналған математикалық әдістер, модельдер, алгоритмдер мен программалар жиынтығы.
Математикалық қамтамасыз ету әдістеріне мыналар жатады:
басқару процестерін модельдеу әдістері;
басқарудың типтік есептері;
математикалық программалау, математикалық статистика, жаппай қызмет ету теориялары және т.б. әдістер.
Программалық қамтамасыз ету құрамына жүйелік және арнайы программалық өнімдер, сонымен қатар техникалық құжатнама кіреді.
Жүйелік программалық қамтамасыз ету тұтынушыларға негізделген және ақпаратты өңдеудің типтік есептерін шешуге арналған программалар комплексі қарайды. Арнайы программалық өнімдерді қамтамасыз ету нақты ақпараттық жүйе құру кезінде жасалған программалар жиынтығын көрсетеді. Оның құрамына әр түрлі деңгейдегі модельдерді құруды жетілдіретін қолданбалы программалар пакеті (ҚПП) кіреді.
Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету – жұмысшылардың техникалық құралдармен іс-әрекеті және өзара ақпараттық жүйені құру мен эксплуатациялау процесіндегі әдістер мен тәсілдер жиынтығы.
Құқықтық қамтамасыз ету – ақпаратты алу, жаңарту және пайдалану ретінде ақпараттық жүйелерді құруды, функционалдау мен заңгерлік мәртебені анықтайтын құқықтық ережелер жиынтығы.
Құқықтық қамтамасыз етудің басты мақсаты заңдылықты нығайту болып табылады.
Құқықтық қамтамасыз ету құрамына заңдар, нұсқаулар, мемлекеттік билік органдарының қаулылары, бұйрықтар, инструкциялар мен министрліктің басқа нормативті құжаттары, ведомосттар, өндірістер, жергілікті билік органдары кіреді.
Құқықтық қамтамасыз етудің ақпараттық жүйені қалыптастырудың сатыларына мыналар жатады:
ақпараттық жүйе статусы;
персонал құқығы, міндеті мен жауапкершілігі;
басқару процестерінің жеке түрлерінің құқықтық жағы;
ақпаратты құру мен пайдалану реті және т.с.с.
Достарыңызбен бөлісу: |