6B08674- су ресурстары және суды пайдалану білім беру бағдарламасы бойынша


Гидроциклонды сормаларда тасындыны бөлу және оны тасымалдау. Гидравликалық тығын



бет25/47
Дата19.10.2023
өлшемі6,17 Mb.
#186656
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   47
Байланысты:
6B08674- су ресурстары ж не суды пайдалану білім беру ба дарлама

14.4. Гидроциклонды сормаларда тасындыны бөлу және оны тасымалдау. Гидравликалық тығын

Жоғарыдағы гидроциклондық камера, әдетте, сорманың айдау желісіне қойылады. Тасынды судан бөліну үшін ең алды сормадан өтеді. Бұл өте тиімсіз жағдай, өйткені қатты түйіршіктер сорманың қымбат бөлшектерін қажап, оларды жарамсыз етеді. Мұны болдырмаудың бір мүмкіншілігі бар, ол тасындыларды сору желісінде судан айырып, сорма тек тазаланған суды сору керек. Ол үшін сорманың (I) сору желісіне гидроциклондық камера (2) (36-сурет) кигізіледі.



36-сурет

Құм қосылған су 3-ші құбырмен гидроциклондық камераға жанай кіріп, онда екіге бөлінеді. Құм конус бойымен оның ұш жағына шоғырланады да су орталық өс айналасына жиналып, 4-ші сұғындырма арқылы сорылады. Одан әрі сорма 5-Саптамалар арқылы суды үлкен қысыммен, тұтынушыларға береді. Конус ұшына шоғырланған құмды аз сумен шайып сыртқа әкету үшін гидроциклондық камераға микрогидроциклон (6) жалғанады. 2-ші камерадағы құмды қоспаны гидроэлеватормен (7) айдап минигидроциклонға береді. Гидроэлеваторға керекті тегеурінді суды 5-ші айдау желісінен жіңішке құбыр (8) арқылы алады. Үлкен гидроциклондық камера (2) вакуумдық жағдайда жұмыс істейді. Гидроэлеватор конус ұшындағы тасындыны (құмды) сорып, жанама құбырша (9) арқылы едәуір қысыммен минигидроциклонға кіргізеді.
Айналмалы қозғалысқа түскен құмды қоспа екіге бөлінеді. Өс айналасындағы тазаланған су 10-шы құбыршадан шығып үлкен камерадағы суға қосылады, ал құм қойыртпа қойылтқыш (11) арқылы сыртқа шығады.
Егер гидроэлеваторға кіріп жатқан судың тегеуріні едәуір болса, жоғарыдағы процесс гидроциклондық қондырғыда үзіліссіз жүріп жатады, бірақ құмды шаятын су көп кетіп қалуы мүмкін. Ол үшін вентильді (12) жайлап жауып микрогидроциклонның сыртқы ағынындағы қысымды азайтады, сонда қойылтқыштағы қоспа тоқтап, құм үйіндісі конус ұшында өсе бастайды. Бұл процесс үлкен камерадағы өс бойымен таралған вакуумның кіші камераға өтіп ықпал етуімен болады. Минигидро-циклондағы тасынды үйіндісі көбейген сайын, оның тығыздығы артып жергілікті вакуум шамасы азаяды. Гидроэлеватордан шыққан құм қоспаның минигидроциклондағы сыртқы өстік ағынға қысымы жергілікті дәрежеде артып, қойылтқыш тесігінің сыртындағы атмосфералық қысымнан басым түседі. Осы тұста қойылтқыштағы құм қоспа сыртқа ытқиды, бірақ бәрі шығып кетпейді. Миникамерадағы құмүйінді азайып бара жатқанда, сыртқы өстік ағын қысымы кеми түседі де, орталық - өстік вакуум, тығыздығы азайған сұйықпен бірге конус ұшына қарай жылжиды. Бір мезетте, қойылтқыштың ішкі беті мен сыртқы бетінің қысымдары теңеліп, құмды қоспа қозғалысы кілт тоқтайды. “Гидравликалық тығын” пайда болады. Осыдан бастап құм тасынды қайтадан конус төбесіне үйіле бастайды. Процесс қайталанады. Бұл эффект Әбдіраманов эффектісі деп аталады.

Өздік бақылау сұрақтары



  1. Екіқосынды сұйықтар қозғалысы туралы не айтар едіңіз?

  2. Ньютондық, ньютондық емес сұйықтарға мысал келтіріңіз, ерекшеліктеріне тоқталыңыз.

  3. Ашық арна түбіндегі тасынды қозғалысын сипаттаңыз.

  4. Жүзінді тасындылар деген не?

  5. Тасындыларды судан бөліп алудың қандай жолдары бар?

  6. Екіқосынды сұйықты гидроциклонда бөлудің принципін түсіндіріңіз.

  7. “Гидравликалық тығын” құбылысын сипаттаңыз.



Қолданылған оқулықтар
1 Әдіраманов Ә Гидравлика (оқулық) Тараз ТарМУ, 2011 - 200б
2 Гаврилов М.Б. Гидравлика (оқулық). – Алматы: Каз.ҰТУ, 2004. – 313 б.
3 Әдіраманов Ә Гидравлика (оқулық) Тараз ТарМУ, 2000 - 400б
4 Чугаев Р.Р. Гидравлика – 4-ішығ. – М.: Л.: Энергоиздат, 1982. – 671 б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет