6
Қолданылатын зерттеу әдісі мен мәліметтердің түрлеріне
байланысты сараптаманы сандық және сапалық деп бөлуге болады. Сандық
сараптау статистикалық, математикалық және есептеу процедуралардың
көмегімен жасалатын оқиғаларды жүйелік зерттеу түрінде болады. Үлкен
көлемді репрезентативті оқиғалар туралы жиналған ақпартаттарды әрі
қарай статистикалық өңдеу негізінде құрылымданған мәліметтер алынады.
Сапалық аналитиканың мақсаты әртүрлі құбылыстардың себептері
мен мотивтерін терең түсінуді көздейді. Әдетте бұл үшін репрезентативті
емес іріктеудің негізіндн шектеулі мәліметтерді жинайды, ал сараптауды
статистикалық емес әдістермен жүзеге асырады. Сапалық сараптама
іздеуші зерттеуде пайдалы болады, яғни, сараптамалық зерттеудің бірінші
кезеңінде.
Әлеуметтануда қазіргі әдіснамалардың дамуы әлеуметтік білімнің
гумандануын бейнелеп, әлеуметтік өмірдің деректерінің әрқилылығын
көрсетеді. Адамды және оның әлеуметтік құрылымдағы рөлін түсінуге
бағытталған интерпретативтік әлеуметтану жаңа әдіснаманы талап етеді.
Сондықтан соңғы уақытта әлеуметтанушылар өздерінің зерттеу
жобаларының негізгісі ретінде сапалық әдістерді және сапалық әдіснаманы
таңдайды. Сапалық әдістер әлеуметтік құбылыстар туралы екжей-тегжейлі
және жан-жақты ақпараттарды жинауға, әр күнгі әлеуметтік практиканың
ерекшелігін түсінуге мүмкіндік береді. Олар кіші әлеуметтік топтар мен
индивидтердің мәселелерін жақсы зерттеп, нақты әлеуметтік жағдайға сай
әлеуметтік технологияларды жасауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: