6Әлихан Бөкейхан, Мәскеуде саяси қуғында жүрген жылдарында



Дата07.02.2022
өлшемі493,92 Kb.
#85183
Байланысты:
Алаш партиясының құрылуы оның бағдарламасы


Алашорда қозғалысының белсенді қайраткерлері. Қазақ елінің өз тәуелсіздігі болғаны үшін сол кезде саяси білім алып, қару-жарақ қан төгіссіз, бейбіт жолмен қазаққа жеке республика құру бұл қайраткерлердің басты мақсаты әрі арманы еді. Біріншіден Алаш азаматтары қазақ ғылымының төлбасы әрі арналы саласы ретінде ең алғаш болып тілтану ғылымының іргетасын қалады. Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралдары», «Тіл құралдары», Телжан Шонанұлының «Оқу құралдары», Елдес Омарұлының оқу-әдістемелік мақалалары осыны аңғартады.


1Алашорда ұлттық-территориялық автономиясы үкіметінің (Халық Кеңесінің) мүшелері Алаш қаласына (Заречная Слободка, Семей) көшіп келіп қоныстанған 1918 жылы. Үшінші қатарда отырғандар: солдан оңға қарай бірінші - Ахмет Байтұрсынұлы, бір кісіден кейін басына ақ кепкі киген - Алашорда төрағасы Әлихан Бөкейхан. 1918 жыл. 

220-ғасыр басындағы қазақ зиялыларының тобы. Бірінші қатарда ортада қолтықтасып отырғандар: ақ жейде киген - Әлихан Бөкейхан (оң жақта), сақалды адам - Абайдың ұлы Тұрағұл. Өзгелері белгісіз.

3"Қазақ" газетінің құрылтайшылары (оңнан солға қарай): Міржақып Дулатұлы, Әлихан Бөкейхан және Ахмет Байтұрсынұлы.

4Әлихан Бөкейхан, Алашорда ұлттық-территориялық автономиясын бастап Алаш (Заречная Слободка, Семей) қаласына көшіп келген 1918 жылы. Бұл сурет Алашорда автономиясы үкіметі мүшелері топтасып түскен суреттен үлкейтіліп алынды.

5Бірінші қатарда отырғандар: "Қазақ" газетінің демеушісі Хасен Ақайұлы мен бәйбішесі. Тұрғандар: ортада Смайыл Байтенұлы, екіншісі - белгісіз.

6Әлихан Бөкейхан, Мәскеуде саяси қуғында жүрген жылдарында.

7Шәкерім қажы Құдайбердіұлы, ақын, "Қазақ" газетінің авторларының бірі. 

8Мұхамеджан Қаратайұлы, заңгер, І Мемлекеттік Думаның депутаты, 20-ғасыр басындағы қазақ зиялыларының бірі. "Қазақ" газетіне сирек те болса мақала жазып тұрды.

9Міржақып Дулатұлы, совет билігі жылдарында. 

10Мағжан Жұмабайұлы, "Алаш" қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі. «Қазақ» газетінің белсенді авторларының бірі.

11Ғұмар Қарашұлы, 20-ғасыр басындағы танымал дін қайраткері, ақын. "Қазақ" газеті авторларының бірі, әрі Алаш қозғалысы мен Алашорда автономиясының белсендісі.

12Мұхамеджан Тынышбайұлы, теміржол инженері, тарихшы, Алаш қайраткері, әрі Түркістан мұхтариятының (Қоқан автономиясының) бірінші төрағасы. "Қазақ" газеті авторларының бірі.

1320-ғасыр басындағы қазақ зиялылары. Ортада отырған - "Қазақ" газетінің өкілетті өкілі Міржақып Дулатұлы. Ташкенттегі фотостудиялардың бірінде түсірілген сурет.

14Жүсіпбек Аймауытұлы, ақын, жазушы, драматург, мемлекет қайраткері. "Қазақ" газеті авторларының бірі.

15Жақып Ақбайұлы, заңгер, құқық магистрі, 1903 жылы Санкт-Петербург университетінің заң факультетін үздік бітірген. "Қазақ" газеті авторларының бірі, Алаш қайраткері.

16Халел Досмұхамедұлы (1883-1939), "Алаш" қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. «Қазақ» газеті авторларының бірі.

17Биахмет Сәрсенов (1885-1921 жж.) - Алашорданың көрнекті қайраткері. «Қазақ», «Сарыарқа» газеттеріне мақалалар жазып тұрған. 1918 жылы түсірілген бұл сурет жеке мұрағаттан алынды.

18Смайыл (Ысмайыл) Байтенұлы, Алаш қозғалысы мен Алашорда автономиясының қайраткері. "Қазақ" газеті авторларының бірі.

19Ахмет Байтұрсынұлы ізбасарларының ортасында.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет