6М011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған ОҚУ-Әдістемелік материалдар семей 2014 Мазмұны



бет1/4
Дата05.11.2016
өлшемі0,83 Mb.
#780
  1   2   3   4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙДІҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3-деңгейлі СМЖ құжат


ПОӘК




ПОӘК

«Абайдың ақындық кітапханасы» пәнінің оқытушыға арналған оқу-әдістемелік кешені



№ 1 басылым

«__» _09____ 2014 жыл


ПОӘК 042-18-29-1.18/03-2014



ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Абайдың ақындық кітапханасы »

6М011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ 2014



Мазмұны

1. Дәріс сабақтарының мазмұны.

2. Тәжірибелік сабақтардың мазмұны.

3. Студенттердің өздік жұмысы.

4. Әдебиеттер.


  1. ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ.


Модуль 1.Абай ақындық кітапханасының жай-күйі.
1- дәріс. Абайдың ақындық кітапханасы – Абайтанудың өзекті мәселесінің бірі.

«Қазақ халқының ұлы ақыны»,Мұхтар Әуезовтің мақаласы. Абайдың қайтыс болуына 50 жыл толуы қарсаңында (1954) ұлы мұра жөніндегі ез ой-танымының желісін қорыта отырып жазған. Терек талдау мен іргелі ойға, теориялық соны пікірлерге құрылған. Мақала алдымен «Әдебиет жене искусство» журналының 1954 жылғы 9-санында жарияланды, орысша нұсқасы Мәскеудегі «Знание» баспасында жеке кітапша болып шыкты, сол жылы «Новый мир» журналының 7-санында жарық көрді. Соңғы рет жазушының 20 томдық шығармалар жинағының 18-томыңда (42 62-беттер) 1954 жылғы нұсқасы негізінде жарияланды. Мақала жарық көрген кезден бастап абайтану саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының иек артатын іргелі тірегіне айналды. 19 ғасырдың 80-жылдарындағы Абай өлеңдерінің дені қазақ қауымының тағдырына арналғандықтан, дидактикалық поэзияның қалыптасқан канондарын бұзып, жаңа бағыттағы поэзияның мақсаты - халық мүддесіне қызмет ету, адамды жаңа таным, биік гуманистік мақсат-мұратқа тәрбиелеуге жұмылдыру деп білді. Абайдың ақындық кітапханасының тың көздерін нұсқап, Табари, Рабғузи, Рашид-ад-дин, Бабыр, Әбілғазы еңбектерімен таныстығын, логика мен мусылман құқығының негіздерін біліп, татар ағартушылары еңбегімен, Таяу Шығыстың өз кезіндегі ой ағымымен мол хабардар екендігін ескертеді. «Қазақ халқының ұлы ақыны» («Великий поэт казахского народа»), Мұхтар Әуезовтің мақаласы. «Абай Кунанбаев. Избранное» деп аталатын орыс тіліндегі кітапқа жазылған алғы сөз (5-27-беттер). 1958 ж. Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасы шығарған. Кітапты Қазақ КСР ҒА-ның Тіл мен әдебиет институты әзірлеген. Орыс тіліне аударылған тандамалы өлеңдері мен кара сөздері кірген. Абайдың қысқаша өмірбаяны берілген. Абайдың орыстың классикалық әдебиетінің әсері, Батыс жазушылары мен ойшылдарын оқып үйренуі ақынға арнапған басқа еңбектерінің үлгісінде жазылған. Абайдың үш ақындық мектебі: тіл әдебиеті, Шығыс үлгісі, орыс, Батыс классикасының әсері тарата талданған. Мақалада зар-заман әдебиетінің өкілдері Шортанбай, Мурат, Әбубәкіржайында да айтыпған. Оларға консервативті ақыңдар деп баға беруі сол кездегі идеологиялық талаптардан туған. Абайдың шығыстық философ, тарихшы, ақындарды білуі, ақындық шеберлігі, аудармалары жайында қысқа, нақты ойлар айтқан.



Абайды танудағы сондай өзекті мәселелердің бірі ол - кемеңгер ақынның ортасы, әдеби айналасы туралы сөз. Төл әдебиетіміздің тарихын жаңаша зерделеуге мүмкіндік туған бүгінгі тәуелсіз көзқарастар тынысы қандай да бір сөз зергерін оның әдеби ортасымен, айналасымен байланыста қарауға жол ашып отыр. Абайдың әдеби ортасы дегенде оны ақындық өнерге баулыған, рухани өсу жолында темірқазық бағдар бола білген ақын-жырауларды, би-шешендерді, кейіннен нағыз ақындық кемеліне жеткен тұлғаның өнеріне сусындап, әдебиеттегі дәстүрін жалғастырған ақын шәкірттерін, оның мұрасын халыққа насихаттаған өнерпаз буынды айтамыз. Әдеби орта ұғымын мейілінше кең тұрғыда алу да бар. Ол өлшемге салсақ, ақынға әсер еткен рухани қайнар көздерге ұласатын алғышарттарды есепке аламыз. Бұл тұрғыда әдеби ортаны абайтанушы ғалымдар атап көрсететін ақынға әсер еткен шығыс, батыс және қазақтың төл әдебиеті сияқты рухани қайнар көздерімен байланыста қарауға болады. Осылайша әдеби ортаның құлашын кеңейтіп, ақын сусындаған әдеби дереккөздерге қатыстылығын ескерсек, Абайдың кітапханасы деген тақырыптың да әдеби ортамен бөлінбес бірлікте екенін аңғару қиын емес. Әдеби орта тек өзіне ықпал еткен ілгерідегі әдебиетпен ғана шектелмейді, енді ақынның өзгеге берген нәрі деген тұста қазақ әдебиетіндегі үлкен арна - Абайдың әдебиеттегі дәстүрі мәселесін қоса қамтиды. Шартты түрде осындай кең ауқымды қамтитын Абайдың әдеби ортасын нақтылап, тарылтып ақынның айналасы, яғни Абаймен тікелей қарым-қатынаста, әдеби байланыста болған аға буын, замандас сөз зергерлері - ақын-жыраулар, би-шешендер және кейінгі ақынның тікелей тәрбиесін көрген ақын шәкірттерімен шектеп, шеңберлеп қарастыру абайтану ғылымының көкейкесті мәселелерінің бірінен саналмақ. Бұл М.Әуезов сөзімен айтқанда «бергілер және дәл айналасы».

Дәл осы тұрғыдан алғанда, әдеби орта ұғымы кез-келген әдебиет өкілінің, оның шығармашылық жолының қалыптасуында айтарлықтай рөл атқаратын өскен орта, яғни туған жер, туған өлке деген ұғымдармен де аса жақын келетінін ескерген жөн. Туған топырақтың қасиеті қаламгер атаулының кіндігін өзінен бір сәт ажыратпай, оның шығармашылық жолына табиғи бояуын сіңдірер үзілмес желі боп тартылады. Кіндік қаны тамған туған жер адам болмысының қалыптасуына өз әсерін тигізері анық болса, рухани дүниеге ұмтылысы ерекше өнерге жақын жандардың табиғаты сол туған топырақтың құнарына да тәуелді. Қазақ даласын шалқытқан өнердің сан алуан түрі - ән мен күй, өлең мен жыр әр аймақтың сипатына қарай өзінше шырқалып, түрліше күмбірлейді. Жер табиғатының өзгеше өрнегі әр өлкедегі өлең-сөзге де өзіндік  мақам-бояуларын сіңіреді. Шығыстың шертпе күйі батыс қазақтарына аса тән емес, оларда күйдің төкпе түрі кең жайылған. Жетісу ән мәнері де арқаның әндерінен бөлекше. Ақындық өнерде дәл мұндай ерекшеліктер анық байқалмағанмен, әр аймақтың өзіндік ақындық дәстүрі қалыптасып, дамып-жетілді. Қаратау шайырлары, Сыр сүлейлері немесе арқа ақындарының сал-серілік дәстүрі тағы басқаларды алсақ, әр аймақтың ақындық сөйлеу тілінде көзге ұрып тұрған айшықты айырмашылықтар болмады десек те, табиғат-тылсымы тереңге тығылған әр өлкеге тән ақындық дәстүр сақталған.



Модуль 2. Абай және шығыс әдебиеті.

2 – дәріс. Абай нәр алған үш арна.

Ақын шығармалары сусындаған негізгі үш қайнар көзді айтатын болсақ, ол ең алдымен Абай қазақ елінің ұлтгық рухы мен менталитетін, оның көкейтесті арманы мен даналық ойларын абыздық көрегеңділікпен, өлеңмен өрнектеуді қазақ эпосынан үйренді. Сондай-ақ Абайдың жүйелі ойларының үлкен бір арнасының калыптасуына Шығыстың рухани қазынасының да ықпал-әсерінің аз болмағандығы сөзсіз. Өйткені ол күллі араб пен парсының батырлық дастаны мен жырларын, Шығыстың атағы жер жүзіне мәшһүр классик ақындарын, Әбу Жафар Мүхаммед ат-Табари, Рабғузи, Рашид әд-Дин, Бабыр Захиреддин Мұхаммед, Әбілғазы Баһадүр ханның тарихи еңбектерін, сондай-ак, логика ғылымының негіздері мен мұсылмандық құқық, Шығыстың шариғат кағидаларын ұғындыратын ғұламалар еңбектерін жетік меңгерген. Сол еңбектерді түпнүсқасында оқитын жан-жақты білімдар, ғұлама болған. Араб, парсы, түркі тілдеріндегі білім көздеріне Абай ерекше көңіл аударады. Айрықша қабілетінің аркасында, араб, парсы тілдерін өз бетімен жүйелі түрде оқып, игереді.



Ақынның шұрайлы филос. ойлары, негізінен, шығыс ойшылдары мен ақындарының кемел пікірлерін айрықша шеберлікпен игергендігін көрсетеді.Орыстың қоғамдық-филос. ақыл-ойы ақынның эстетик. көзқарасының қалыптасуына елеулі әсер етгі. Сондай-ақ басын сонау антикалық ежелгі заман мәдениетінен алатын Батыс Еуропа мәдениеті Абай дүниетанымының даму процесінде тарихи сабақтастық желісін атқарды. Казақ кемеңгері Сократ, Платон, Аристотель еңбектерімен жақсы таныс болды. Сонымен катар ол Спенсердің "Тәжірибелерін",Льюистің "Позитивтік фило-софиясын", Дрепердің "Еуропа ақыл-ойының даму тарихы" атты туындылары мен Милльдің, Бокльдің және тағы басқа көптеген авторлардың да шығармаларын оқыған. Батыстың өркениеті мен философиясы, қоғамдық ойдың даму тарихы, ғылымы мен мәдениеті Абайдың рухани есею жолында елеулі рөл аткарып, Батыс пен Шығыс мәдениеттерін оның өз дүниетанымында тамаша ұштастырды.

«Абай ақындығының айналасы»,Мұхтар Әуезовтың мақаласы. «Әдебиет майданы» журналының 1934 ж. 11-12-санында, сол жылы «Социалды Қазақстан» газетінің 30 желтоқсандағы нөмірінде жарияланды. Кейін Мұхтар Әуезовтің 20 томдық (15-том), «Абай Қүнанбаев» шығармалар жинақтарына енді. Абайдың қайтыс болғанына 30 жыл толуына орайластырылып жазылған. Бұл ұзак жылдар бойы ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы жинап-терген, зерделеп-зерттеген ізденістері мен пікірлерін бір арнаға тоғыстырған, қысқаша түрде жүйелеп қорытындылаған абайтану ғылымының бағдарламалық, тұжырымдамасы еді. Мақала екі шешенің тәрбиесін бірдей көріп өскен Телғараның (Абайдың) Шығыс, Батыс сияқты екі арнадан рухани нәр алған тұстарын атап өткен. Науаи, Шәмси, Сәйхали сияқты Шығыс ақындарына еліктеп, бәйіт, жыр жазғанын, бұл кез Абайдың шағатай поэзиясына таза еліктеу ретінде ілеспек болған талабын көрсетеді. Рухани нәр алған үш саласының түңғышы осы Шығыс жағасы екендігіне назар аударады, шығыс әсерінің Абайға дейінгі кезеңде де, яғни Ыбырай, Албан Асан, Мәшһүр, Ақан сері сияқты Арқа, Жетісу ақындары, әсіресе Сыр бойы ақындары мен Шортанбай бастаған Шәді, тағы басқа ақын шығармаларында көп болғандығын айтып өтеді. Ұлы ақынның «Шығысым батыс, батысым шығыс боп кетті» деген сөзін оның рухани нәрінің екінші бұлағы еуропа әдебиетімен желі болып тартылған Пушкин, Лер­монтов шығармаларын аударуымен байланыстырып, Абайдың қазақ поэзиясына әкелген жаңалықтарын ашып көрсетеді.Абайдың Еуропаның Гете, Лермонтов сияқты ұлы ақындарының жоғары сатыдағы жыр мәдениетін жете меңгеріп, Еуро­па жағасынан... махаббат жырының өте шебер, өте нәзік, көркем улгісін туғызғанын, ерекше атайды. Мақалада екі рухани нәрден бөлек,Абайдың өзгеге берген нәрі турасында қысқаша сөз болып, ұлы ақынның «өз тұлғасы сияқты боп қапыптанған» әдеби тумалары шәкірттері, ез балалары Ақылбай мен Мағауиялардың шығармашылығына тоқталады. Ақылбайдың Байрон, Пушкин үлгісін тұтынып, Мағауияның қазақ тұрмысынан Абылай хан туралы тарихи жыр мен «Еңлік Кебек» жырын поэмаға айналдырғанына,Абайдың ақындық мектебінің игі ықпалына ерекше тоқталған.
3-дәріс. Абай және Шығыс әдебиеті.

Ғалым Ғ.Сағди 1922 жылдары Абайдың Ташкентте басылған кітабы негізінде Абайдың Шығыс әдебиетіне қатысын арнайы сөз етпегенімен, оның исламиятқа қатысын айғақтау жолында құнды пікірлер айтқан. «Және әуелде аллаға онша жақын болмаған әлі көбірек дүние үшін, халық үшін қайғырған Абай 1889 жылдан соң аллаға жақындап, алланы жар етеді. Алла туралы көбірек ойлап, сол ретте халыққа алла туралы сөздер сөйлеп, алла туралы діни үгіттер үйретеді», - дейді. Ғ.Сағди Абайдың дүниеге көзқарасы, Абайдағы дін жайы деген мәселеге алғаш назар аударған зерттеушінің бірі.

Абайдың шығыс әлемі мен исламият дүниесіне қатысын зерттеген ғалымдардың бірегейі - М.Мырзахметұлы.

Абайдың Шығысқа қатысты оқыған әдеби мұраларының анық санын айқындау мүмкіндігі болмағанымен , Абай оқыған Шығыстық дерек көздерін М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясында жалпы жиыны 34 кітапты атаса, М.Мырзахметұлы, С.Қасқабасов, Қ.Салғарин т.б. ғалымдар Кеңес заманындағы идеологияның кесірінен М.Әуезов атамай кеткен басқа да көптеген Шығыс мұраларының аттарын абайтануға қатысты өз еңбектерінде кеңейтіп көрсеткен.

Жалпы Абайдың Шығыс әдебиетімен танысуы, оның медреседе оқыған кезінен басталады. Ақынның ең алғашқы «Иузи-раушан» өлеңі, таза еліктеуден туған туынды болса, «Фзули, Шамси» өлеңі Шығыстық мәдени мұраға жас ақынның талғаммен қарай бастағандығының белгісі.

  Шығыс классиктерінің барлығы да Александрдың батыс, шығыс әлеміне жасаған жорықтарын мол қамтып, кең суреттеулермен қатар, оның соғысы мен іс-амалдарын шенемей, құптау бағытында көрсетеді. Кейбіреулері оны езілушілердің қорғаны, әділдік үшін күресуші ұнамды образ, әрі данышпан-философ, әрі мемлекет қайраткері етіп бейнелейді. Әрине, бұл кездейсоқ нәрсе емес.

            Ол поэмалардың авторларының бәрі де дана, ұлы адамдар. Демек олар Александр жорықтары мен оның өз басына сол өз замандарының тұрғысы, өз кезінің алдарына қойған тілек-талаптары тұрғыларынан келген.

            Фирдоуси «Шахнаманы» ирандарды арабтар жаулап алғаннан бірнеше ғасыр кейін жазды. Оның үстіне Тұран хандығының күшті кездерінен қалған қанды жорық жолдары әлі сайрап жатқан-ды.

Бір кезде мықты, мәдениетті мемлекет саналған иран елін арабтар жаулап алып, адамдарын құл, қаласын күл етіп, тіліне тыйым салып, дінін қуғынға ұшыратқандары мәңгілік естерінен кетпес оқиғалар еді. Сондықтан өз халқын тереңнен сүйген Фирдоуси, Иран елінің аңыз, ертегі, тарихи деректерге сүйеніп, өз халқының шахтарының ескі заманнан бергі тарихы мен ерліктерін сөз етіп, батырлардың ерліктерін жырлап, образдарын жасау, көптеген шахтардың ел басқарудағы көрегендігі мен әділдіктерін көрсету, өз елінің өткендегі ешкім жеңе алмас бүтіндігі мен қаһармандықтарын еске түсіру, ирандықтарды күшті мемлекет ету идеясын аңсағандық болатын. Александр Дарияның баласы-мыс деген аңызды Фирдоуси түгел қабылдап, оны ескі замандардағы Иран шахтарының бірі етіп және әрі әділ патша, әрі батыр, әрі данышпан мемлекет қайраткері етіп суреттеуі де сондықтан.

            Низами де Александрға тарихи жағынан емес, әдеби образ жағынан келген де, оның жер жүзін тебіренткен аты мен ерлік жорықтарын поэмасына негіз етіп, өзі аңсаған әділ хакімнің, халық мұңын жоқтарлық қоғам қайраткерінің бейнесін жасайды. Низами Александрды әрі әділ, әрі философ, әрі пайғамбар етіп көрсетудің үстіне, жаһан кездіріп, поэмасының соңында оны ерекше бір елге ұшыратады: ол елде бай да, кедей де жоқ. Билеуші, бағынушы дегендерді білмейді. Барлығының правосы тең. «Бозторғай қой үстіне жұмыртқалап», бар халық бақытқа бөленген ел болып шығады. Александр өзін қаншама әділ ел басқарушымын деп білсе де, адам баласын тегіс бақытты ететін қоғамдық құрылыс осы екен деген қорытындыға келеді деп, ақын поэмасын осылай аяқтайды.

            Егер Фирдоуси өзінің ұлы туындысы «Шахнама» арқылы өз халқының патриоттық ой-сезімдерін оятпақ болса, талай хандардың Әзірбайжан халқына көрсеткен әділетсіздіктерін көзімен көрген, жауға айбар, елге қорған боларлық қасиеті де, қабілеті де жоқ, ақылдылық, көрегенділіктен жұрдай ел басқарушылардың талайын өз қолынан аттандырған қарт ақын: «Әттеген-ай, өзі данышпан, өзі әділ, өзі халық қамын ойлайтын қоғам қайраткері болса» деген жақсы ниет, ұлы арманын Александрдың басына жиыстырады. Ол осы мақсатты көздеді.

4- дәріс. Абай және сопылық әдебиет.

Сопылық әдебиет, /суфизм/ /араб. Суф –жүн, суфи-жүн кеудеше киген адам/ Исламдағы діни-философиялық әдебиет. Сопылықтың басты идеясы – дүниеден безу емес, дүнеде болу. Оның мәнісі: өзімшіл, менмен, рухани жарымжан, көрінгеннің құлы болмай, тәуелсіз болу, Алла тағаланың берген сыйы мен нығметіне шүкіршілік ету, мақтанға малданбау, даттанға шамданбау, ашуланып қорланбау, қанағат, сабырлық ету. Сопылар алдымен Құранға, хадиске сүйенеді. Жүрек – манның тұрағы дейді, Абайша айтқанда бұл толық адамда болады. Осыған қарағанда, сопылықты жүрекпен ғана ұғынуға болады, сондықтан оның басты мақсаты – жүректі ояту. Әрине жүрегі оянған адам басқаның да жзүрегін оятады, бұған даналық пен сұлулық, шынайылықтың баламасы ретінде қарайды. Жалал-ад-дин Руми, Сағди, Жәми сияқты көптеген ақындар сопылық ойдың данышпандары саналады. Қазақ жерінде сопылық ой Ахмет Иассауиден бастау алады. Оның ілімі жаратушы хақ тағаланы тани отырып, оның тұтас бір бөлшегіне айналды. Мұндағы басты нәрсе – рухани пәктікті сақтау, хаққа деген сенімді арттыру, ол сенім шариғат (жабарут), тарихат (малаку), мағрифат (лакут), хақиқат (насұт), яғни хақ жолын тану арқылы жүзеге асады, сонда ғана адам бірлік, түсіністік табады.

Кезінде Әуезов айтқан: «Оның діні сыншыл ақылдың шартты діні» деген тоқтамның төңірегінде сан тақырыпқа тартып жатқан сауал мол болатын.



 Иман тақырыбына терең бойлаған алғашқы сопылар жаратылыстың таңғажайып сырлары мен Құранның ішкі мәнін және адамның болмысын ұғынуға талпыныс жасады. Қасаңдыққа бой алдырмай, шынайы ықыласпен жасалған бұл талпыныс кезінде сопылар Құран мен тәпсірге, хадис пен сүннетке және шариғат қағидаларына сүйенді. сопылық әдебиет құлқынның қалауына ерік бермей, нәпсіні тежеу, харам мен күдікті нәрселерге аса сақтықпен қарап, тақуа өмір кешу, фәни дүниенің рахатын тәрк етіп, өлместен бұрын өлу, осылайша сүйікті Жарға қауышу сияқты ұғымдар арқылы өрбіді. Увайс әл-Қарани (657), Хасан Басри (728), Ебу Хашим суфи (767), Ибраїим бин Етхем (777), Суфиян Саури (778), Рабият-ул Адауийя (804), Зу-и-нун әл-Мысри (796 – 861), Баязид Бистами (874), Жүнейд Бағдади(909), Халлаж Мансұр (921) сияқты алғашқы сопылар сопылық әдебиеттің қалыптасуына ықпал етті. Зу-и-нун әл-Мысри “пенде бойындағы рухани кемелдікке бастар жолда кездесетін кедергінің бірі “меннен” бас тартып, Жаратушы Иемен бірігіп, тұтасып кетуі тиіс” десе, Баязид Бистами Алланың шексіз мейірімі туралы айтып, сүйіспеншіліктің маңыздылығын ескертті. Жүнейд Бағдади “сопылық жолда Құран мен хадис білмейтін кісіні пір тұтуға болмайды” деген тұжырымын айтты. Сопалық әдебиеттің мақсаты – Алла тағаланы әрдайым еске ала отырып, одан ғапіл қалмау, таңғажайып тылсым дүниенің көркем көріністеріне көз жіберіп, көңілге тоқу арқылы Алла тағаланың әсем аттары мен сипаттарын білу, оның әмірлерін түсіну және қалтқысыз сезіммен оған құлай беріліп, сүю. Сопылар исламның қайнар бұлақтарынан бастау алған сопылық әдебиетте кемел адам, мағрифат, шариғат,тариқат, хақиқат, мақам, пір, нұр, сабыр, зауқ, тақуақайғы,мұң, тәуба, сұхбат, тәуекел, уара, фана, тәсілім, тәсбих, шүкір, мухаббатуллаї, ихлас, зікір сияқты ұғымдарды пайдаланды. Сондай-ақ “жүрек”, “көңіл”, “көкірек көзі” сынды ұғым-түсініктер де сопылық әдебиеттің тұрақты тіркестеріне айналды. Өйткені тасаууф ілімінде жүрек – иманның тұрағы, ұлы Жаратушыға деген сүйіспеншіліктің мекені болып табылады. Сопылық әдебиетте “Хақты танып, Хақиқатқа ұласу”, “Сырды түсінуге ұмтылу”, “Сүйіктіге ғашық болу”, “Жарға ынтық болу”, “Сүйіктімен сұхбат құру”, “Ақиқат шарабын ішу”, “Мас болып, естен тану”, “Көбелек болып, отқа күю”, “Өлмей тұрып өлу”, “Пәруанадай шыр айналу”, “Гүлге ынтызар бұлбұлдай сайрау” сияқты ұғымдар қолданылды. Сонымен қатар сопылар дүниені жемтікке, нәпсіні төбетке теңеді (Дулат Бабатайұлы, т.б.). Сопылар негізінен Тәңірі алдында тізе бүгіп, қатесін ұғынып, тәубаға келуді, “ынталы жүрек, шын көңілмен” егіліп, Жаратқанға жалбарынуды, сүйіктіге мұңын шағып, оған құлшылық етуді насихаттады. Сопылықты “хәл ілімі” деп те атайды. сопылық әдебиет өкілдері Алла мен оның елшісіне арналған махаббатын түрлі тәмсіл-рәміздер мен аллегориялар, ым-ишаралар арқылы жеткізді, трансқа түсіп, Тәңірмен тілдесуді түрліше баяндады. Дегенмен сопылық әдебиетте метафоралық әсіре бояу мен захир іліміне қайшы келетін “шараб” сияқты ұғымдар қолданылғандықтан, кейде шариғат үкімдерімен үйлеспейтін. Тіпті бұл жолда “Мен – Хақпын” (“Ана-л-Хақ”) деген Халлаж Мансұр мен хуруфилік сенімі үшін Сеийд Несими есімді сопылар өлім жазасына кесілген. Сондықтан сопылық әдебиетте Сүйіктінің сырын сақтау, оны жалпақ жұртқа жария етпеу үлкен маңызға ие. Бұл жайында Харис Мухасиби (857), Келебази (990), Ебу Талиб Мекки (996), Абд-ул Керім Кушейри (1072), Хужвири (1077) еңбектерінде жан-жақты баяндалған. Сопылық пен сопылық әдебиеттің нық орнығып, шариғатпен үндесе бір арнаға түсуіне имам Ғазали (1111) көп еңбек сіңірді. Дәуірінің ең ірі оқу орны саналатын “Низамия” медресесінің басшысы қызметін тастап, ақиқатты іздеп шыққан Ғазали ұзақ ізденіс нәтижесінде ақыл мен жүректің үндестігін табуды көздеді. Одан кейін Ибн-ул Жеузи (1200), Шихабеддин Сухраверди (1191), Хаким Санаи (1130), Феридуддин Аттар (1141 – 1229), Мұхиддин ибн Араби (1165 – 1241/42), т.б. сопылар өз шығарм-тары негізінде сопылық әдебиетті дамытты. Хорасан мен Түркістан жеріне сопылық әдебиет Иран өлкесі арқылы келді. Әуелі Бағдад, Куфе, Шам,Герат, Нишапур, Мерв сияқты қалаларда өріс жайған сопылық әдебиет уақыт өте келе Бұхара, Самарқанд арқылы [[Мауераннахрға]] жетті. Мұны Жүсіп Баласағұнның (12 ғасыр) “Құтадғу біліг” шығармасынан аңғаруға болады. Сопылық әдебиет, әсіресе, Қарахан мемлекеті тұсында, Қожа Ахмет Иасауи (1093/1103 –1166) шығармашылық негізінде дамыды. “Менің хикметтерім – “хадис қазынасы”, оны оқып таныр болсаң – бар мағынасы Құран” деп жырлаған [[Иасауидың]] “Диуани хикмет” еңбегі көшпелі түркі тайпалары арасында ислам дінінің кеңінен таралуына қызмет етті. Иасауи Құран мен хадисте, тәпсір мен фикхта кездесетін арабша жазылған күрделі ұғымдарды түркі тілінде түсінікті, жеңіл етіп, халық поэзиясы негізінде жеткізе білді. Иасауидан кейін хикмет жазу үрдісін Ахмед Иүгінеки (12 – 13 ғасырлар), Хакім ата Сүлеймен Бақырғани (12 ғасырдың басы – 1186) секілді шәкірттері жалғады. “Бақырғани кітабы”, “Миғражнама”, “Ақырзаман кітабы”, “Мәриям кітабы”, т.б. еңбектер “Диуани хикмет” үлгісінде жазылған. Бұл дәстүрді Сыр мен Еділ бойында Саиф Сараи (1321 – 1396), Хорезми, Құтыб (14 ғасыр), ал Анадолы жерінде Қажы Бекташ әулие, Жүніс Әмресынды ақындар жалғастырды. 13 – 14 ғасырларда Анадолыда өмір сүрген Мәулана Жалаладдин Руми, Ахмет Факих, Шеяд Хамза, Несими, Гүлшехри, Қайғысыз Абдалсынды ақындар да сопылық әдебиет өкілдері қатарында саналады. Алтын Орда мен Шағатай ұлысында да сопылық әдебиет қарқынмен дамыды. Орталық Азияда Әлішер Науаи, Мырза Бедил, Молла Жәми, Сопы Аллаярдың еңбектері “Чар кітап” деп аталып, мектептер мен медреселерде арнайы оқытылды. Қазақ әдебиетіндегі жыраулар поэзиясында да сопылық сарын көрініс тапқан. Сыпыра жырау мен Асан Қайғыдан бастау алатын сопылық әдебиет дәстүрлері қазақ сөз өнерінде зар заман өкілдері менАбай, Шәкерім, М.Жұмабаев, М.-Ж. Көпеев, Ғ.Қараш, т.б. ақындарға зор ықпал еткен.

Модуль 3. Абай және батыс әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет