6М050700 менеджмент мамандығы бойынша талапкерлерден емтихан



бет1/3
Дата05.07.2018
өлшемі207 Kb.
#47226
  1   2   3
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Экономика және менеджмент кафедрасы


6М050700 менеджмент мамандығы бойынша талапкерлерден емтихан

қабылдау бағдарламасы

Орал - 2016ж


  1. Менеджмент

  2. Персоналды басқару

  3. Кәсіпорын экономикасы

  4. Басқарушылық шешімдерді жасау


Менеджмент

1.Тақырып. Басқару ғылымының пәні, әдісі мен міндеті.

Мазмұны: Берілген курстың мақсаты теориялық және практикалық материалдар, заңды және құқықтық құжаттар негізінде студенттерді басқарудың теориялық және практикалық аспектілері аумағында оқыту, басқару ғылымының мақсаты мен әдістері, пәнімен таныстыру.

Курстың міндеті – басқарудың әдістемесін зерттеу, басқару теориясының халықаралық тәжірибесін оқу, басқарудағы қоғам мен табиғат заңдарымен танысу; басқарудың негізгі заңдылықтарын анықтау.

Менеджмент теориясы мен практикасы курсы суденттердің келесі пәндерден алынған білімдеріне негізделеді: экономикалық теория, менеджмент негіздері, кәсіпорын экономикасы, қаржы, құқық негіздері және т.б.

Менеджмент теориясы мен практикасы пәні басқарушылық циклінің басқа курстары үшін базалық болып табылады: өндірістік менеджмент, стратегиялық жоспарлау, персоналды басқару, қаржылық менеджмент, коммерциялық менеджмент, инновациялық менеджмент, әкімшілдік менеджмент, жобаларды басқару, портфельді менеджмент және т.б.

Сонымен, жоғарыда қойылған міндеттерді шешу болашақ экономистердің, менеджерлердің және кәсіпкерлердің кәсіби дағдыларының түпкілікті қорытындысы бойынша үлесін және басқару аумағындағы негізгі білімдерін жетілдіруді көрсетеді. Дәрістерді оқу курстың теориялық ғылымдары шеңберіндегі практикалық сабақтармен, іскерлік ойындарды өткізумен, сонымен қатар студенттердің жеке сабақтар түріндегі өзіндік жұмыстарымен бірге жүргізіледі.

Қазіргі таңдағы менеджмент әртүрлі деңгейде белсенді түрде қарастырылатын және үдемелі тақырып болып табылады. Ол микро және макроэкономикалық саясаттың негізгі факторларының бірі болып табылады.

Бүгінгі әлемде тәжірибе және әлемдік қоғамдастық экономиканың әр түрлі салаларындағы басқарудың теориясы мен тәжірибесін және жоғарғы деңгейде көңіл бөлумен зерттеуге бағытталған.

Экономикалық дамыған мемлекеттер ғылыми-техникалық дамуда және жаңалықтар енгізуде жоғары орын алуда .

Қазіргі таңдағы экономикада басқаруда дұрыс шарттарды құру барлық шаруашылық жүйелердің тиімді функциялануының алғы шарты болып табылады. Сондықтан, шетелдік мемллекеттер қатарында, соның ішінде Қазақстандағы басқару тауқыметтері мемлекетке, сонымен қатар жалпы қоғамға негізгі көңіл аударатын жалпы ұлттық идеялар болып табылады.

Пәннің негізгі бөлім мазмұны, барлығынан бұрын, студенттердің әлемдік және мемлекеттік экономикадағы теориялық-әдістемелік және ұйымдастыру тауқыметтері, нарықтық қатынастар шарттарындағы басқарудың теориясы мен тәжірибесі бойынша білімдеріне тоқталады. Негізгісі болып тұлғалардың тиімді серіктестігін қамтамасыз ету, басқарудың барлық механизмдерін ұтымды қолдану және қалыптастыру.

Берілген курсты оқытудың қажеттілігі басқарудың барлық адамзат шығармашылығының объективті тұтынуынан туындайды. Басқарудағы қоғамды бақылау деңгейі оның даму деңгейімен анықталады. Қоғамды, тірі табиғатты, машинаны, процестерді, сонымен қатар үй шаруашылығын және адам өзін-өзі басқаруы керек.

Бұл орайда, берілген курсты оқу бағдарламасына енгізу студенттерге жаңа философия мен басқарушылық ой-пікірлер тәжірибесін қалыптастыруда мүмкіндік береді.

Берілген курс тыңдаушыларда басқарудың негізгі теориялары бойынша комплексті білім қалыптастырады және оларды кәсіпорынның, қоғамның, мемлекеттің, нақты өміріндегі тәжірибеде қолдануына көмектеседі.

2.Тақырып. Басқарудың табиғаты және менеджмент эволюциясы.

Мазмұны: Менеджмент – дәстүрлерді, тарихты, концепцияларды, институттарды, теория мен практиканы қамтитын бүкіл адам мәдениетінің элементі. Басқару проблемасы адамдарды ұйымдастыру (тайпалар, рулар, қауымдар, т.б.) басталған кезеңде пайда болды.

Менеджменттің пайда болу және даму тарихы 7 мыңжылдықты құрайды, сондай-ақ 5 басқару революциясынан тұрады. Ғылыми менеджменттің пайда болуы Ф.Тейлордың атымен байланысты. Ф.У.Тейлордың концепциясының негізгі қағидалары.Практикада қалыптасқан ескі дәстүрлі жұмыс тәсілдерінің орнына ғылыми іргетасын құру, оның әрбір элементін ғылыми тұрғыдан зерттеу.Жұмысшыларды ғылыми белгілері бойынша таңдау, оларды жаттықтыру және баулу, оқыту.Еңбекті біркелкі бөлісу және әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы жауапкершілік.Еңбекті бірдей бөлу және әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы жауапкершілік.20-жылдарда Тейлордың ізін басушы және “ғылыми басқарудың” белсенділері Генри Гантт Френк және Лилиан Гилбертьи, Эмерсон, Г.Форд, т.б. болды.3. Әкімшілік мектептің негізін салушы А.Файоль болды. Ол әкімшілік қызметті төрт элементке бөліп талдады. Олар: жоспарлау, ұйымдастыру, басшылық ету, үйлестіру, бақылау.А.Файоль әкімшілік басқарудың 14 принципін жасады.Әкімшілік мектептің өкілі Л.Урвин әкімшілік іс-әрекет аймағындағы Файольдың негізгі тұжырымдарын әрі дамытты. Яғни қазіргі кезге дейін өз өзектілігін жоғалтпаған формальды мекемені құру принципін жасау. Әкімшілік мектептің келесі өкілі болып М.Вебер табылады. Ол басты назарды мекемедегі билік құрылымы мен лидерлік проблемасын шешуге аударды.4. Мери Гаркер Фоллет және Элтон Мэйо адамгершілік қарым-қатынас мектебінің негізін салушылардың алғашқылары. Бұл мектептің көрнекті өкілдері болып К.Арджерис, Ф.Ферцберг, Р.Ликарт, Д.Макгрегор және т.б. табылады.Бұл бағыттың негізгі қағидасы ресми емес шағын топтардың рөлін орындау, басқару практикасындағы топтағы психологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерді тауып, пайдалануға мүмкіндік беретіндей тәсілдерді қабылдау болып саналады.Психологиялық мектептің зерттеушілері былайша топшылайды: егер басшылар өз жұмыскерлеріне көбірек қамқорлық жасаса, онда олардың қанағаттану сезімі де, еңбек өнімділігі де жоғары болады.Жапония мен АҚШ-тың басқару мектебі қазіргі кезде әлемдегі алдыңғы қатардағылардың бірі болып табылады, басқа елдерде өздерінің менеджментті дамытудың әр түрлі эталоны ретінде қарастырылады.Бұл 2 мектептің ұқсастықтары: екеуі де адам факторының белсенділігіне, инновацияға, шығарылған тауарлар мен қызметтер диверсификациясына көп көңіл бөлді, кәсіпорынның дамуы үшін ұзақ мерзімді стратегиялық жоспар жасап жүзеге асырады.Сыртқы ұқсастықтарына қарамастан бұл мектептер осы елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуына көмектеседі.Еуропалық менеджмент әр түрлі мәдениетті ұстанады.Араб менеджменті ұлттық дәстүрді және құранды білуді талап етеді.



3.Тақырып. Басқарудағы қоғам мен табиғат заңдары.

Мазмұны: Ғылыми басқару ең алдымен қоғамдық өндірісте әрекет ететін заңнамалар мен негізгі заңдарды тану мен пайдалана білуді көздейді.Заң пайда болу арасындағы нақты қажеттілікті бір негізде көрсетеді.Заңдылық дұрыстықты, жүйелілікті көрсетеді, берілген пайда болулар тектен тек еместігін растайды. Басқару принципі – басқарушы жағдайдың объективті негізделуі, процесте басқару органдары басшылық ететін басқару қатынастары және олардың заңдылықтары.

4.Тақырып. Жүйелерді және оның құрамын анықтау.

Мазмұны: Жүйе – біршама шартты, абстрактылы ұғым. Сандық, байланыс, білім беру түріндегі жүйелер де болады. Жүйелердің біреуі физикалық, техникалық мәндердегі концепциялардың өзіндік үйлесімі болып саналады. Адам денесінің жеке органы да, жеке адамның өзі де, жеке көлік немесе көлік кешені де, яғни кейбір міндеттерді шешетін кез келген нәрсенің өзі жүйе бола алады. Тұтас әлемнің өзі жүйе, ал оның өзі көптеген үлкен және шағын жүйелерден тұрады.Жүйелілік – табиғат құбылысының жалпылама қасиеті болып табылады. Қоғам әрқашанда ұйымдасқан түрде болады да, белгілі бір жүйе ретінде жұмыс істейді. К.Маркс осы туралы жазып және қоғам тұтастай жүйе ретінде дамиды деп атап көрсеткен болатын. Ағылшын тілінің «Оксфорд сөздігінде» жүйеге былайша анықтама берген:«Жүйе дегеніміз күрделі бірлікті құрайтын бір-бірімен байланысты немесе өзара байланысты объектілердің немесе кешенді комплекстер кешені болып табылады, белгілі бір схемаға немесе жоспарға сәйкес реттеліп орналасқан бірнеше бөлімнен тұратын тұтастық». Ал, ағылшын тіліндегі бұл сөздікке «Рэндом-фоус» фирмасы жүйеге мынадай анықтама беріп отыр: «... белгілі бір саладағы білімнің немесе ойдың, реттелген және көлемді фактлердің, принциптердің және т.б. жиынтығы».Жүйе дегеніміз тұтастай құрылымды құрайтын жаңа қасиетке ие болатын өзара әрекеттесетін элементтердің жиынтығы.

Жоғарыда атап өткеніміздей, жүйелердің алуан түрлі нышаны болады. Дегенмен, алуан түрлі бола тұрса да, бүкіл жүйені шартты түрде үш түрге бөлуге болады:



  1. техникалық;

  2. биологиялық;

  3. әлеуметтік, соның ішінде әлеуметтік-экономикалық.

Кез келген жүйеде элементтер өзара тығыз байланысты, әрі белгілі бір әдіспен өзара әрекеттеседі. Жүйедегі өзара әрекеттесу элементтердің арасындағы өзара байланыс арқылы көрінеді, ал бұлардың өзі заттық немесе ақпараттық болуы мүмкін.

Кез келген жүйе секілді, кәсіпорын жекелеген элементтердің ұйымдасқан бірлестігі, ал оның бірлескен жеке бөлігі – жаңа сапаға ие болатын бірыңғай тұтас құрылым. Әр деңгейдегі жүйе өзінің белгілерімен және ерекшеліктерімен ажыратылады. Алайда, олардың барлығы құрылымдық заңдылықты және жүйенің жоғары дәрежеде жұмыс істеуін көрсетеді. Осыған байланысты жекелеген өндірістік бөлімшелер, басқару буындары атқаратын міндеттер жүйедегі жалпы түпкі саясатқа жетуге бағытталған.Ашық және жабық жүйелер.

Жүйенің негізгі екі типі болады: жабық және ашық.

Жабық жүйенің белгіленген нақты шекарасы болады, оның іс-әрекеті қоршаған орта жүйесіне біршама тәуелсіз. Мәселен, кәдімгі сағат-жабық жүйе болып табылады, өйткені оны бұрағанда тетіктері тоқтаусыз әрі дәл жүретін болады. Сағатта жиналған энергия көзі болған кезде, оның жүйесі қоршаған ортаға тәуелсіз.

Ашық жүйенің ерекшелігі сыртқы ортамен тығыз байланыстылығында. Энергия, мәліметтер, материалдар – бұл жүйе шекарасы арқылы сыртқы ортадан енетін объектілер.

Мұндай жүйе өзін-өзі қамтамасыз ете алмайды, оның өмір сүруі сыттан келетін энергияға, мәліметтерге және материалдарға тәуелді болып келеді. Сонымен қоса, сыртқы ортаның бейімделгіштігіне байланысты ашық жүйенің қабілеттілігі болады және де ол жүйенің одан әрі дамуына әсер етеді. Басшылар негізінен ашық жүйемен жұмыс істейді, өйткені барлық ұйымдар ашық жүйеге жатады.Ұйым сыртқы ортадан мәліметтер, капитал, адам ресурстары мен материалдар алады. Бұл компоненттер кіруші деп аталады. Түрлендіру процесінде ұйым осы компоненттерді өңдеп, оларды өнімге немесе қызмет көрсету үшін түрлендіреді. Бұл өнімдер мен қызметтер ұйымнан сыртқы ортаға шығатын компоненттер болып табылады. Егер ұйым тиімді жұмыс істесе, онда түрлену процесіне енетін компоненттердің қосымша құны пайда болады. Ал осының нәтижесінде, пайда, нарық үлесінің ұлғаюы, сатылатын заттардың көбеюі (бизнесте), әлеуметтік жауапкершілікті жүзеге асыру ұйымның өсуі секілді қосымша шығу компоненттерінің пайда болуына әкеледі.



5.Тақырып. Құрылымға қойылатын талаптар және оны анықтаушы факторлар.

Мазмұны: Менеджмент қызметі - өндіріс процесіндегі адамның қарым-қатынасына және оны басқаруға ықпал жасау кезеңіндегі немесе бағыт анықтайтын ерекше іс-әрекет түрлері.

Менеджмент функциясын жіктелу белгілері есебі бойынша қарастыру қажет (басқарудың өзіндік процесінің негізгілері және өндіріс процесінің өзін), соған байланысты жалпы және нақты қызметтерді ажыратады. Жоспарлау – бұл басқару процесінің бір кезеңі. Бұл кезеңде іс-қызметтің мақсаты, оған қажетті қаражат, басқа да заттар. Сонымен бірге нақты жағдайлардағы ең тиіс әдіс-тәсілдер жасалынады. Стратегиялық жоспарлау – басшы қабылдаған іс-әрекеттер мен шешімдер жиынтығы, ұйымның болашақта тиімді, ұтымды жұмыс жасау мақсатын қамтамасыз етуге қажетті ресурстарды белгілеу, анықтау, алу, оларды үнемді бөлу. Индикативтік жоспар – бұл мемлекет экономикасының даму және қазіргі жағдайын сипаттайтын индикаторларды, басымдылықтарды, міндеттерді қалыптастыру процесі, сонымен бірге белгіленген нәтижелерге жету мақсатында әлеуметтік және экономикалық процестерге мемлекеттік ықпалды ұйымдастыру. Бизнес-жоспар – бұл фирманың, ұйымның белгілі уақыт аралығында даму бағытын айқындайтын құжат.



Бизнес-план 3 негізгі қызметті орындайды:

    1. Кәсіпкердің белгілі уақыт аралығында нақты іс-қызмет нәтижесін бағалау құралы болып есептелінеді.

    2. Болашақ бизнес консепциясын жасау үшін қолданылады

    3. Қаражаттарды табу құралы.


6.Тақырып.Экономикалық мінез-құлықтың психологиясы.

Мазмұны: Жеке тұлғаның, меншік иесінің, бизнесменнің, акционердің, жалға алынған жұмысшының, делдалдық құырылымның психологиясы және олардыңшаруашылық субъектілерді басқарудағы қатынасы. Басқарудың әлеуметтік- психологиялық әдісі – жеке тұлғаның және ұжымның әлеуметтік-психологиялық қасиеттерін пайдалану, адамдарға еңбекке деген сапа – сазім қатынасын тәрбиелеу жолымен ықпал ету тәсілі.Әлеуметтік-психологиялық әдістер әлеуметтік және психологиялық ықпал құралдарына бөлінеді.

7.Тақырып. Ұйым туралы түсінік және оның түрлері.

Мазмұны: Жеке тұлға – сапасы мен іс-қимылдарды белгілі есейгендікпен сипатталатын салыстырмалы тұрақтылықты адам жиынтығы.

Ұжым – бұл бір іс-қызметпен, бір мақсатпен байланысқан, ұйымдасқан басқару органы бар, жауапкершілігі бар еркін еңбектенетін топ.

Формальды топ – ресми ұйымдасқан топ (5-7 адам) әр жұмыскер қызметті реттеледі (звено, бөлім, басқарудың аппараты). Басшының еркімен құрылады.

Формальды емес топ – өз еркімен құрылған, психофизиологиялық қызығушылық негізінде құрылады.

8.Тақырып. Өндірістік құрылымы және басқару құрылымы, олардың фирма қызметінің нәтижесіне әсер етуі.

Мазмұны:Басқарушы кәсіпорынның сыртқы ортамен тығыз байланыс жасауына тура келеді. Қандай жұмыста болмасын барлық басқарушылар сыртқы элементтерге мұқият көңіл бөліп, зер салуы тиіс. Негізінен менеджменттің сыртқы орталарының бес түрі белгілі. Олар: сыртқы экономикалық орта, сыртқы технологиялық орта, сыртқы әлеуметтік орта, сыртқы саяси орта және сыртқы этикалық орта.

Сыртқы экономикалық орта элементтеріне: капитал, машиналар, ғимараттар, тауар қорлары, кеңсе жабдықтары, әр түрлі аспаптар, сондай-ақ қолда бар ақша; жұмысшы күші; баға деңгейі; жоғары білікті кәсіпкерлер мен әкімдердің болуы; сатып алушылар жатады.

Сыртқы технологиялық орта. Дүниеде кез келген коммерциялық кәсіпорын өмір сүруі үшін технологияның соңғы жетістіктері жайлы хабардар болуы тиіс, өйткені оның өзі өндіріс процесі ретінде де, жұмыс тәсілін жетілдіру үшін де пайдалануы мүмкін. Технология өзгерген кезде, басты кадрлармен қамтамасыз ету тәсілі де белгілі бір дәрежеде өзгеріп отырады.

Сыртқы әлеуметтік орта. Әлеуметтік орта топтағы адамдардың көзқарасына, тілек-ықыласына, интеллигенттілігі мен біліміне, сенімі мен дәстүріне қарай қалыптасады. Әр адам белгілі бір әлеуметтік құрылыстың компоненті болып саналады. Жүздеген жылдар бойы әлеуметтік дамуда бірқатар әлеуметтік сенімдер қалыптасты. Ал, мұнымен басқарушы санаспай тұра алмайды.

Бұлардың ең бастылары мыналар:



  1. жұмыс істегісі келетін адамдарда алуан түрлі мүмкіндіктер болатындықтан, сол мүмкіндіктерді пайдалану қажет.

  2. бизнеске сену және кәсіпорынның қожасы мен басшысын құрметтеу.

  3. бәсекелестіктің және бәсекелесу қабілетінің қажеттілігіне сену.

  4. адамдардың нәсіліне, діни сенімі мен нанымына қарамастан құрметтеу.

  5. меншік иелігіндегі билеушіні, оның білімін және саяси орнын құрметтеу.

  6. білімге сену және құрметтеу.

  7. логикалық процестерге, ғылым мен техникаға сену.

  8. болып жатқан өзгерістердің маңыздылығына және эксперимент жасаудың қажеттілігіне сену.

Сыртқы саяси орта. Саяси орта әлеуметтік ортамен тығыз байланысты. Саяси орта, саяси және үкімет басшыларының заң шығарушы орталығы болып табылады. Әрбір ұйымдағы басшыны түрлі заңдар, қаулылар, әртүрлі комиссиялар, ресми жарлықтар, сот шешімдері шырмап алады. Барлық ұйымдағы басшылар әдетте шешім қабылдар алдында заң кеңесшілерімен ақылдасады.

Сыртқы этикалық орта. Этикалық орта әлеуметтік ортаның құрамдас бөлігі болып табылады. Кейде этикалық талаптар заңдарда нақты қарастырылады. Бірақ заңдарда толық қарастырылмайды және толық қарастырылуы мүмкін емес. Көптеген салаларда этикалық талаптар жетілмегендіктен, заң жүзінде

9. Тақырып: Менеджменттегі жоспарлау.

Мазмұны: Барлық басқару қызметінің ішінде жоспарлау ең елеулі болып саналады, өйткені мұның өзі кез келген балама әрекеттерді таңдап алуға байланысты. Жоспарлау кәсіпорын басшылығындағы негізгі қызметтердің бірі ғана емес, оның өзі жеке төрт қызметі түрінде (ұйымдастыру, кадрлармен жұмыс істеу, басшылық, жетекшілік және бақылау) көрініс табады. Сонымен, басшы ұйымдастырады, кадрлармен жұмыс істейді, бағыттайды және басшылық етеді, сондай – ақ жоспарға сәйкес көздеген мақсатқа жету үшін бақылайды.

Жоспарлау процесінің өзі төрт кезеңнен тұрады:



    • жалпы мақсатты ойластыру;

    • белгіленген біршама уақыт кезеңі (2,5,10 жылға) арналған нақтылы мақсатты айқындау;

    • оған жетудің жолдары мен амалдарын айқындау;

Ірі бағдарламаны шешкен кезде кезеңдері мен жоспарлануы біршама ауқымды болады.

Мәселен, жоспарлаудың мынадай кезеңдері ажыратылады:



  1. бар мүмкіндікті бағалау;

  2. басты міндет немесе мақсат;

  3. жоспарлы ұсыныстар;

  4. баламалар, баламаларды қойылған мақсаттармен салыстыру;

  5. баламаларды таңдау;

  6. қосалқы жоспарларды тұжырымдау;

  7. жоспарды цифр түрінде көрсету;

жоспарлау әрқашанда бұрынғы деректерге сүйенеді, алайда кәсіпорынның болашақтағы дамуын айқындауға және дамытуға тырысады. Сондықтан да жоспарлардың сенімділігі бұрынғы нақты көрсеткіштердің дәлдігіне тәуелді.

Мұндай сенімділікті қамтамасыз ету дәл бухгалтерлік есепсіз және ауқымды статистикалық қажетті базаға ие болмай мүмкін емес екендігі айқын.

Кәсіпорын әрқашанда жалпы нарықтың шағын бөлігі болып саналатындықтан, ел экономикасын дәл жоспарлау үшін дәл ақпаратты мүмкіндігінше көбірек алу қажет.

Егер кәсіпорынның дамуы нақты елдегі жалпы экономиканың дамуымен қатар өтуі міндетті болмаса, онда нарық көрсеткіші кәсіпорынды жоспарлаудың бастапқы деректері болып саналады. Кәсіпорын неғұрлым ірі болса, әдетте, жоспарлау соғұрлым оңай келеді. Дегенмен, ірі кәсіпорындарға қарағанда, ұсақ кәсіпорындарда басшылар үшін кейбір факторлар едәуір айқынырақ болады.

Демек, кәсіпорындағы кез келген жоспарлау толық емес деректерге сүйенеді. Кәсіпорында жоспар жасау үшін қажетті ақпараттар толық болмайтындықтан, кейбір деректер жетіспейтіндіктен, жоспарлау сапасы көбінесе қызметкерлердің өз ісін қаншалықты жетік білетіндігіне байланысты.

Осыған орай жоспар жасаған кезде барлық көрсеткіштер толық пайдаланылуы, сонымен қоса жоспар жасағанда өзгеріс енгізілетіндігі ойластырылуы, ал жоспардың өзі жағдайдың өзгеруіне қарай үйлестіріліп отыруы тиіс. Сондықтан да жоспарда резервтер ескеріледі. Алайда, резервтің тым көп болуы жоспардың дәлдігіне нұқсан келтіреді, ал шамалы резервтер жоспарды жиі-жиі өзгертуге мәжбүр етеді. Жоспар көрсеткіштерін нақты айқындау және оның орындалуын үйлестіру мен бақылау басшының иелігінде. Демек, кәсіпорынның жоспарлы жүйесі, кәсіпорынның сан алуан саласының қызметі бір-бірінен айқын шектелген, жекелеген жоспарлардан тұрады.

Қойылған мақсатқа жетуді көздеу үшін жоспарлау кәсіпорын қызметінің барлық маңызды учаскелерін қамтитындығын тағы да атап көрсетеміз. Мұның өзі барлық кәсіпорында қолданылады. Жоспарлаудың екінші сатысы – кәсіпорын учаскелері өндірісінің нақты бағыттары бойынша жоспар жасау. Онда жекелеген міндеттер қойылып, ақша, сондай-ақ сандық көрсеткіштері айқындалады.

Барлық жоспардың табыс және шығын бөліктерінің сальдосы (актив пен пассив жиынтығы) бюджетке, яғни шығын мен табыс жоспарына енгізіледі, өйткені мұндайда негізгі бағыт өтімділікті – кәсіпорынның төлем қабілетін сақтау болып саналады. Әдетте, жекелеген жоспарлар тек сандық көрсеткіштер бойынша жасалады да, оларды өзара байланыстырғаннан кейін ғана ақша көрсеткіштерін есептейді.



10. Тақырып: Ұйымдастыру менеджмент функциясы ретінде.

Мазмұны:Ұйымдастыру – бұл кәсіпорын құрлымын құру процесі, оның өзі адамдардың өз мақсатына жетуі үшін тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

  1. Өкілеттілік – мақсатқа жету кәсіпорынның ресурстарын шектеулі қолдануға құқық береді. Делегирлеу - өкілеттілік басшыны қарамағындағы бағынушылардың еркін іс-әрекетке бөлісу процесі. Істі шешерде өз өкілеттіктерін немесе басқа да өкілеттіктерді беруі. Билік – бұл біреуге немесе бір заттарға иелік ету мүмкіндігі немесе қабілеті, тағдырға шешуші әсер ететін, құқы жайында немесе адамдардың іс-әрекетіне әртүрлі құралдардың түрімен мәжбүр етуі, беделі, құқы, еркі – ықпал жасауы. Басқару құрлымы – басқару органдары мен жеке қызметкерлерінің жиыны, олардың горизонтальді, вертикальді байланыстары және белгілі тәртіптегі бір-біріне бағыныштылығы.Басқару сатысының артында буындардың жиынтығы әрекет етеді, яғни ол басқару иерархиясының анықталған деңгейінде болады. Басқару буыны – бұл жиынтық және жеке қызметтерді орныдайтын жеке құрлымдық бөлім (бөлімше).

Басқару құрылымына келесі 3 фактор әсер етеді:

  • Басқару объектісіне қарым-қатынас арқылы әсер етуі;

  • Объективті (өндірістік)

  • Жеке басқарушылық.

Басқару құрлымын жетілдіру - тиімді, ұтымды ұйымдық құрлымдар құруға, қалыптастыруға бағытталған жұмыста шаралар жиыны.

11. Тақырып: Мотивация басқару функциясы ретінде.

Мазмұны:Әрекет етуге талаптанған адамдардың қажетін анықтау, әсресе маңыздылық ауқымын айқындау үшін мотивацияның маңызды теорияларын зерттеу қажет. А.Маслоу бойынша қажеттілік пирамидасы Маслоу адамдарды бұрын тәжірибесі бар, әрі білімді деп деп қана қарамай, оларды өзін-өзі жетілдіретін және өзін-өзі меңгеретін, өз өмірін қалыптастыра алатын жандар ретінде қарастырады. Ол адамдарды иерархиялық жүйеден тұратын көптеген қажеттілік болатындығын мойындайды. А.Маслоу бұл қажеттіліктерді бес категорияға бөледі:

  1. Физиологиялық қажеттілік өмір сүру үшін керек. Бұған, тамақ, су, баспана, демалу және жыныстық қатынас қажеттіліктері жатады.

  2. Қауіпсіздік, қорғану және болашаққа сенімділік қажеттіліктеріне: қоршаған орта тарапынан болатын физикалық және психологиялық қауіп-қатерден қорғану қажеттілігі, болашақта физиологиялық қажеттіліктің қанағаттандырылуы мүмкін.

  3. Әлеуметтік қажеттілік – бұл бір нәрсеге немесе біреулерге қатысты сезім. Әрбір нақты уақыт кезеңіне орай адамдар өзіне аса маңызды немесе күшті қажеттілікті қанағаттандыруға ұмтылады. Өзін-өзі көрсету қажеттілігі ешқашанда толық қанағаттандырылмайды, өйткені адамның жеке басының ой -өрісінің дамуына байланысты оның потенциалдық мүмкіндігі ұлғая түседі. Сол себептен де мотивация процесінде адамның қажеттілігі шексіз. А.Маслоу теориясы адамдардың жұмысқа ынталану негізін түсінуге зор үлес қосты.

  4. Құрметтеу қажеттілігіне: өзін-өзі құрметтеу, жеке басының жетістіктері, біліктілігі, басқа біреулердің өзін құрметтеуі, мақұлдауы жатады.

  5. Өзін-өзі көрсету қажеттілігі - өзінің потенциалды мүмкіндігін және жеке басының дамып жетілуін жүзеге асыру қажеттілігі.

Мотивацияның іс жүргізу теориясы.

Іс жүргізу теориясы адамдар әр түрлі мақсатқа жету үшін өзінің кұш -жігерін қалай бөлетіндігін және мінез-құлықтың нақты түрін қалай таңдайтындығын көрсетеді. Мотивацияның іс жүргізу теориясы былайша бөлінеді: үміттену теориясы, әділеттік теориясы және Портер-Лаулер моделі.



Үміттену теориясы. Теория мынадай қағидаға негізделеді:

Белсенді қажеттіліктің болуы адамдардың мақсатқа жетуінің бірден – бір себебі-мотивация болып саналмайды.



Әділеттілік теориясы. Әділеттілік теориясы бойынша, адамдар жұмсаған күш-жігеріне тиісті көтермелеуді субъективті бағалап, осы тектес жұмысты басқа адамдар қалай қабылдайтындығын салыстырады.

Портер-Лаулер моделі. Портер-Лаулер моделі кеңінен қолдау тауып отыр. Мұнда, мотивация жмыскерлердің қажетсінуінің, үміттенуінің және әділетті көтермелеуінің басты қызметі болатындығына негізделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет