6М090200 -туризм мамандығы бойынша


Қонақжайлық индустриясындағы корпоративті мәдениет



бет12/20
Дата22.06.2022
өлшемі68,61 Kb.
#146980
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
Байланысты:
6М090200 Туризм каз

Қонақжайлық индустриясындағы корпоративті мәдениет. Қызметкерлер біліктіліктеріне қойылатын талаптар. Қонақжайлық статистикасы: толықтырылу мөлшері, нөмірлердің толу пайызы, қонақүй нөмірінің орташа бағасы. Қонақтарға кешенді қызмет көрсету. Қонақүйлерде туристерге қызмет көрсетулердің жаңа түрлері мен формалары.
Қазақстанда қонақүй бизнесінің ахуалы және даму перспективалары.


Пән Eks 2303 «Экскурсиятану», 3 кредит


Экскурсия ұғымы, оның функциялары мен анықтаушы белгілері. Экскурсия құрылымы. Экскурсияға кіріспе, оның құрылымы: ұйымдастырушы және ақпараттық бөлімі. Экскурсияның негізгі бөлімі: тақырыпшалар мен құрастырушы сұрақтар. Экскурсияның қорытындысы, оның мазмұны.
Экскурсиялардың жіктелуі және оны экскурсиятану теориясы мен тәжірибесінде пайдалану. Экскурсияларды: қалалық, қала сыртындағы, мұражайлық экскурсиялар топтарына бөлу. Тақырыбы бойынша экскурсияларды тарихи, табиғаттану, әдеби, сәулет өнері, өндірістік-экономикалық экскурсияларға бөлу. Экскурсияларды топ бөліктеріне бөлу, олардың сипаттамасы.
Экскурсиялық көрсетудің негізгі әдістері. Экскурсия жүргізудің әдістемелігі: көрсету әдістері. Алдын ала қарап шығу әдісінің сипаттамасы. Экскурсиялық талдаудың түрлері: сәулеттік, тарихи, табиғаттанулық, өндірістік-экономикалық талдау. Оқиғаларды локализациялау әдісі. Көзбен көру салыстырмалары, естелік тақтасын көрсету т.с.с.
Экскурсиялық әңгіме жүргізудің негізгі әдістері. Экскурсиядағы әңгіменің негізгі әдістері. Экскурсиялық анықтама. Түсіндірме, оның ұзақтығы. Сипаттама әдісін пайдалану. Экскурсиядағы әдеби монтаж. Дәйексөз айту, дәйексөз көлемі, оның орындылығы. Сұхбат жүргізу әдісі балалармен жұмыс істегенде тиімді болады. Әңгіме жүргізудің басқа әдістері: оқиғалардың үдей түсуі әдісі, ұқсастық, қарама-қарсылық, тақырыптан қайту әдістері және т.б.
Экскурсия жүргізудің дифференциалдық (бөлу) әдісінің қағидалары. Экскурсиялық қызмет көрсетудің дифференциалдық тетігі. Дифференциалдық қызмет көрсетудің маңызы. Экскурсанттарды топтастыру түрлері. Қарапайым экскурсияларға, оқулық экскурсияларға, турбазада, санаторияда, демалыс үйлеріндегі демалушыларға арналған экскурсияларға қатысатын әртүрлі топтарға арналған экскурсияларды жүргізу ерекшеліктері. Балаларға, туристерге, белгілі бір білім саласының мамандарына арналған экскурсиялар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет