6В01510-Математика, 6В01511-Математика-информатика, 6В01582-Физика, 6В01513-Физика-информатика, 6В01721-Қазақ тілі мен әдебиеті, 6В01723-Шетел тілі


Дәріс 13. Балалар мен жасөспірімдердің бастамашылдығын дамытудағы тәрбие жұмыстары



бет35/47
Дата29.03.2022
өлшемі1,36 Mb.
#137173
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   47
Байланысты:
umkd tarbie zhum s n n teoriyas men adistemesi 2021-2022

Дәріс 13. Балалар мен жасөспірімдердің бастамашылдығын дамытудағы тәрбие жұмыстары
Дәріс жоспары:
1.Балалар бірлестігі тәрбиелелеу мен әлеуметтендіру институты.
2.Балалар бірлестігінің түрлері. Балалар мен жастардың формальды емес бірлестіктері
Балалар қозғалысы 18 жасқа дейінгі балалар мен ересектердің арнаулы мақсатты көздеп, бірлескен қызметінің нәтижесі болып табылады. Балалар қозғалысы мемлекет пен қоғамның, саяси институттар мен қоғамдық ұйымдардың қолдауының нәтижесінде пайда 286 болады. Профессор Е. М. Арынның редакторлығымен жарық көрген салалық орысша- қазақша түсіндірме сөздікте балалар қозғалысына «балалар мен жасөспірімдердің қоғамдағы статусын өзгертуге, олардың қоғамдық өмір мен қызметке тартылуына, әлеуметтік шығармашылық пен азаматтық сана- сезімнің дамуына, кәмелет жасына жетпегендердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған түрлі балалар бірлестігінің бірігіп қызмет етулері» деген анықтама берілген [1]. Анықтамада айтылғандай, балалар қозғалысы – балалар ұйымдарының басты жинақтаушысы. Яғни, балалар қозғалысы барлық балалар мен бірлестіктерін қамтиды. Балалар қозғалысын зерттеуші Т. В. Трухачеваның сөзімен айтқанда «балалар қозғалысы – балалардың өз еркімен немесе ересектердің қатысуымен балалар топтарын құру, қалыптастыру, тарату процесі» [2]. Балалар қозғалысы – жастар қозғалысының құрамдас бөлігі, жастар ұйымдарының қалыптасуының басты алғышарты. Себебі, жастар қозғалысы қоғамдық қозғалыстың балалар қозғалысынан кейінгі сатысы, жастар қозғалысының құрамдас бөлігі – жастар ұйымдарын балалар ұйымдарынан тәлім алып, қоғамдық қызметте тәжірибе жинақтаған азаматтар қалыптастырады. Балалар қозғалысы педагогиканың зерттеу объектісі ғана емес, басқа ғалымдармен де тығыз байланысты: — тарих ғылымдары: балалар қозғалысы қоғамдық дамудың бөлігі ретінде қарастырылады; — әлеуметтану ғылымдары: балалар қозғалысы тұлғаны әлеуметтендеруші категория есебінде зерттеледі; — саяси ғылымдар: балалар қозғалысы идеология құралы ретінде қарастырылады; — психология ғылымдары: балалар қозғалысының баланың психологиялық дамуына әсері зерделенеді; — философия ғылымдары: балалар қозғалысын «дүниетаным» категориясын қалыптастырудағы ролі сарапталады. Балалар қозғалысын зерттеушілердің Халықаралық ассоциациясы балалар қозғалысының гуманитарлық ғылым салаларымен (педагогика, психология, әлеуметтану, саясаттану, құқықтану, философия, тарих, мәдениеттану) тығыз байланысын ескере отырып, балалар қозғалысын зерттейтін педагогика ғылымының жаңа саласы – социокинетиканы ғылыми айналымға енгізуді ұсынды. Социокинетика – балалар ұйымдары мен бірлестіктерінің сипатын, қызмет нәтижесін, түсініктерін, мәнін ашатын себептерін, болмысын, қозғаушы күшін, қызмет моделі мен алгоритмін ұсынатын балалар қозғалысын белгілі кеңістікте, белгілі уақыт кезеңінде зерттеудің нәтижесі [3]. Жаңа ғылым саласының зерттеу объектісі – мемлекет пен қоғам жүйесіндегі балалар қозғалысын: балалар әлемі мен ересектер әлемін байланыстырушы әлеуметтік ерекше құбылыс ретінде; баланың азаматтық құқықтары мен бостандығын жүзеге асыру механизмін қалыптастырған балалардың қоғамдық өмірге қатысуының ерекше формасы ретінде; тұлғаның әлеуметтенуіне бағыт-бағдар көрсететін әлеуметтік тәрбие институты ретінде зерттеу. Балалар қозғалысының негізгі құрылым бірлігі, басты құраушысы – балалар ұйымы. Теорияда қолданылатын «балалар қоғамдық бірлестігі» мен «балалар ұйымы» ұғымдарының мағынасы барабар, екі ұғымның беретіні – бір ғана түсінік. Сондықтан да зерртеу барысында ғылыми айналымда еркін қолданылатын, қарапайым ортада да кең қолданыс тапқан «балалар ұйымы» ұғымын қолдануға басымдық берілді. Балалар қоғамдық бірлестігі (балалар ұйымы) – қоғамдық қызметті бірлесе атқаруға жұмылған мектеп жасындағы оқушылар мен ересек азаматтардың мүдделі тобы. Балалар ұйымы түсінігіне отандық және шетелдік ғалымдар әр түрлі анықтама береді. Олардың ішінде «балалар ұйымы» ұғымының мағынасын кеңінен ашатын, өзекті анықтамалар мынадай: 287 «Балалар ұйымы – нақты әлеуметтік идеяны (мақсатты) жүзеге асыру үшін құрылатын, өзін-өзі басқару нысанындағы өз қызметін реттейтін нормалары мен ережелері бар, ол ережелерді Жарғы арқылы бекіткен, арнаулы құрылымын айқындаған, тұрақты мүшелері бар балалар қоғамдық бірлестігі (Е. В. Титова) [2]. Балалар ұйымы – өз қызметі ұйымдасқан, өскелең ұрпақ бойында тұлғалық қасиет, көзқарастар, қоршаған әлеммен қарым-қатынас, өзара байланыспен әрекеттесу жүйесін қалыптастыру мақсатын көздеген, өз мақсатын балалар мен ересектердің бірлескен қатынас жүйесі, арнаулы құрылым, қаржылық механизм, Жарғы, ерекше айырым белгілері (символ, дәстүрлер, атрибуттар және т.б.) арқылы жүзеге асыратын жеке дара ұйым (М. Р. Мирошкина)» [2]. Балалар ұйымдарын құрудың ең басты құқықтық негізі – 1989 жылы 20 қарашада Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған «Бала құқықтары туралы» Конвенция. Конвенцияның 15-бабына сәйкес, «Қатысушы мемлекеттер баланың қауымдастыққа, бостандық және бейбіт жиналыстарға бостандық құқығын таниды» [4]. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «ҚР-дағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы №345 Заңының 3-тарауының 1-бабы балалар ұйымдарының құрылуына жол ашады: «Әрбiр баланың сөз бостандығына және өз пiкiрiн айтуға, ар-ождан бостандығына, өзiнiң қоғамдық белсендiлiгiн дамытуға, жасына сәйкес ақпарат алуға және оны таратуға, қоғамдық бiрлестiктерге, сондай-ақ басқа да коммерциялық емес ұйымдардың нысандарына және Қазақстан Республикасының заңдарымен рұқсат етiлген бейбiт жиналыстарға өз еркiмен қатысуға құқығы бар» [4]. Бұл құжаттардан өзге Бала құқығының Женева декларациясында (1924), БҰҰ Бас ассамблеясы қабылданған Бала құқығы декларациясында (1959) жалпы адамзаттық құндылықтар мен балалар субмәдениеті феноменін сақтау идеялары көрініс тапты. Жоғарыда аталған Заңда көрсетілгендей және 1996 жылы 31 мамырда қабылданған № 3-1 ҚР «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңының 2-бабына сәйкес, балалар ұйымы коммерциялық емес қоғамдық бірлестік болып табылады. Балалар қоғамдық бірлестігін құру мынадай механизм бойынша жүзеге асады. Ең алдымен, мүдделі адамдар тобы құрылтай жиналысын өткізіп, балалар қоғамдық бірлестігінің Жарғысын қабылдайды, екі ай мерзім өткеннен соң ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметіне өтініш жазады. Өтінішке қоса балалар қоғамдық ұйымы құрылтай жиналысының хаттамасын, Жарғысын, бастама көтерген құрылтайшы адамдар жайлы құжаттарды, қоғамдық бірлестіктің орналасқан жерін растайтын құжатты, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу төлемін өткізеді. Балалар қоғамдық бірлестігін тіркеу 3 кезеңде жүргізіледі: 1) ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметінде есепке тұру; 2) Статистикалық карта алу; 3) Салық органдарында тіркеуден өту. Балалар қоғамдық бірлестігін тіркеу жайлы өтініш 10 күн мерзім ішінде қаралып, өтініш беруші заң талаптарын бұзса, құрылтай құжаттары заңнамаға сәйкес келмесе, құрылтайшылардың салық немесе басқа бюджеттік органдарда қарыздары болған жағдайда кері қайтарылады. Құқық тұрғысынан «балалар» мен «жастар» категориясын, «балалар ұйымы», «балалар мен жасөспірімдер ұйымы», «жастар ұйымы» анықтамасын айқындауда мынадай қарама-қайшылық туындайды: балалар ұйымына кіруші мүшелердің жас мөлшері 7 мен 17 жас аралығында, оларды арнаулы әлеуметтік категорияға жатқызу арнайы заңмен белгіленбеген, ал 2004 жылғы 7 шілдедегі № 581-ІІ «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының 1-бабының 1-тармағына жүгінетін болсақ, 14- тен жастан асқан азаматтар (29 жасқа дейін) «жастар» категориясына жатқызылады [5]. Балалар бірлестіктері негізінен екі формада құрылады: қоғамдық ұйым және қоғамдық қозғалыс. Құқық тұрғысынан олардың айырмашылықтары мынада: қоғамдық 288 ұйым мүшелік принципіне, яғни міндетті түрде ұйым мүшелерінің болуы; ал қоғамдық қозғалыс жалпыға міндетті қатысу принципіне (қатысу үшін мүше болу міндетті емес) негізделеді. Балалар қозғалысын зерттеуші Б. В. Куприяновтың пікірінше, балалар қоғамдық бірлестігі қызметінің негізгі 4 бағыты бар: — балалар бағыты (ұйым мүшелері – балалар, сәйкесінше, қызметтің негізіне балалардың дүниетанымы алынған); — әлеуметтік-педагогикалық бағыт (мұнда қоғамның балаларға қатысты ұстанымы, ұрпақтар сабақтастығы жүзеге асады); — қоғамдық бағыт (қоғамдық ұйымдар қоғамдағы мәселелерді шешу үшін үкіметтік емес, коммерциялық емес болып құрылады); — ұйымдасқан бағыт (ұйымның тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған арнаулы құрылымы мен корпоративті мәдениеті қалыптасқан жүйе) [6]. Балалар ұйымдары төмендегі белгілер бойынша ажыратылады: 1) территориялық орналасуы бойынша (республикалық, аймақтық, аудандық/ қалалық); 2) жас айырмашылығы бойынша (балалар, балалар мен жасөспірімдер, жастар); 3) қызмет бағыты бойынша (скауттар, экологиялық қозғалыс, пионерлік ұйымдар, әскери-патриоттық ұйымдар, т. б.). Қазіргі кезде балалар ұйымдарының кең тараған екі типі бар: біріншісі – мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлігі ретінде құрылған ұйымдар; екіншісі – ересектер мен балалар бірігіп құрған қоғамдық негіздегі ұйымдар (балалар қоғамдық бірлестігі). Балалар ұйымының қызмет ету қағидалары: әлеуметтендіру: баланың әлеуметтік тәжірибені игеруінің ашықтығы мен үзіліссіздігі, балалар ұйымын әлеуметтік тәжірибе орталығы ретінде қабылдауы, әлеуметтік ортада өз орнын табуы; гуманизация: баланың ұйымды құндылық ретінде қабылдауы; демократизация: баланың ұйымдағы құқықтары мен жауапкершіліктерінің жүзеге асу кепілдігі, мемлекет пен қоғамда балалар ұйымының құқықтары мен міндеттерінің жүзеге асуы; индивидуализация: баланың тұлға екендігін ескеру және дамыту, ұйымның өзіндік бейнесін қалыптастыру; қарым-қатынас: балалар ұйымындағы, ұйымның мемлекеттік және қоғамдық құрылымдармен субъектілік – субъектаралық қарым-қатынасы; гармонизация: тұлға, ұйым мен қоғам арасындағы мүдделер сәйкестігі; интеграция: ұйымның барлық мүшелерінің шығармашылық потенциалдарының біріге қолданылуы. Балалар ұйымына тән белгілер. Балалар ұйымына тән ең алғашқы белгі – балалардың ұйымға кіру процесі. Балалар ұйымға өз еркімен, ешқандай мәжбүрлеусіз кіруі тиіс. Мұндай принцип балалардың балалар ұйымының жұмысына қызығушылықтарын арттырады. Әсіресе, қажеттіліктер негізінде туындаған (қарым- қатынасқа, өзіне деген сенімге, достарының арасында беделге ие болуға деген, белгілі бір істі үйренуге деген, ақпараттық қажеттіліктер, т. б.) себептер маңызды рөл атқарады. В. И. Ланцберг, М. Б. Кордонский бойынша қоғамға өз пайдасын тигізуді, жастар қоғамын реформалауды мақсат еткен ұмтылыстардың да орны ерекше [7]. Екінші белгі – балалар ұйымының мақсаты. Балалар ұйымының мақсатын: біріншіден, балалар алдына қойған міндет ретінде, екіншіден, балалар ұйымын құрған ересектер қауымының тәрбиелік мақсаты ретінде екі аспектіде қарастыруымызға болады. Балалар ұйымының тәрбиелік мақсаты балаларды төмендегі рухани құндылықтарға бағыттаушы болып табылады: 289 — ерікті түрдегі біріккен қызметтің, өз қауымдастығының ұйымдасуына («Мен және менің қызметім»); — өзін қоршаған әлемін, өз ортасын өзгертуге, қайта құруға («Мен және менің әлемім»); — өз құндылықтарын қалыптастыруға («Мен және менің құндылықтарым»). Осы арқылы балалар ұйымының тәрбие функцияларын айқындай аламыз: құндылықтық (аксиологиялық) – баланың өз пікір, көзқарастарының, өзін-өзі жетілдіруінің маңызы, өз құндылықтарын, ұйым қызметін тиімді ұйымдастыруды, креативті ойлауды қалыптастыруы, әлеуметтік топ мен ұйымда өз орнын табуы, әр баланың ұйым мүшесі ретіндегі орнының маңыздылығы; бағытталған – баланың өзінің жан-жақты жетілуі мен қоғамға жаңашылдық енгізудегі әрекетін саралауы, өзінің ұйымдастырушылық деңгейін бағалауы, өз көшбасшылығы туралы ой қорытуы; операциялық – жауапкершілікті сезіну, екі жақты тиімді әріптестікті үйренуі, өзінің көшбасшылық қасиеттерін жетілдіруі, ұйымды басқаруға қатысуы. Үшінші белгі – топтық қызмет арқылы іскерлік және тұлғааралық қарым- қатынасты, балалар ұйымының корпоративті мәдениетін қалыптастыру. Бұл жағдайдағы корпоративті мәдениет дегеніміз: — әлеуметтік коммуникативтік желі, құндылықтар мен нормалар жүйесі; — балалар субмәдениеті мен көшбасшылар мен тәрбиешілер жетілдірген топтық мәдениет. Төртінші белгі балалар қозғалысындағы тәрбиелеуші субъектілердің ерекшеліктеріне байланысты: бір жағынан, субъект ретінде бастауыш балалар ұйымы қарастырылса, екіншіден, ересек адам – балалар қозғалысына қатысушы ретінде тәрбие беруші болып табылады. Балалар ұйымының өзіндік бір ерекшелігі мынада: ересек адамдар да балалар ұйымына мүше болып, әдетте, ұйымға жетекшілік етеді. Көп жағдайда ересек адамның – ұйым жетекшісінің қызметі төмендегі құрамдас бөліктерден құралады: — қоғамдық қызмет (қоғам өміріне жаңашылдықпен қарап, өзгерістер енгізуге бағытталған); — педагогикалық қызмет (балалар ұйымының қатысушыларын – балаларды тәрбиелеуге бағытталған); — саяси қызмет (өз аймағындағы саяси процестерге, саяси өмірге араласу); — ұйымдастырушылық-техникалық қызмет (балалар ұйымын қолдау мен дамытуға бағытталған). Ересектердің қатысуынсыз және жетекшілік етуінсіз балалар ұйымының қызмет атқаруы мүмкін емес. Ересектердің балалар ұйымына педагогикалық қатысуының тиімді жолын мына формула айқындайды: балалар ұйымының жұмысына педагогикалық жағынан басшылық ету (балалармен екі жақты сұхбат ұйымдастыра отырып, өзекті мәселелерді бірігіп шешу). Ересектердің балалар ұйымдарындағы әрекеттерін коучингке бағыттауы мына білдіреді: — балаларға іскерлік және жеке мақсаттарда жетістікке жетудің тиімді жолдарын үйрету бағытында кеңестер беру; — әр түрлі салаларда жетістікке жетудің тиімді жолдарын үйрету технологиясын қолдану; — ересектердің сарапшылық қызметтен бас тартуы; — ересектердің міндеті – балалардың өзіндік шешім қабылдауына мүмкіндік беру және жағдай жасау. Балалар ұйымының қызметін ұйымдастыру барысында балалар ұйымының жұмысын тиімді жүргізу үшін халықаралық тәжірибеде дәлелдеген ең тиімді әдіс – вариативті-бағдарламалық әдіс. Вариативті-бағдарламалық әдіс – балаларға қызмет аясын, араласу ортасын, бірлестік, ұйым, балалар тобын таңдауға мүмкіндік беру арқылы 290 тұлғаның әлеуметтенуіне жағдай жасау. Бұл әдіс бойынша, мазмұны жағынан бір-біріне ұқсамайтын балалар үшін қызықты қызмет түрлерінен құралған бағдарламалар кешенінің болуы өте тиімді. Бағдарламалар кешеніндегі сан алуан бағдарламалар балалардың жас ерекшеліктері мен қызығушылықтарын ескере отырып әзірленеді.Балалар ұйымының қызметін вариативті-бағдарламалық әдіс бойынша ұйымдастыру балалар мен жасөспірімдердің қызығушылығына жауап беріп қана қоймай, қоршаған әлемнің экономикалық, әлеуметтік, саяси, азаматтардың адамдық бейнесінің өзгерістерін де ескереді. Балалар бірлестіктерді қызығушылықтары бойынша таңдауға, бір ұйымнан екінші ұйымға ауысуға, өз қалауына сәйкес кез келген бағдарламаны (бағдарламаларды) жүзеге асыруға, ол бағдарламаларды қызығушылықтары өзгерген жағдайда ауыстыруға, бағдарламаның қарқынын мен мерзімін жоспарлауға мүмкіндік алады. Жоғарыда аталғандарды жүзеге асыру балалар ұйымы секілді ерекше әлеуметтік институттың ерекшеліктерінің нәтижесінде мүмкін болды: көп жағдайдағы балалар ұйымдарының мемлекеттік әлеуметтік институттардан тәуелсіздігі балаларды олардың әлеуметтік қатынастарын қалыптастыруға ықпал етеді; балалардың әлеуметтік қатынастарға еркін қатысуы олардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескере отырып, тұлғаның жеке қасиеттеріне сүйеніп, әлеуметтенуге мүмкіндік береді; балалар ұйымдарындағы әлеуметтік тәжірибені балалардың таңдау мүмкіндігі арқылы игеруі ересектердің балалардың қатысуын, қызметін бағалау нәтижесін ескеру арқылы жүзеге асады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет