6В06101-Цифрлық аналитикалық білім беру жүйесін жобалау 104-топ Аманбай Рамила Әлімжанқызы


Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында 1916 жылғы көтерілісті бағалауға жаңаша көзқарас



бет4/5
Дата24.02.2022
өлшемі29,2 Kb.
#133197
түріСеминар
1   2   3   4   5
Байланысты:
104-топ Аманбай Рамила
104-топ Аманбай Рамила
4.Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында 1916 жылғы көтерілісті бағалауға жаңаша көзқарас
Тарихшылар Қазақстанда 1916 жылы болған ұлт-азаттық көтерілісті түсіну үшін оны сол кезде Орталық Азияда болған бас көтерулермен біріктіре зерттеу қажет деп біледі.

Қазақстандық тарихшы профессор Мәмбет Қойгелді елде 1916 жылы болған көтеріліс тарихы тар ауқымда қарастырылып келгенін айтады. Оның пікірінше, Ресей патшасы Екінші Николайдың Орталық Азия мен Сібірдегі «бұратана халықтардан» 400 мың адамды майданның тыл жұмыстарына алу жайлы «Реквизициялау туралы» жарлығына қарсы шыққан көтерілісті бір ел ауқымында бағалау жөн емес.




  • Методологиялық-теориялық тұрғыдан қарағанда тар арнада қарау қате болып шықты. Кең арнада, тіпті Орталық Азия кеңістігінде ғана емес, әлемдік контексте, тарихи үрдістер ішінде қарау қажет. Себебі бұл мезгілде Орталық Азияда ояну үрдісі жүріп жатты, – деді Мәмбет Қойгелді Астанада өткен, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференцияда.

ДІНГЕ ҚЫСЫМ МЕН ТЫЛҒА ШАҚЫРУ»

Қазақстандық тарихшының пікірімен қырғызстандық тарихшы Толобек Абдырахманов та келіседі. Ғалым оған қоса Орталық Азиядағы 1916 жылғы көтеріліс себептерін түгендегенде діни фактор да көп айтылмай келеді деп біледі.




  • Жергілікті халықтың көтеріліс жасауына жанама түрткі ретінде діни жағдай әсер еткен. Мәселен, сол кездері тек Қырғызстанда 200-дей ауылда шіркеулер жұмыс істеп тұрды. Шіркеу салуға ешқандай шектеу болмады. Ал мешіт салу үшін отаршыл генерал-губернатордың арнайы рұқсаты керекболған, – дейді қырғыз ғалымы.

Толобек Абдырахманов патшалық Ресей билігінің дінге қысымы Қырғызстанда 1916 жылғы жарлыққа қарсы көтерілісті қоздырған себептің бірі деген пікір айтады.




  • Осындай шетін жағдайда патшаның тылға адам алу жарлығы жетті. Ол дәлораза кезі еді. Молдалар «оразаны ешкімнің бұзуға хақы жоқ» деп жастарды қарсылыққа алып шықты, – дейді тарихшы.Татар ғалымы, Қазандағы Маржани атындағы тарих институтының жаңа тарих кафедра меңгерушісі Ильдус Загидуллин Орталық Азияның кей елдерінде 1916 жылғы көтеріліс кезінде дін мәселесі де маңызды болғанын айтады.

– Осман империясы Ресей, Англия, Франция мұсылмандарына өз мемлекеттері мен билігіне қарсы жиһадқа шығуға пәтуа шығарды. Ресей билігі дереу әскери бөлімдерде діни көңіл-күйді қадағалауды қолға алып, молдаларды идеологиялық қызметкер ретінде пайданаланды. Себебі армияда мұсылман офицер өте аз еді, – дейді ол.
—Ильдус Загидуллин Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Орталық Азиядағы халықтарды тыл еңбегіне шақырып жатқан кезде татарлар мен башқұрттар патша боданы ретінде соғыста жүргенін айтады.
– Бастапқыда майдан даласында молдалар жетпегендіктен қаза болған мұсылмандарды христиандық діни жоралғы бойынша жерлеген. Бұл жауынгерлердің көңіл-күйіне теріс әсер етті, – дейді ол.
—Ал қазақстандық ғалымдар елдегі 1916 жылғы көтеріліске діннің қандай қатысы болғаны анықталмағанын айтады.
– 1916 жылғы көтерілістегі дін мәселесі Қазақстанда әлі зерттелмеген, – дейді түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет