7-8 дәріс тақырыбы



бет11/29
Дата14.12.2021
өлшемі310,57 Kb.
#100670
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29
Байланысты:
ПШ лекция 7-15

Дәрістің тезистері:
Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірінін болу мүмкін емес.
Кез келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым-қатынасқа түсуді қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің анасымен «тілдесу» қажетін қанағаттандырмау- біртіндеп оның қасаң сезімді, мейірімсіз болып өсуіне кішкентайынан айналасына әкеліп соқтыратыны байқалып жүр. Cөйтіп, басқалармен қарым-қатынасқа түсу қай жастағыларға болмасын оған киім-кешек, баспана, ұйқы, демалу қандай қажет болса, айналадағы жұртпен араласып, дұрыс қарым-қатынас жасай білу де сондай қажет. Мәселен, адамды қамап басқалармен араластырмай ұстау жазаның ең ауыр түрі екендігіне шүбә келтіруге болмайды. Өзгелермен қарым-қатынас жасау, бұл тіршілікке аса маңызды ақпарат алмасу деген сөз. Адам қарым-қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады, еңбек пен тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгереді. Әрине, қарым-қатынас ақпарат алумен шектелмейді, оның шеңбері аса кең, бұл көп қырлы ұғым. Біздің бәріміз де бір-бірімізбен қарым-қатынас жасаймыз. Қарым-қатынас дегеніміз тіл арқылы пікір алысу. Адамның ең жарқын ерекшеліктерінің бірі – оның сөйлеу қабілеттілігі. Сөз - адам психикасының өмір сүруінің аса маңызды факторы. Қарым-қатынассыз қоғам ыдырап кетеді. Қарым-қатынас жасау мүмкіндігінен айырылған адам ойдағыдай дами алмайды. Қарым-қатынас адам іс-әрекетінің таным және еңбекпен қатар жеке адамды қалыптастыратын аса маңызды түрі болып табылады. Лингвистер тілді қарым-қатынас құралы, қоғам жасаған білімдерді таратушы ретінде зерттеп келеді.
Коммуникацияның түрлі формаларын зерттеу, адамның қарым-қатынас жайлы білімімізді кеңейтті. Сөйлеу құралымен қатар адам қарым-қатынасының сөзден тыс жолдары: келбет, ым, мимика, серіктестердің бір-біріне қатысты жағдайы, бейнелеу кең зерттеле бастады.
Адамның сыртқы түрі саналы өзгереді және белгілі дәрежеде адам өзі оны өзгертеді. Адам келбеті физиономиялық маскадан, киімнен, жүріс-тұрыс кейпінен құралады. Физиономиялық маска адамның басым ойынан, сезімінен, қарым-қатынасынан тұрады. Физиономиялық маскалардан ызғарды, жайдарлылықты, өр көкіректікті, мейірбандықты және басқаларды аңғаруға болады.
Педагогикалық қарым-қатынас өте күрделі процесс. Тәрбие әдістері педагогикалық қарым-қатынас арқылы іске асады. Оған көптеген адамдардың қатынасы балаға ықпалы жатады. Ұстаздық қызмет ұстаздық қызметті ұйымдастыру, балаларды ұжымда тәрбиелеу, балалардың өзара қатынасын ұйымдастыру, балалардың өзара қатынасы бала тәрбиесіндегі қолданатын әдіс, тәсілдері, құралдары болып табылады. Мұның бәрі педагогикалық қатынас арқылы іске асады, ұстаз баланы соған тәрбиелейді.
Шындығында, педагогикалық қатынас ұстаздың шәкіртке қатынасты дұрыс жүргізу үшін ынта керек. Ынта дегеніміз - белгілі-бір іске адамның ықыласпен кірісіп, оны нәтижелі орындауы, алдына қойған мақсатты жете түсінуі. Ұстаздың ынтасы оқу-тәрбие процесінде дамиды.
Ұстаздық педагогикалық қатынасты жүргізу үшін бейімділік керек, яғни мұғалімдік мамандыққа бейімділік, балалармен қарым-қатынас жасау, олармен ойнау, жұмыс істеу процесінде білінеді.
Педагогикалық қатынасқа ұстаздың қабілеті де керек. Белгілі іске бейімділік және адамның қабілетіне байланысты. Ал жеке адамның белгілі іс әрекетінің нәтижесін танытатын психикалық қасиетті қабілет дейді.
Сонымен, педагогикалық қатынас жасау ұстаздың балаға сүйіспеншілігі, қызметіне ынтасы, бейімділігі, қабілеті, ұстаздық нышаны, дарындылығы болу керек.
Күнделікті өмірде адам тек қана ұжыммен емес жеке адаммен де қарым-қатынаста болады. Үлкен болсын, кіші болсын, ұстаз бен шәкірт, шәкірт пен шәкірт т.б. өзара қарым-қатынаста болады. Олар айтысады, тартысады, пікірлеседі, ой бөліседі. Соның арқасынды өмірден мол тәжірибе жинақтайды, тәрбие әдістерін, тәсілдерін қолданады. Қазіргі қатынас кешегі кеңес дәуіріндегі қатынастан бөлек. Ол - ашық бүкпесіз қатынас. Жеке қарым-қатынастан ұжымдық қарым-қатынасқа көшеді. Қарап тұрсақ, ұжымның өзі көптеген жеке топтардан 2-3 адамдардан тұрады. Бұл әрбір жеке адамның жас дүниесін, рухын байытады, сауатын ашады. Ұжым-әрбір жеке адам үшін тәрбие мектебі.
Ұжымдағы көңіл-күймен қоғамдық пікір эмоциялық күш-қуатпен өзара қатынастың деңгейін ондағы қалыптасқан әлеуметтік-психологиялық климатпен айқындалады. «Психологиялық климат», «Әлеуметтік психологиялық климат», немесе «Микроклимат» ұғымдары ғылыми емес, астарлы, ауыспалы ұғымдар. Әлеуметтік-психологиялық климат ұжым мүшелерінің бірлескен іс-әрекетпен өзара қатынас процесінің сипатын танытатын ұжымның сезімдік-психологиялық жағдайларының жүйесін білдіреді. Әлеуметтік-психологиялық климатты осылай түсіне отырып, оның мынадай негізгі қызметтерін атауға болады. Педагогикалық ұжымның әлеуметтік-психологиялық климатының топтастырушылық қызметі ұжым мүшелерінің оқу-тәрбие міндеттерін шешуге ұжымдық күш-жігерді топтастыруын, бірігуін іске асырады. Ынталандырушылық қызметі педагогикалық әрекеттің қолдануына қажетті ұжымның «эмоциалдық күш-қуатын» қалыптастыруға байланысты. Тұрақтандырушылық қызметі ұжымішілік тұрақтылығын қамтамасыз етіп, ұжымға жаңа мүшелердің енуіне қажетті алғышарт жасайды. Реттеушілік қызмет өзара қатынас нормаларын нығайтуда, ұжым мүшелерінің тәртібіне баға беруде көрінеді.
Психологияда қолайлы әлеуметтік-психологиялық климаттың басты көрсеткіштерін айқындау бағытында зерттеулер жүргізілуде. Бір жағдайларда көрсеткіш ерекшеліктері ретінде тұлға аралық, адамгершілік, сезімдік, құқықтық өзара қатынастар қарастырылса, ендігі бір жағдайларда ұжымдық әрекет тиімділігінің барынша жалпы сипаттамасына аса мән беріледі. Ондай сипаттамалаға мыналар жатады:


  1. Ұжым мүшелерінің ұжымда болғанына, ондағы еңбек процесі мен нәтижесінің қанағаттануы;




  1. Ресми және бейресми жетекшілердің беделін мойындауы;




  1. Ұжымдағы жарқын, көтерінкі көңіл-күй;




  1. Ұжым мүшелерінің басқаруға және ұжымның өзін-өзі басқаруға қатысуының жоғары деңгейі;




  1. Ұжым мүшелерінің топтасушылығы мен ұйымшылдығы;




  1. Сапалы тәртіп;




  1. Еңбектің өнімділігі;




  1. Кадрлардың тұрақтылығы.

Қолайлы әлеуметтік-психологиялық климаттың бұл белгілерін педагогикалық ұжымға баға беруде қолданылуға болады.


Әлеуметтік-психологиялық климат қалыптасқан жағдайда ол ұжым мүшелеріне жағымды немесе жағымсыз ықпал жасайды. Өзара ақыл, ынтымақтастық қатынас біріккен ұжымда тәжірибелі немесе жас мұғалім бірлескен қуаныш табады. Ал немқұрайдылық, селқостық немесе қысым үстемдік еткен жағдайда ұжым мүшесі ұнжырғасы түсіп, қағажау көреді. Бұл жағдай оның кәсіптік қызметінің төмендеуіне, дау-жанжалдың пайда болуына, тіпті басқа ұжымға ауысуына апарып соғады.
Кең көлемдегі кәсіптік педагогикалық міндеттерін атқара жүріп мұғалім өзін және еңбегін жұртшылықтың бағалауын қажетсінеді. Педагогтар әсіресе беделді адамдар тарапынан берілген бағаны түсінуге бейім. Жағымды баға педагогты ынталандырады. Жағымсыз баға өзінің қызметін, кәсіптік позициясын, өзгелермен қарым-қатынасын қайта қарауға негіз болады. Сондықтан педагогикалық ұжымдағы қатынас өзара сыйластық, принципті, талапшылдық әрі тілеулестік сипатта болуды талап етеді.
Әлеуметтік-психологиялық климаттың тұлғаға ықпал жасауының механизмі еліктеуден - өзге адамдардың сезімін, ойларын тікелей қолдану, пайдаланудан тұрады. Педагогикалық қызмет барысында кейбір мұғалімдер өзара әріптестерінің эмоциялық жағдайын түсінуге және оған төзуге қабілетті болса, екіншілер оның психологиялық жағдайына талдау жасап, өз сенімі, ықыласымен

сәйкес келетін, келмейтіндігін салыстыруға бейім. Ұзақ уақыт бірлесе қызмет жасау, мүдде ортақтығы жағымды еліктеу процесін едәуір жеделдетеді. Өз әріптесінің сезімдік-психологиялық көңіл-күйін танып, оны түсіне алған педагог қалыптасқан жағдайда шығудың оңтайлы шешімін өз басынан іздестіреді.


Өзара әрекеттестіктен екінші жағы жеке тұлғаның ұжымдағы климатқа ықпалынан тұрады. Обал, сауапты білетін, принципті, іске жауапкершілікпен қарайтын, тәртіпті, көпшіл, қайырымды, әдепті педагогтар ұжымда жағымды климат қалыптастыруға елеулі ықпал жасай алады. Ал керісінше, тоғышар, әдепсіз, тәртібі тиянақсыз, ұжым мүшесі жағымсыз климат орнықтыруға ықпал жасайды.
Ұжымның жалпы климаты оның мүшелерінің интеллектуалдық, сезімдік және мінездерінің жігерлілік белгілеріне тәуелді болып келеді. Жекелеген педагогтардың танымдық белсенділігі, өнер тапқыштығы ұжымды инновациялық қызметті дамытып, жаңа технологияларды іздестіруге ұмтылады. Жігерлі педагог-жетекші өзгелерді соңынан ерте алады. Егер ұжым мүшелерінің ақыл-ойы, сезімі, ерік-жігері педагогикалық қызметке жұмылдырса, онда табысқа жету қиын емес.
Жағымды психологиялық климат қалыптастыруға кедергі жасайтын факторлардың қатарына ұжымдағы келіспеушілікті немесе «Климаттық ауытқуды» атауға болады.

Конфликт” сөзі латын тілінен аударғанда “Conflkt’s” – қақтығысу мағынасын білдіреді.


Шетелдік педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде конфликт деп құндылық үшін күрес және белгілі бір статус, ресурстар үшін таласу барысында қарсыласты бейтараптандыру, зиян келтіру деп көрсетіледі. (Л. Козер).
Психологиялық тұрғыда конфликт дегеніміз әр түрлі адамдар арасындағы қақтығыс, ортақ қажеттіліктердің, ойлар мен сезімдердің болмауы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет