7-8 дәріс тақырыбы


Студенттер танымдық дербестігінің компоненттері



бет28/29
Дата14.12.2021
өлшемі310,57 Kb.
#100670
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
ПШ лекция 7-15

Студенттер танымдық дербестігінің компоненттері Авторлар танымдық дербестіктің басқа да әр түрлі

компоненттерін атап көрсетеді. Біздің ойымызша, танымдық дербестіктің мотивациялық, мазмұнды-операциялық және еріктік компоненттерін бөліп қарастыру орынды болып табылады.



Мотивациялық компонент танымдық қажеттілік пен оны өз күшімен қанағаттандырудың маңыздылығы арасындағы қарама-қайшылықты түсіну негізінде пайда болатын әрекетке шақырумен сипатталады. Мотивациялық компонент борыш пен қызығушылық себептерінен тұрады.
Танымдық қажеттілік – белгілі бір заңдылықтардан тұратын ерекше қажеттілік, оның негізгілері мыналар:

  1. қанағаттанбаушылық, яғни таным қорытындысына толықтай қанағаттану мүмкіндігінің болмауы;

  2. қозғалыстық, яғни таным нәтижесінде емес, негізінен қозғалысқа бейімделу;




  1. игі әсерлермен тығыз байланыс, яғни қуаныш, қызығушылық әсерлерімен байланыстың сақталуы.

Студент үшін танымдық қажеттіліктің жоғары деңгейі танымдық қызметтің мақсаттылығы болып табылады.
Мектеп бітірушілердің бір тобының өз қалауларымен педа­ гогикалық жоғары оқу орындарының студенттері болмайтын­­ дығы, көп ретте ата-анасының тілегімен, әр түрлі жағдайларға байланысты, тіпті достарымен бірге болу үшін баратыны белгілі. Бұл олардың дәл сол кезеңде болашақ мамандығына деген тиісті қызығушылықтарының болмағандығын көрсетеді. Сондықтан студенттерге таңдаған мамандығына деген қызығушылық туғызу және тәрбиелеу өзекті проблема болып табылады.
Таңдаған мамандығына деген қызығушылықты дамытудың басты құралдарының бірі, теориялық және кәсіби бағыт беру. Студенттердің танымдық қызығушылығы артатындығын, қабылдауы тереңдеп және тұрақтап, назары жетіле түсетінін, абстрактылы ойлауға қабілеті артып, өмірге көзқарасы қалыптасатынын атап айтуға болады. Сабақ түрін таңдауда студенттердің танымдық мүмкіндігін ескеру керек. Танымдық қызығушылықты қалыптастыруға өз бетімен жұмысты әдеттегіден де кең қолдану мүмкіндік береді.
Кәсіби еңбекке ерте баулу кәсіби танымдық мотивацияның дамуына ерекше әсер етеді, ал бұл өз кезегінде студенттердің оқу барысында интеллектуалдық және ерік шарттарының жоғары деңгейін анықтайды.
Мұндай себеп табысты оқуға ғана емес, тұлғаның кәсіби дайындығының жоғары болуына да мүмкіндік береді. Оқу-тәрбие процесінің кәсіби бағытын жүзеге асыру төменгі курстардан бастап студенттер алдында кездесетін мамандыққа үйретуді тездетуге деген тілек пен фундаменталды ғылымдарды шыдамды үйрену қажеттілігі арасындағы қарама-қайшылықты шешу үшін керек. Студенттердің танымдық қызғушылығын дамытуға жоғары оқу орындарындағы лекциялар курсы мен практикалық сабақтар тақырыптарының мектеп пәндеріне сәйкес келмейтіндігі де әсер етеді. (Г. П. Медведев, В. Т. Фоменко).
Оқу және оқыту себептері проблемасын, оның ішінде оқушылардың оқу себептерін психология мен педагогика ғалымдары терең зерттеген (Ю. К. Бабанский, Л. И. Божович, П. Я. Гальперин, В. В. Давыдов, А. Н. Леонтьев, А. К. Маркова, С. Л. Рубинштейн, Г. И. Щукина, П. М. Якобсон, Е. Б. Ястребова және т.б.). Ғалымдардың көпшілігі себепті зерттеудің негізгі екі тобын атап көрсетеді: оқу-танымдық қызметтің шеңберінен тыс түрі және танымдық түрі. Соңғы зерттеулер А. К. Маркованың жетекшілігімен жүргізілген оқу қызметінің себебін зерттеу нәтижесінде жүйеленген. Оның негізінде А. Н. Леонтьев қызметінің теориясы жатыр, мұнда себеп (мотив) қызмет құрылымының ішкі сипаттамасы ретінде қарастырылады.
Оқу белсенділігінің оқу қызметінің әр түрлі мазмұны мен әр түрлі компонентіне бағытталуы негізінде танымдық себептің (мотивтің) деңгейлері даярланды:


  1. Жаңа білімді игеруге бағытталған оқу себебі (мотиві);




  1. Білімді игеру тәсілдерін меңгеруге арналған бағытымен ерекшеленетін оқу-танымдық себеп (мотив);

  2. Білімді игеру тәсілдерін тұрақты жетілдіруге бағытталған өз бетімен білім алу себебі (мотиві);

Е. Б. Ястребова өз зерттеуінде танымдық себепті (мотивті) осылай жіктеудің негізінде оқу қызметіне деген бағыт жатыр деп атап көрсетуге және оны жоғарыда көрсетілген деңгейлер негізінде жіктеу көп жағдайда студенттің оқу-танымдық қызметінің ерекшелігін көрсетеді дейді. Осының нәтижесінде студенттің танымдық даралығы дами түседі. Жоғары деңгей (өз бетімен білім алу себебі (мотиві)) тек өз бетімен білім алуға тұрақты талпынысты ынталандыратын жоғары оқу орындары жағдайында қалыптасуы мүмкін.
Сөйтіп білімді игеруге және оны меңгеруге талпыныс ретінде түсіндірілетін себепті компонентте А. Әбілқасымова негізгі танымдық себептердің төмендегі түрлерін атап көрсетеді:

  1. Білім алу себебі;




  1. Білімді игеру және оны меңгеру тәсілдерінің себебі;




  1. Өз бетімен білім алу себебі.

Әлеуметтік себепті басқа топқа жатқызады (кең әлеуметтік және тұлғалық себеп, әлеуметтік ынтамақтастық себебі). А. К. Маркованың пікірінше, ол оның басқа адамдармен қарым-қатынасқа бағытталуы. П. М. Якобсон мұндай себепті теріс (жағымсыз) деп атайды. Көптеген ғалымдар бұл терминмен келіспейді, себебі, мұндай мотивация студенттің оқуға деген ынтасын белгілі бір уақыт арасында ынталандыруы мүмкін, сөйтсе де мұндай тұрақты мотивация жоғары оқу орындарында жиі кездеспейді: себептің бұл тобын А. Е. Әбілқасымова жағдайлық деп атайды.

Танымдық себептің жетекші ролін ескере отырып, мотивациялық компонент құрылымының негізгі көрсеткіші соңғысының бағыттылығы деуге болады, осыған сәйкес төмендегідей деңгей­ лерді атап айтуға болады:


  1. танымдық себеп білімді игерудің артықтығымен көрінеді;




  1. танымдық себеп білімді игеру мен оны меңгеру тәсілдеріне бағытталады;

  2. танымдық себеп білімді игеру мен оны меңгеру тәсілдеріне бағытталады және оларды жетілдіреді; мұнда әсіресе, соңғысының жетекші рөлі ерекше болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет