тұрғындардың денсаулық сақтау деңгейін ұлттық қауіпсіздікті қорғау мәртебесіне дейін көтеру;
азаматтардың денсаулығын қорғау құқығына мемлекет тарапынан кепілдік беру;
Қазақстан азаматтарына әлеуметтік қаржылық жағдайларына қарамастан тиісті медициналық көмек көрсету;
тұрғындарды санитарлық–эпидемиологиялық көмекпен қамтылуын қамтамасыз ету;
азаматтардың денсаулығын сақтау ісі бүкіл өмірі бойы мемлекеттің бақылауында болады;
азаматтарға медициналық көмек көрсетуде әлеуметтік теңдікті және әділдікті сақтау.
ҚР 2003 жылы 4 маусымдағы №430-II «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» заң жарияланды. Осы заңда:
Денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және азаматтардың денсаулық сақтауға арналған конституциялық құқықтарын іске асырады және олардың сақталу кепілдігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР денсаулық сақтау жүйесі қызметінің құқықтық, ұйымдық, әлеуметтік негіздерін белгілейді деп көрсетілген.