7 класс. №1 жұмыс. Өлшеуіш цилиндр (мензурка)бөліктерінің құнын анықтау. Дененің көлемін өлшеу



бет36/37
Дата16.10.2023
өлшемі3,72 Mb.
#185652
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
зертханалық жинақ дайын

4 - зертханалық жұмыс.
Зарядталған бөлшектердің ізін зерттеп үйрену.
Жұмыста Вильсон камерасымен алынған магнит өрісіндегі протонның ізі мен соған ұқсас зарядталған бөлшектердің ізін салыстыру керек.
Құрал – жабдықтар , қажетті өлшеулер , өлшеу әдістері. Жұмыс зарядталған бөлшектер үшін 4 – суретте берілген фотосуретпен жүргізіледі. I із протондікі , II із ұқсастыру үшін беріледі. Магнит өрісінің индукциясы фотосурет жазықтығына перпендикуляр. Екі бөлшектің бастапқы жылдамдықтары бірдей және фотосурет шеттеріне перпендикуляр. Белгісіз бөлшекті ұқсастыру оның меншікті зарядын q\ m протонның меншікті зарядымен салыстыру жолымен жүргізіледі. Оны былай орындайды: бөлшектердің ізін бастапқы бөлігіндегі радиустарын өлшеп салыстырады. Шынында магнит өрісіндегі бөлшек үшін Ньютонның екінші заңы былай жазылады: qʋB=m , осыдан  = .
Осы формулалардан зарядталған бөлшектердің меншікті заряды олардың іздерінің радиустарының кері қатынасына тең екені көрініп тұр.
Бөлшек ізінің қисықтық радиусын анықтау үшін 4 – суреттегі фотосуреттің бетіне мөлдір қағазды салады да , екі хорданың орталарынан перпендикуляр жүргізеді ( 5 – сурет ). Перпендикулярдың қиылысында шеңбердің центрі жатады. Оның радиусы сызғышпен өлшенеді.


Жұмысты орындауға дайындық.

  1. Өлшеудің және есептеудің нәтижесін жазу үшін кесте дайындалады.

  2. Фотосуреттен калькаға бөлшектердің ізі түсіріледі.

Эксперимент жүргізу , өлшеулер нәтижесін өңдеу.

  1. Калькаға көшірілген бөлшек іздерінің бастапқы бөліктеріндегі қисықтың радиустарын өлшеңдер.

  2. Калькаға түсірілген белгісіз бөлшек пен протонның меншікті зарядтарын салыстырыңдар. Өлшеу нәтижелері бойынша қандай бөлшек екенін анықтаңдар.

Бақылау сұрақтары:

  1. Бөлшектер ізінің фотосуреттегі ізіне қатысты магнит индукциясы векторы қалай бағытталған?

  2. Бір бөлшек ізінің әр түрлі бөліктердегі қисықтың радиусы неліктен әр түрлі ?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет