№7 сақтау бірлігінде Қарсақбай әскери комиссариатының 1939 жылғы Қарсақбай ауданы бойынша шақырылғандардың есебі, мобилизациялық сызбасы, Қарсақбай ауданының қолмен сызылған сызба картасы



Дата22.05.2020
өлшемі23.11 Kb.

№ 2 тізімдемеге 1931-1941 жыдар аралығындағы әскери қызметкерлердің тізімі мен жұмысшы күшінің брондауы туралы өлкелік комиссияның қаулылары, кезекті әскерге шақырылуға дайындық жұмыстарының барысы туралы облыстық атқару комитетінің хаталмасулары, облыстық әскери комиссариатының директивалық нұсқаулықтары, облыстық әскери комиссариатының жұмылдыру мәселелері жөніндегі нұсқаулықтары, 1940 жылғы Орта-Азиялық Әскери округінің директивалық нұсқаулықтары, жеке құрам бойынша облыстық әскери комиссариатынан хат алмасулары, автокөлік, жылқы және ыдыс жеткізу туралы кәсіпорындармен хаталмасулар , қатардағы және кіші басшы құрамының есепке алу ведомостары, КСРО Қорғаныс Халық Комиссариаты мен Орта Азия әскери округі , штабының құпия бұйрықтары, Жезқазған облыстық әскери комиссариатының жұмылдыру дайындығы жөніндегі басшылық нұсқаулықтары жинақталған.

№1 сақтау бірлігінде Қарсақбай кентінде жұмыс атқарып жатқан әскери билеттері жоқ азаматтардың тізімі, сондай-ақ КСРО ХҚҚ-нің әскери құпияларды баспада қорғау және Бас әдебиет саласының басшысының 1938 жылғы 10 қазандағы №799/21 бұйрығы бойынша кітапханалар мен сауда орындарында баспаға шығарылуға және оқуға тиым салынған авторлар мен кітаптардың тізімдері берілген.

№7 сақтау бірлігінде Қарсақбай әскери комиссариатының 1939 жылғы Қарсақбай ауданы бойынша шақырылғандардың есебі, мобилизациялық сызбасы, Қарсақбай ауданының қолмен сызылған сызба картасы.

№24 сақтау бірлігінде 1940-1941 жылғы Қарсақбай аудандық және Қарағанды облыстық атқару комитетінің отырыс хаттамаларының әртүрлі мәселелерге байланысты құжаттары жинақталған.

№32 істе 1941 жылғы әскери училищеге, әскери-теңіз училищелеріне (М.В.Фрунзе әскери-теңіз училищесі, Қаратеңіз жоғары әскери-теңіз училищесі, Тынықмұхит Жоғары әскери-теңіздік училище, Каспий Жоғары әскери-теңіз училищесі) оқуға түсетін кандидаттарды іріктеу туралы ақпараттар, КСРО-ның Қызыл Әскер қатарына шақырылып, әскери қызметтен бас тартқан Бекқожа Құстутировтың атына КСРО-Әскери Трибуналының шығарылған үкімі, бұйрығы бар.

№35 сақтау бірлігінде запастағы және кіші құрамды әскери даярлау және қайта даярлау туралы облыстық әскери комиссариаттың өкімдері, нұсқаулары, оның ішінде әскери қызмет кезіндегі солдаттардың режимдік және сабақ кестесі, әскери училищеге кандидаттарды әскери даярлау бойынша оқу сағаттарының есебі және тақырыптар тізбесінің үлгісі жинақталған.

№39 сақтау бірлігінде Автокөлік, трактор, тауарлардың тасымалдануы, жылқы және арба есебі бойынша құжаттары, Қарсақбай Мыс зауыты автобазасының 1941 жылғы автокөліктердің тізімі, автокөлік, мотоцикл, прицептердің жағдайы мен саны бойынша ведомостері.

№46 сақтау бірлігінде Жезқазған аудандық әскери комиссариатының әскери міндеттерін атқарушыларының тізімінде Королев Семен Игнатьевич, Колбасов Николай Илларионович, Улаев Илья Семенович бар. Колбасов Николай Илларионович- Жезқазғандық, Кеңес Одағынығ Батыры.

№48 сақтау бірлігінде Қарағанды облысының әскери комиссариатының полковнигі Танчаровқа Жезқазған аудандық әскери комиссариатының капитаны Мироненконың баяндама хаты сақталған. Ол хатта Жезқазған ауданының 1941 жылғы әскери мобилизация жұмыстары, автокөліктердің техникалық жағдайы, жылқылардың және ат арбалардың жағдайы мен саны, әскери қызметкерлердің есебінің саны көрсетілген.

Жоғарыда келтірілген қор құжаттарының сақталу жағдайы қанағаттанарлық. 1927-1935 жылдар аралығындағы құжаттар латын және араб графикасында.



Қорыта айтқанда, Қарсақбай аудандық атқару комитетінің әскери комиссариаты туралы қор құжаттары зерттеушілер, студенттер, оқушылар, жалпы көпшілік үшін аса пайдалы дерек көзі болады деп есептейміз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет