7-сынып. «Жануарларды жіктеу»



бет3/30
Дата15.03.2022
өлшемі211 Kb.
#135710
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
7-synyp-zhanuarlardy-zhkteu

7-сынып. «Тамыраяқтылар »


1.Амеба төсемікте қалай қозғалып жүреді ?
А) бұлшықеттер көмегімен ; В) талшықтармен ; С) кірпікшелермен; Д) жалған аяқтарымен
2.Қарапайымдар жасушасының көпжасушалы жануарлар жасушасынан айырмашылығы не ?
А) мөлдір микроскоп арқылы көрінеді ; В) тіршілік әрекетінің барлық үдерістерін өздігінен орындайтын ағза ; С) фагоцитоз және пиницитоз ; Д) бөлініп көбейе алады;
3.Жануарлардың өсімдіктерден айырмашылығы неде ?
А) жасушалық құрылысында ; В) көбею жолында ; С) фотосинтездей алуында ; Д) ұлпалардың құрамында ;
4.Амебаның жиырылғыш вакуольі қандай қызмет атқарады ?
А) асқорыту ; В) тынысалу ; С) ағзадағы су мен тұзды реттеу ; Д) бөлінуге қатысу;
5.Қарапайымдылардың циста түзуінің қандай маңызы бар ?
А) орта жағдайының кенеттен өзгеруіне орай әрекет ету ; В) қорғану ; С) көбею; Д) тасалану
6.Қарапайымдылар жаратылымының деңгейі :
А) жасушаға дейінгі ; В) жасушалық ; С) ұлпалақ ; Д) көпжасушалық
7.Қарапайымдардың ядросыздардан айырмашылығы :
А) ядросының болмауы ; В) ядросының болуы ; С) талшықтарының болуы
Д) пластидтерінің болуы ;
8. Сатқақ амебасының кәдімгі амебадан айырмашылығы неде ?
А) теңіз суқоймаларында тіршілік етеді ; В) ағын суларда мекендейді ; С) адамның ішегінде паразиттік етеді ; Д) топырақта тіршілік етеді ;
9. Сатқақ амеба адамның ішегінде қалай тап болады ?
А) қан арқылы ,қан сорғыш жәндіктер шаққан кезде ; В) лас су және тағамы бар цистаны жұтқан кезде ; С) тыныс алу жолы арқылы ; Д) тері арқылы ;
10.Амебада зиянды сұйық заттар қайда жинақталады :
А) цитоплазмада ; В) асқорыту вакуолінде ; С) жиырылғыш вакуолде ; Д) қылаулатқышта;
11.Кәдімгі амеба қай типтің өкілі болып саналады :
А) соркадиналар немесе тамыраяқтылар ; В) талшықтылар ; С) инфузориялар
Д) споралылар ;
12. Шоғырлы қарапайымдарға жатады :
А) амеба ; В) инфузория ; С) лямблия ; Д) домаланғы ;
13. Бақалшақты тамыр сияқтылар қайда мекендейді ?
А) теңіз бен мұхитта ; В) адамның тоқ ішегінде ; С) өзен мен көл ; Д) тұщысу қоймада
14. теңіз тамыраяқтыларының маңызы :
А) кәсіптік ; В) паразиттік ; С) азықтық тізбектің маңызды буыны ; Д) құрылыс материалы ретінде пайдаланылатын әктас түзеді ;
15.Кәдімгі амебаның жалғанаяқтарының саны :
А) 2 В) 4 С) тұрақсыз Д) 5 Е) 3
16.Қантышқақ амебасының кәдімгі амебадан айырмашылығы :
А) теңіздерде тіршілік етеді В) адамның ішегінде паразиттік тіршілік етеді С) топырақта тіршілік етеді Д) ағысы қатты суда тіршілік етеді Е) өсімдіктерді паразиттік тіршілік етеді .
17. Амебалар класының атауы:
A) сәулелілер B) кірпікшелілер C) плазмалылар (жалғанаяқтылар)
D) споралылар E) талшықтылар
18. Ішектің қабырғасындағы сілемей қабықшаны бүлдіріп, жара қылады
A) Лямблия B) Құртамыш C) Кәдімгі амеба D) Лейшмания E) Қантышқақ амеба



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет